«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет19/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.
4 – ДӘРІС
Тақырыбы: ФИЗИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІНШЕ
ІСТЕЛЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ


Мақсаты: Физикадан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарының түрлерімен таныстырып, оларды ұйымдастыру әдістемесін беру.
Жоспары: 1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрі.
2. Физикадан оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесін құрудың
дидактикалық принциптері және оған жетекшілік ету.
3. Физикадан оқу әдебиетімен өзіндік жұмыс жасау.
4. Жоғары сынып оқушыларына өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың
ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:
1.Оқушылардың үлестірімділік материалдармен өзіндік жұмысының түрлері
2.Физикадағы жеке берілетін оқу тапсырмаларының түрлері
3. Физикадан оқу әдебиетімен өзіндік жұмыс жасау жолдары.


  1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрі



Оқушылардың өзіндік жұмысы деп – біз арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын түсінеміз. өзіндік жұмыс мұғалімнің ұсынған тапсырмаларының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, нәтижелерінің талдауына байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.
Физиканы оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстардың әр түрін қолдану арқылы оқушылар өздері білім, ебдейлік және дағдыны қалыптастырады. Оқу барысында қолданылатын өзіндік жұмыстардың барлығын нышандарына байланысты жіктеуге болады:
- дидактикалық мақсаты бойынша;
- оқушылардың оқу әрекеттері бойынша;
- оқушылардың шығармашылық элементтері бойынша;
- жұмысты өздігінен орындай алу дәрежесі бойынша және т.б.
Өзіндік жұмыстардың барлық түрлерін дидактикалық мақсаты бойынша бес топқа бөлеміз:

  1. Жаңа білімді меңгеру және өз бетінше білім алу ебдейлігін қалыптастыру;

  2. Алған білімдерін тереңдету және нақтылау;

  3. Жаттығу және практикалық есептерді шығару кезінде алған білімді қолдана алу ебдейлігін қалыптастыру;

  4. Практикалық сипаттағы ебдейлік пен дағдыны қалыптастыру;

  5. Күрделенген жағдайларға білімді қолдану ебдейлігін және шығармашылық қабілетін дамыту.

Бір дидактикалық мәселені шешу әр түрлі жолмен іске асады, сондықтан әрбір топта өзіндік жұмыстардың бірнеше түрлері кездеседі. Өзіндік жұмыстардың бұл түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені әр түрлі дидактикалық мәселелерді шешуде бір ғана жұмыс қолданылмауы мүмкін. Мысалы; эксперименттік және практикалық жұмыстар арқылы тек іскерлік пен дағды қалыптаспайды, сонымен қатар жаңа ұғымдар меңгеріледі және алған білімдерін қолдану ебдейлігі қалыптасады.
Физиканы оқыту барысында өзіндік жұмыстардың 30-дан астам түрін ұйымдастыруға болатыны 4-кестеден көрініп тұр. Алайда практикада олардың барлығы қолданыла бермейді. Көбінесе сабақтарда есептер шығарылады, бақылаулар мен тәжірибелер орындалады. Сонымен қатар, сирек жағдайларда жаңа материалды меңгеруде оқулықпен өзіндік жұмыс істеу, жасау және үлгілеу бойынша жұмыстар және тәжірибелерді жобалау қолданылады. Ал зерттелетін нысаналарды жіктеу бойынша тапсырмалар өте сирек беріледі.
Ә және Б топтарындағы жұмыстардың бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескеру керек, себебі білімді практикада қолдану ебдейлік пен дағдыларды игеру арқылы іске асады. Мұны мынандай мысалда оңай көрсетуіге болады: физикалық есептерді шығару білімді нақтылау мен тереңдету, оны бекіту және практикада қолдану ебдегейлігін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Бір тұтас үдерістің бұл үш жағын бөліп қарастыру мүмкін емес. Оларды тек теория жүзінде ғана бөлуге, абстракциялауға болады. Бұл сонымен қатар, бақылау және эксперимент сияқты жұмыс түрлеріне де тән. Оларды орындау барысында оқушылар өздерінде бар білімді нақтылайды, жаңа білім алады және алдында алынған практикалық сипаттағы ебдейліктерін дамытады (мысалы, өлшеу ебдейліктері, әр түрлі құралдармен жұмыс жасау икемдіктері). өз кезегінде, кейбір практикалық жұмыстар көмегімен жаңа білімдер қосып алуға (мысалы, физикалық шамаларды өлшеудің жаңа әдістері туралы), алған білімдерін бекітуге, сондай-ақ бұрын алған білімдерін мұғалім берген танымдық есептерді шешуге қолдануға болады.
Шығармашылық сипаттағы (В тобы) жұмыстарды да жеке топқа бөлу шартты түрде болып табылады, шығармашылық элементі басқа топтағы жұмыстарға жатқызылуы мүмкін.
Бұл көзқарас бойынша алғанда 3-кестеде көрсетілгендей өзіндік жұмыстарды төрт топқа бөлу шартты түрде. Соның өзінде де ол бізге қажет болып табылады, себебі әр түрлі дидактикалық мәселелерді шешу тұрғысынан қарағанда өзіндік жұмыстардың жүйесін нақты бағалауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет