«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Үйде орындайтын эксперименттік жұмыстар



бет17/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Үйде орындайтын эксперименттік жұмыстар – үй тапсырмасының ерекше түрі болып табылады, оларды орындауда оқушылар үй- тұрмысындағы нәрселерді қарапайым қолдан жасалған приборларды қолданады, бақылаулар және тәжірибелер жасайды.
Үйде орындайтын эксперименттік жұмыстар оқушыларға оқып үйренілген физикалық заңдардың қоршаған өмірдегі көрінісін көре білуде септігі тиеді, сөйтіп теориялық түрде оқып-үйренгендерін практикада пайдаланады.
Физиканы оқыту үдерісі барысында зертханалық жұмыстардың түрлерін үйлесімді қолданған дұрыс. Оқушылардың зерттеу элементтері бар зертханалық жұмыстарды элементар ебдейліктері қалыптасқаннан кейін ғана орындай алатындығын ескеру керек. Мұндай ебдейліктер бірінші және екінші түрдегі зертханалық жұмыстарды орындауда қалыптасады. Сондықтан, мұғалім олардың өткізілуіне көп көңіл бөледі. Тек мұнымен шектелмей, оқу үдерісіне зерттеу сипатындағы зертханалық жұмыстарды енгізіп, оларды көбінесе оқушылардың өздері орындауын қадағалайды.Оқушылар орындайтын әрбір жұмыс олардың алған білімдерін тереңдетуге, нақтылауға және практикада қолдана білуге негізделеді. Оған қоса әрбір жұмысты орындағанда оқушылар жаңа бір нәрсені білуге ұмтылуы тиіс: шамаларды өлшеудің тиімді әдісін қолдану; олардың басқа шамалармен жаңа тәуелділігін орнату; бір шаманы өлшеуді келесі бір өлшеуге ауыстыру ебдейлігін жүзеге асыру және тағы басқалар.
Басқаша сөзбен айтқанда, оқушылар жұмысты орындағанда бұрынғы өздері білетін тәсілдерді қолдану арқылы, ертеректе меңгерген әдістерін жетілдіреді. Оқушылардың іс-әрекетіндегі жүйелі түрде жүргізілетін мұндай жұмыстар, олардың ойлауы мен шығармашылық қабілеттілігін дамытуға көмектеседі. Жұмыс барысында оқушылардың тапсырманы өз бетімен орындауы және белсенді түрде атқаруы – оның мақсаты мен міндеттерін толық түсінуінің алғы шарты болып табылады. Егер оқушы не істеу керектігін анық білетін болса, онда тапсырманы орындау жолдарын табандылықпен іздейді.
Қанағаттанарлықсыз орындалған жұмыстардың көп бөлігі оқушылардың жұмыс мақсатын толық түсінбеуі нәтижесінен болады. Мұнан шығатыны, мұғалім әрбір жұмыстың тапсырмасын нақты түсіндіріп, ол түсіндірмелер тақтаға жазылғаны немесе оқушылар қолданатын жұмысты орындау тәртібі жазылған карталарда берілгені дұрыс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет