«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы



бет11/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
1. Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы

Мектептегі физика курсындағы эксперимент – бұл физика ғылымына тән, ғылыми зерттеу әдісінің көрінісі. Физикалық экспериментті негізге алып, құбылыстарды оқып үйрену – оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруін, мектеп оқушыларының пәнді оқып-үйренуде қызығушылығын арттыруға және өлшеу икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге себін тигізеді.


Мектептегі оқу экспериментін көріп және жасау кезінде оқушылар ғылыми зерттеу әдісі туралы түсінік алады.
Оқу эксперименті деп арнаулы құрал-жабдықтардың көмегімен сабақта физикалық құбылысты немесе заңдылықты қайтадан көз алдына әкелу. Сондықтан да, ол бір мезгілде білім берудің көзі, әрі оқыту әдісі және көрнекілік болып табылады.
Сабақта тәжірибелерді демонстрациялау, олардың кейбіреулерін кино және теледидар, комрьютер арқылы көрсету, оқушылардың зертханалық жұмыстар жасауы, мектептегі эксперименттік оқыту әдісінің негізі болып табылады.
Мектепте дұрыс ұйымдастырылған физика экспериментінің тәрбиелік мәні зор, ол оқушыларды алдына қойған мақсатқа жетуге, жұмыста ұқыптылыққа, қарастырып отырған құбылысты бақылауға және одан қорытынды шығаруға, оның негізгі белгілерін бөліп ала білуге және т.б. үйретеді.
Оқушыларға терең де нақты білім беру үшін, оларда практикалық ебдейліктер мен дағдыларды қалыптастыру кезінде әртүрлі оқу экспериментін қолданып, ауыстырып отыру қажет.
Қазіргі кезде мектепте физикалық эксперименттің жүйесі қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін, оқу эксперименті белгілі жағдайларға байланысты бөлуге болады::

  • оқу бағдарламасындағы оқыту мазмұнына байланысты (мұнда оқушылар игеретін дағды мен икемділіктер де бар);

  • сабақтың түріне – барлық оқушылармен бір мезгілде өтуіне;

  • мектептегі физика кабинетінің жабдықталу тәуелділігіне қарай жүйелеп топқа бөлуге болады. Сондықтан да, физикалық экспериментті мұғалім мен оқушылардың іс-қимылдарына, мақсатына байланысты классификациялауға болады. Осыған байланысты қазіргі кезде оқу экспериментін төрт топқа бөлуге болады (1-сұлба).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет