«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Фронталь зертханалық жұмыстар және бақылауларда



бет14/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Фронталь зертханалық жұмыстар және бақылауларда сыныптың барлық оқушылары жұмысты бір тақырыпқа орындайды және бірдей жабдықтармен пайдаланады. 7-8 сынып оқушыларына физика бағдарламасы бойынша көзделген зертханалық жұмыстар осындай тәсілмен өткізілуге есептелген. Ол бүкіл сабақ бойынша есептелген, ұзартылған және 5-10 минутқа есептелген қысқа уақытты болуы мүмкін. Мысалы, ареометрмен сұйық тығыздығын анықтау, динамометрмен күшті өлшеу т.б.
Сабақта шамалы ғана уақыт ала отырып, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін мұндай жұмыстар физиканы оқытудың тиімділігін арттырады. Мұнда мұғалім ауызша кеңес береді және жұмыстың кейбір қиын жерлерін көрсетеді, тақтаға қажетті сурет, сұлба болса салады, алынған нәтижелерді талдауды ұйымдастырады.
Екінші мақсаты – оқушыларда күрделірек практикалық сипаттағы ебдейліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Мұндай жұмыстарға бірнеше шамаларды тура өлшеу негізінде басқа физикалық шамаларды жанама әдістермен анықтау жатады. Мысалы, тарту күші қалыпты қысым күші арқылы үйкеліс коэффициентін анықтау, ток күші мен кернеу арқылы өткізгіш кедергісі мен электр тоғының тұтынушы қуатын есептеу.
Сондықтан, күрделі жұмыстарды орындау оқушылардан теориялық білімдерін қолдануды талап етеді. Оларды орындау барысында, мынадай дидактикалық мәселелер де шешіледі: білімді (ұғымдарды, заңдарды) нақтылау, оларды практикада қолдана білу ебдейліктерін қалыптастыру, алғашқы (қарапайым) ебдейліктер мен дағдыларды бекіту (мысалы, құралдармен жұмыс істей алу, құралдар көрсетулерін есептей алу, электр тізбегін жинай алу т.с.с.).
Әр оқушы жеке-жеке орындайтын фронталь зертханалық жұмыстардан басқа міндетті түрде жұптасып орындайтын зертханалық жұмыстар, әр сыныпта бағдарлама бойынша өткізіледі. Бағдарламада зертханалық жұмыстардың тізімі тақырыптың соңында көрсетілген, бірақ бұл міндетті түрде тақырыпты оқып үйренгеннен кейін жасау керек деген сөз емес. Қандай да бір жұмыстың өткізу мерзімі, оның оқу үдерісіндегі, осы зертханалық жұмыстың алдына қойған мақсатымен анықталады.
Зертханалық жұмыстардың мазмұнын оқушылар тез түсініп және оларды сапалы орындау үшін, олар осы жұмысқа қатысты теориялық материалды жақсы білуі қажет. Сондықтан, мұғалім керек материалдарды қайталауды алдын-ала жоспарлауы тиіс. Өтілген материалдарды пысықтау үшін қажетті нұсқаулар мен сұрақтарды оқушыларға дер кезінде айтып немесе жаздыртып беру керек. Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар алдын-ала мұқият дайындалады.
Зертханалық жұмыстарды өткізу сабағын оның мақсаты мен мазмұнына байланысты әр түрлі ұйымдастыруға болады. Оның кең тараған тізбегі мынандай: кіріспе, әңгіме, тәжірибені оқушылардың жасауы және өлшеу нәтижелерін дәптерлеріне (көбінесе кесте түрінде) жазуы, істелген жұмыстың қорытындысын шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет