«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Оқушылардың тәжірибені жасай білу ебдейліктерін қалыптастыру және оның белгілері мен деңгейлері



бет18/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Оқушылардың тәжірибені жасай білу ебдейліктерін қалыптастыру және оның белгілері мен деңгейлері.



1. Физика пәнінен өлшеу ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың жаратылыстану-математика циклындағы пәндерді оқу кезінде қажетті ебдейліктердің бірі өлшеу дағдысын меңгеруі болып табылады. Бір нәрсені өлшей білу қазіргі қоғамда әрбір адамға қажет, себебі ол тек өндіріс жағдайында емес, күнделікті өмірде де кездеседі. Мектепте өлшеу дағдысын меңгеру, бақылау мен тәжірибелер жасау барысында қалыптасады, олардың негізінде оқушыларда жаңа ұғымдар қалыптасып және жаңа заңдар тағайындалады. Оқушының жаңа білімді игеруі және оны қолданудағы жетістіктері, оларда өлшеу ебдейлігінің қандай дәрежеде қалыптасуына байланысты болады. Сондықтан да, оқушыларда ебдейліктің осы түрін қалыптастыруда физика пәнін оқыту барысында көп көңіл бөлуді қажет етеді.
Қазіргі бағдарламалар бойынша оқушылар алғашқы өлшеу ебдейліктерін 3-4 сыныптардағы математика сабақтарында алады. Ол кезде оқушылар денелердің сызықты өлшемдерін өлшеп үйренеді, жазық фигуралардың аудандарын, көлемдерін есептейді. 4 сыныпта табиғат тану сабақтарында олар температураны өлшейді, 6 сыныпта география сабақтарында жергілікті жерлерге өлшеулер жүргізеді, 7 сыныпта физика сабақтарында дененің массасы мен салмағын, дененің тығыздығын, күшті т.с.с. өлшеумен танысады. Бірақ кейде 7 және 8 сыныпта оқушыларға өлшеулер кезінде, өлшеу құралының шкаласының бөлік құны, өлшеу дәлдігі, өлшеу ережелері туралы түсініктер берілмейді. Нәтижесінде өлшеу жұмыстарын өткізуге көп уақыт жұмсалып, олардың орындалу сапасы төмен болады.
Өлшеу ебдейліктері мен дағдыларының көптеген оқу пәндерін оқуда қажеттілігін ескере отырып, оқушыларды өмірге дайындау үшін, оларда өлшеу туралы жалпы түсінікті және жалпыланған өлшеу ебдейліктерін қалыптастыру керек.
Өлшеу ебдейлігін қалыптастырудың келесі элементтерін бөліп көрсетуге болады:
1) өлшенетін шаманың анықтамасы;
2) өлшенетін нысананы таңдау;
3) мүмкін болатын тәжірибелер ішінен берілген жағдайға сәйкес өлшеу әдісін (тура немесе жанама) анықтау (немесе таңдау);
4) қажетті өлшеу құралдарын таңдау және орналастыру;
5) өлшеулерді орындау;
6) өлшеу нәтижелерін жазу;
7) өлшеу нәтижелерін талдау.
Егер шаманы өлшеу жанама жолмен жүргізілсе, онда нәтиже есептеуден кейін анықталады.
Оқушылар жалпыланған ебдейліктерді қалыптастыру үшін, оларға өлшеу әрекетінің құрылымын түсіндіру және бұл әрекет бойынша іс-қимылды жеке орындауға мүмкіндік беретін ебдейліктерді қалыптастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет