«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет28/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.


7 – ДӘРІС
Тақырыбы: МЕКТЕПТЕГІ ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ
ТЕОРИЯЛАР


Мақсаты: Мектептегі физика курсының құрылымын физикалық теориялар айналасында шоғырландырудың маңызын және физикалық теорияларды оқып үйрену әдістемесін беру.
Жоспары: 1. Мектептегі физика курсының құрылымы және физикалық
теория.
2. Физикалық теорияларды оқып-үйрену әдістемесі.
Бақылау сұрақтары:
1.Физика курсының құрылымы және физикалық теория.
2. Физикалық теорияларды оқып-үйрену жолдары.
3.Теориялық жинақтап қорытындылауды кезеңдері


Мектептегі физика курсының құрылымы және физикалық теория

Мектепте оқылатын физика курсының негіздері (құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялар) таңдап алынған материалдар оқушыларға дидактикалық принциптерге сәйкес жинақталып берілуі тиіс. Қазіргі кездегі оқушылардың ойлау қабілетін дамыта оқытуда оқытылатын материалдар дәйекті түрде жүйеленіп берілуі қажет. Себебі ғылыми білім мазмұны жылдан-жылға көбейуде, оны оқып-үйренуге жіберілетін уақыт аз, әрі жылдан-жылға физика пәніне бөлінетін сағат саны кемуде. Осы мәселені шешудің әр түрлі жолдары бар. Қазіргі кезде физика курсындағы оқып үйренілетін материалдар физикалық идеялардың айналасында біріктіріліп, топтастырылып жинақталуда. Орта мектептегі физика курсының оқу материалдары негізгі идея және физикалық теориялардың айналасында жинақталып берілуінде.


Ғылымдағы физикалық теорияның маңызы, ол өзіне қоса ұғымдар, заңдар, теориялар белгілі бір құбылысты түсіндіруде, сипаттауда нақты білім берудің көзі болып табылады. Мұнда ең маңыздысы теория құбылысты немесе процесті түсіндіріп қана қоймайды, сонымен бірге құбылыстың өтуін болжайды және жаңа заңдылықтарды тағайындайды. Сонымен, оқу материялын физикалық теория айналасында жинақтау, оқушыларға білімді жинақтап қорытып беру ғана емес, алған білімдерін табиғат құбылыстарын түсіндіруге қолдануға мүмкіндік береді.
Сондықтан да, оқу материалдарын физикалық теориялар айналасында біріктіру, оқушылардың теориялық ойлау қабілетін қалыптастырады, қазіргі кездегі айналамыздағы өмірді танып-білуге көмектеседі. Оқытудың мақсаттарын (білім беру, дамыту, тәрбиелеу) іске асыруға себепші болады. Әдістемелік жағынан бұл мақсаттар негізгі мектептегі оқу материалдарын оқып үйренуде, молекула-кинетикалық және электрондық теорияларды қолдану негізінде іске асады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет