«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Оқушылардың зертханалық жұмыстары



бет13/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
3. Оқушылардың зертханалық жұмыстары

Физиканы оқыту үдерісіне зертханалық жұмыстарды енгізу теория мен практиканы байланыстырушы ретінде қарастырылады. Оларды орындау оқушылардың эксперименттік және практикалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, оқушылардың танымдық қабілеттерін, әрі белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Алайда кез келген зертханалық сабақты ұйымдастыруда бұл мақсаттар орындала бермейді. Егер оқушылар мұғалімнің толық, нақты түсіндіруінен кейін, тек көрсетілген іс-қимылдарды қайталайтын болса, оларда қарапайым ебдейліктер мен дағдылар қалыптасады. Мысалы, оқушылар электр шамынан өтетін ток күшін есептейтін электр сызбасын мұғалім демонстрациялық үстелде көрсетіп бергендей жинайды. Зертханалық жұмыстың осы тәрізді орындалуында олар біршама икемдіктер мен дағдылар алады, бірақ жалпылама сипаттағы ебдейліктер қалыптаспайды және өздері әрекет етуге үйренбейді. Жұмыстың мұндай өткізілуі олардың білімділік және тәрибелік мәнін төмендетеді.


Мұғалім зертханалық жұмысты өткізу әдістемесін мұқият талқылап, оқушыларға оны өз бетінше және ықыласпен орындауға мүмкіндік беруі керек, тек сонда ғана ол оқушылардың таным қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғыза алады.
Оқушылардың берілген нұсқаумен өз бетінше, дұрыс жұмыс істей алуы, құралдардың төлқұжаты бойынша оның қалыпты жұмыс тәртібін анықтай алуы, өзінің жұмыс орнын дұрыс пайдалануы, оқу тапсырмасы бойынша жұмысты ыңғайлы жоспарлауы, қойылған мәселені тиімді жолмен шешуі, орындалған тәжірибелердің нәтижелерін дұрыс жазуы және оны түсіндіруі, қорытындылауы – жұмыс дұрыс ұйымдастырылғанда мүмкін болады.
Зертханалық жұмыстарға әр түрлі мақсаттар қойылады.
Бірінші мақсаты – практикалық сипаттағы қарапайым икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру, мысалы:
а) құралдардың көрсетілуін дұрыс жазу;
ә) өлшеу құралдарын пайдалана білу (таразы, динамометр, термометр);
б) тізбекке электрөлшеуіш құралдарды дұрыс қосу (амперметр, вольтметр, ваттметр);
в) электр тізбектерін жинастыру;
г) энергия көздерін дұрыс пайдалану;
д) қарапайым құралдарды жинастыру (электр қоңырауы, электромагниттік реле және т.б.). Осы мақсатта орындалатын тәжірибелер фронталь зертханалық жұмыстар немесе бақылаулар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет