«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Физикалық теорияларды оқып үйрену әдістемесі



бет29/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Физикалық теорияларды оқып үйрену әдістемесі

Физикалық теорияларды оқып үйрену оқушылардың бойында теориялық ойлау қабілетін қалыптастырады.


Негізгі мектептің 7-9 сыныптарында физика бағдарламасында заттар құрылысының молекула-кинетикалық теориясы, электрондық теория және атом құрылысы теориясы негіздерін оқып үйрену белгіленген.
7-9 сыныптардағы физикалық теориялардың элементтерін оқып үйрену кезінде басшылыққа алынуға тиісті негізгі принциптерді қарастыралық. Белгілі бір теорияны оқып үйренген кезде оқушыларға берілетін материалдар қазіргі заманғы ғылыми көзқарастарға сәйкес болуы керек. Негізгі мектепте физика курсынан алған білімдері бағдарлы мектептің жоғарғы сыныптарында дәлелденіп және тереңдетіліп нақтылана түсуі тиіс.
Әрбір теорияға байланысты қағиданы мүмкіндігіне қарай оқушылардың физикалық экспериментімен немесе қоршаған ортадағы физикалық құбылыстарды бақылаудың көмегімен алынған тәжірибелік фактілерді талдау және қорытып шығару арқылы негіздеп отыру қажет.
Негізгі мектеп оқушыларына теорияны меңгеруіне төмендегідей талаптар қойылуға тиіс:

  • теорияның негізгі қағидаларын білу;

  • теорияның дұрыстығын және теорияның талданып жасалынуына негіз болған фактілерді саралау;

  • сол теория арқылы түсіндірілетін құбылыстарды анықтау;

  • бақыланған құбылыстарды түсіндіру үшін жасалатын болжауды тексеру үшін эксперимент жасап және оны практикада қолдану.

Таным үдерісінде физикалық теорияны қалыптастыру үшін теориялық жинақтап қорыту қолданылады. Теориялық жинақтап қорытындылауды бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
І-кезең. Пән бойынша адамның өмір сүрген кездегі іс-әрекетіне байланысты фактілерді жинақтау және талдау. Оқу үрдісінде арнайы келтірілген фактілерді оқып үйрену және талдау, оларды бұрынғы оқыған мәліметтерімен салыстыру, бақылау және эксперимент жасау арқылы оқушыларды жаңа ұғымға, заңдылыққа алып келу.
ІІ-кезең. Абстракциялау әдісі арқылы физикалық шама, заң немесе теңдеу, постулаттарды әр түрлі үлгіге салып жинақтап тұжырымдау.
ІІІ-кезең. Басты заңдылықтан шыққан абстрактілі формулалардың, заңдардың, принциптердің себеп-салдарлық байланыстарын алу және талқылау. Бұл кезеңде алған білімдерін қорытындылау, логикалық ойлау және математикалық түрде қорытып шығару әдістері арқылы іске асады.
Физика ғылымына тән ерекшелік қорытынды шығару кезінде тұрақтылардың және шамалардың сандық мәндерін және тәжірибе арқылы алынған жеке заңдылықтарды эксперимент жасап анықтайды.
IV-кезең. Алынған білімді нақты физикалық нысаналар мен құбылыстарға қолдану. Оқу үрдісінде оқушылардың табиғат құбылыстарын және өндіріс пен өнеркәсіптегі өтіп жатқан процестерді түсіндіруі, әртүрлі есептерді шығару, заңдар мен теориялардың эксперимент жасау арқылы қорытындылануы болып табылады.
Теориялық жинақтап қорытындылаудың атап өтілген кезеңдері оқыту циклындағы кезеңдермен сәйкес ке леді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет