«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет34/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.
9 – ДӘРІС


Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектепке механика бөлімін
оқыту әдістемесі


Мақсаты: Механика бөлімінің мазмұны мен құрылымын, қозғалыс түрлері және қозғалыс теңдеуі, қозғалысты сипаттайтын жылдамдық, үдеу, жол, траектория және т.б. ұғымдарын қалыптастыру әдістемесін беру.
Жоспары: 1. Механика бөлімінің мазмұны мен құрылымы
2. Ньютон заңдарын оқыту әдістемесі.
3. Механикалық тербелістер мен толқындарды оқып-үйрену әдістемесі.
Бақылау сұрақтары :
1.Кинематикадағы салыстырмалық деген не.
2.Механика бөлімінің мазмұны мен құрылымы қандай.
3. Ньютон заңдарын оқып үйрену


Механика бөлімінің мазмұны және құрылымы

Жалпы білім беретін орта мектепте механика төрт бөлімнен тұрады: кинематика негіздері; динамика негіздері; сақталу заңдары; механикалық тербелістер мен толқындар.


Кинематикада бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс, қисық сызықты қозғалысты және оның сипаттамаларын оқып үйренеді. Негізгі ұғымдар: материялық нүкте, траектория, механикалық қозғалыс, орын ауыстыру және жол, санақ жүйесі, координата, жылдамдық, үдеу, период, жиілік, амплитуда, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу, циклдік жиілік енгізіледі. Орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу ұғымдарын қалыптастырған кезде басты назар, олардың векторлық шамалар екеніне көңіл аударылады. Дененің түзу сызықты қозғалысында жылдамдық және үдеу бір түзудің бойымен бағытталып, олар алгералық түрде алып немесе қосылады. Ал, дене қисық сызықты қозғалғанда бұл шамалардың векторлық сипаттамасы толық ашылып қалыптастырылады.
Жалпы білім беретін орта мектепте қозғалысты сипаттайтын жылдамдық және үдеу негізгі ұғым ретінде енгізіледі. Санақ жүйесін таңдап алып, егерде жылдамдық және үдеу нольге тең болса, онда дене тыныштықта; жылдамдық тұрақты, ал үдеу нольге тең болса, онда дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста; үдеу тұрақты, ал жылдамдық уақыт бірлігінде бірдей шамаға артып отырса, онда дене бір қалыпты үдемелі қозғалыста; үдеу тұрақты, жылдамдық уақыт бірлігінде бірдей шамаға кемісе, онда дене бірқалыпты баяу қозғалыста және т.с.с. қозғалыста болады. Сонымен бірге, қозғалыстың формулалары және графиктері беріледі.
Динамика бөлімінде денелердің өзара әсері қарастырылып, алдымен Ньютонның бірінші заңын қарастырып, қозғалысты сипаттайтын негізгі динамикалық санақ жүйелерінің сипаттамалар – масса, күш, инерциялық санақ жүйелері қалыптастырылады. Ньютонның екінші заңы – масса, үдеу, күштің арасындағы тәуелділік беріледі. Егерде денеге бірнеше күш әсер етсе, дене сол қорытқы күштің әсерінен қозғалады. Ньютонның үшінші заңы - әсер және қарсы әсер заңы оқытылады. Механикада жалпыланған, практикада және экспериментте дәлелденген Ньютон заңдары негізгі заңдар болып табылады. Сондықтанда оларды алдымен тұжырымдап, содан кейін экспериментте жасап көрсетіледі.
Механикада күштерді (гравитациялық, серпімділік, үйкеліс) оқып үйренгенде дене қозғалысындағы олардың өзара әсерін анықтайды.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын оқып үйренгеннен кейін, дененің ауырлық күшінің әсерінен қозғалысын қарастырады. Аспан денелерінің қозғалысы түсіндіріліп, бірінші ғарыштық жылдамдық есептелінеді. Аспан денелерінің массасы анықталады.
Жаратылыстану-математика бағдарлы мектепте физика пәні тереңдетіліп оқытылса, онда механиканың тура және кері есептері қарастырылады. Механиканың тура есебі кез-келген уақыт мезетіндегі механикалық күйін (координаталарының уақытқа тәуелділігін) анықтау. Механиканың кері есебі денеге әсер ететін күштерді (яғни берілген дене координаталарының уақытқа тәуелділігіне қарап, оларға әсер ететін күштерді) анықтау.
Серпімділік күші және Гук заңы түсіндіріліп, салмақ ұғымы серпімділік күшінің мысалы ретінде енгізіледі. Күштерді оқып үйрену үйкеліс күшімен, үйкеліс коэффициенті және үйкеліс күшінің әсерінен дене қозғалысының жылдамдығының өзгеруімен аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет