«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет22/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Біріншіден, 10-11 сыныптарда 7-9 сыныптарда қолданылған жұмыс түрлерімен қатар өзіндік жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылады. Мысалы, баяндама және реферат тезистерін жазу, мәтіннен үзінді жазуды орындау, белгілі бір сұраққа әр түрлі көзқарастарды салыстыра отырып талдауды жүзеге асыру үшін бірнеше әдебиет көздерімен жұмыс істеу; курс бөлімдері мен әр түрлі тақырыптарды немесе түрлі курстарды оқу барысында алған білімдерін жалпылауға, жүйелеуге берілетін тапсырмаларды орындау (мысалы, зат және өріс туралы, физика, химия, биологияны оқытуда алған білімдерін қолданып жалпылау және жүйелеу; физика және математика сабақтарында қалыптасатын «шамалардың функционалдық тәуелділік» түсінігінің жалпылануы.
10-11 сыныптағы физика курсында теорияның ролі күшейеді, осыған орай оқушыларды теориялық ойлау қабілеттерінің дамуына және ебдейліктерінің қалыптасуына көп көңіл аударылады. Жалпы теориядан дедуктивтік әдістің көмегімен ойша пайымдаудан теория салдарының қорытындысы тұжырымдалады.
Екіншіден, оқушылар жаңа білім алу үрдісінде пайдаланатын оқыту әдістері мен тәсілдері тиімді, әрі орынды болуы тиіс, яғни ең аз уақытты шығындап көзделген мақсатқа (қажетті ақпарат көлемін игеруге, минимум білім және дағдыны меңгеріп алуға) жетуге алып келеді. Мұндай талаптарды, икемдіктерді жүзеге асыратын оқытудың жалпылау және жүйелеу әдісі.
Үшіншіден, жоғарыда көрсетілген мәселелер жоғарғы сыныпта қолданылатын оқыту сабақтарының түрлеріне ықпалын тигізеді. Жалпы білім алуда, өз бетімен білім алу және оны практикада қолдану ебдейліктерін қалыптастыру, тұжырымдау және алған білімін жалпылап жүйеге келтіру, қорытынды жасаудан соң жоғарғы сыныптағыларға семинар, физикалық практикум, жалпылау дәрістерді мен факультативтік курстар сияқты оқыту сабақтарының түрлерін қолдану қажет. Бұлар бір жағынан оқушыларда бар өзіндік жұмыс ебдейліктері мен дағдыларына зор талап қояды, екінші жағынан осы ебдейліктер мен дағдылардың дамуына мүмкіндік туғызады.

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет