«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Физикадан оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесін құрудың дидактикалық принциптері және оған жетекшілік ету



бет20/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
2. Физикадан оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесін құрудың дидактикалық принциптері және оған жетекшілік ету

Физика сабағында да әр түрлі өзіндік жұмыстар көмегімен оқушылар білім, ебдейлік және дағдыны қалыптастырады. Бұл жұмыстар дұрыс ұйымдастырылғанда, яғни жүйелі түрде болғанда жақсы нәтижеге жеткізеді.


Өзіндік жұмыстар жүйесі деп біз ең алдымен өзара байланысқан, бір-бірімен логикалық бірлікте болатын және ортақ мәселелерге бағытталған жұмыстардың түрлерін түсінеміз.
Кез келген жүйе белгілі бір талаптарды және принциптерді қанағаттандыруы керек. Керісінше болған жағдайда бұл жүйе емес, фактілер, нысаналар, заттар мен құбылыстардың кездейсоқ жиынтығы болар еді.
Өзіндік жұмыстар жүйесін құру кезінде қойылатын негізгі дидактикалық талаптар мыналар:
1) Өзіндік жұмыстардың жүйесі негізгі дидактикалық мәселелерді шешуге, яғни оқушылардың терең және берік білім алуына, танымдық қабілеттерін дамытуға, олардың өз бетінше білім алып, оны тереңдету және практикада қолдана білу ебдейліктерін қалыптастыруға бағытталуы керек.
2) Жүйе дидактиканың негізгі принциптерін, ең алдымен қажеттілік және жүйелілік принципін, теорияның практикамен байланыстылығы және жоғарғы ғылыми деңгейде оқыту принципін қанағаттандыруы тиіс.
3) Жүйеге кіретін жұмыстар оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыратындай оқыту мақсаты мен мазмұны жағынан әр түрлі болуы қажет.
4) Сыныпта және үйде жүргізілетін өзіндік жұмыстардың орындалу реті, бір жұмыстың орындалуы алдыңғылардың логикалық салдары және келесілерін орындауға негіз болуы керек. Бұл жағдайда жеке жұмыстардың арасында тек «жақын» ғана емес, сонымен қатар «алыс» байланыстар қамтамасыз етіледі. Бұл мәселені шешу тек мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне ғана емес, сонымен бірге оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудағы әрбір жеке жұмыстың орны мен маңызын түсіне білуіне де байланысты.
Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі және арнайы зерттеулер көрсеткендей өзіндік жұмыстар оқыту үрдісінің құрамды бөлігі болса және оған әрбір сабақта арнайы уақыт бөлініп, олар жоспарлы және жүйелі түрде өткізілсе нәтижелі болады. Тек осындай жағдайда ғана оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарды орындауға берік ебдейліктері мен дағдылары қалыптасады.
Өзіндік жұмыстардың түрлерін таңдауда, олардың мазмұны мен көлемін анықтауда, бүкіл оқыту үрдісіндегідей дидактиканың негізгі принциптеріне сүйенген жөн. Бұл жұмыста қажеттілік және жүйелік принципі, теорияның практикамен байланыстылық принципі, қиындықтың біртіндеп өсу принципі, сонымен қатар оқушыларға ерекше мән бере қарау принциптері маңызды мәнге ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет