«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет32/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Сапалық есептердің физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды оқып үйренуде маңызы өте зор. Мысалы, тербелісті оқып үйренгенде:
1) Алтыбақанға бір адам емес, екі адам отырса тербеліс периоды өзгере ме?
2) Серіппедегі дененің массасын екі есе арттырсақ, оның тербеліс периоды қалай өзгереді? 3) Егерде дене бекітілген серіппені қатаңдығы бұрынғыдан екі есе артық серіппемен ауыстырсақ, дененің тербеліс периоды қалай өзгереді? –деген сапалық есептерді шығару арқылы тербеліс периодын анықтауға берілген формулаларды оқушылардың естерінде қалдырып, бекітуге болады. Әрі олар оның практикада күнделікті өмірде қолданылуымен танысады.
Сапалық есептердің ерекшелігі мұнда оқушылардың ойын жинақтап, белгілі бір физикалық құбылыстардың мағынасын ашуға көмектеседі. Оларды логикалық ойлау арқылы физиканың заңдылықтарына сүйене отырып шығарады. Мысалы: суға көлемдері бірдей мыс және алюминий кубтар батырылған. Осы кубтарға шама жағынан бірдей кері итеруші күштер әсер ете ме?
Есептеу есептеріне тән қасиет берілген сұраққа жауапты тек математикалық амалдарды қолдана отырып табуға болады. Мұндай есептерді көбінесе жоғарғы сыныптарда қолданады. Шығарылудағы математикалық тәсілдерді қолдануға байланысты есептер арифметикалық, алгебралық, геометриялық болып бөлінеді. Осылардың ішінде көп қолданылатыны – алгебралық.

  1. Физиканың есептерін шығару әдістері

Физика есептерін шығаруда логикалық ойлауға байланысты –талдау (аналитический) және іріктеу (синтетический) әдіс қолданылады.


Физикадағы әдістемелік оқу құралдарында талдау (аналитический) бен іріктеу (синтетический) екі тәуелсіз әдіс ретінде жиі қарастырылады. Алайда есептер шығару кезінде ойлау үдерісіндегі индукция мен дедукция сияқты бұлар да бөлінбейді, яғни екеуі де бірге қолданылады. Сондықтан да практикада талдау-іріктеу әдісі деп аталады.
Бұл әдісте есептің сұрағынан бастай отырып, талдау жолымен не істеу керектігін айқындайды, одан ары күрделі есепті жай есептер қатарына жіктейді, яғни есеп шартында бар шамаларға дейін жетеді.
Одан кейін іріктеудің көмегімен, пайымдауды кері қарай жүргізіп, белгілі шамаларды пайдалана отырып және қажетті қатынастарды іріктеп ала отырып, бірқатар есептеу амалдарын қолданып, нәтижесінде белгісізді табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет