«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың



бет33/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

4. Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың
өзіндік жұмыстары

Оқушылардың өзінше ойлана алу және алған білімді пайдалана білу икемділігін қалыптастыруда физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру маңызды роль атқарады.


Физика есептерін өзінше шығара алмау, оқушылардың пән бойынша жақсы нәтижелер көрсетпеуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Арнайы өткізілген зерттеулер көрсеткендей есеп шығара алмайтын оқушылардың пайызы сыныптан-сыныпқа көшкен сайын өседі екен.
Өздігінен есеп шығару икемділігін қалыптастыру мұғалімнің үнемі көңіл аударып отыруын қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларды өздігінен есеп шығаруға үйретуді біртіндеп бастау керек. Алдымен жеңіл жаттығу есептерін, онан кейін күрделірек есептерге көшіп, тек сонан кейін өздеріне есеп шығартқан жөн.
Есеп шығару барысында өзіндік жұмыс элементтерін қиындығының өсуі бойынша біртіндеп қосады. Арнайы жүргізілген зерттеулер негізінде бұл жұмыстың мынадай деңгейлерін келтіруге болады:
1. Алдымен оқушыларды есеп мазмұнын жеке талқылауға үйретілуі, оларды есептің мазмұнын қысқаша жазу және оны шешу әдістерімен таныстыру қажет. Ол үшін оқушыларды есеп шартын жазуға жиі тақта алдына шығарып, содан кейін бірігіп талқылау арқылы оны жазудың тиімді тәсілдерін табады.
2. Есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстың дағдыларын қалыптастырудың келесі деңгейі – шешуді жалпы түрде орындау икемдіктерін қалыптастыру және оның дұрыстығын физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен жаттығулар орындай отырып тексеру.
3. Физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарды дайындаудың негізгі элементі – оқушылардың жуықтап есептей алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мұндай дағдыны оқушылар алдымен математика сабақтарында алады, бірақ оны физика сабақтарында да бекіту қажет. Осы мақсатта 7 сыныпта алғаш физика есептерін шығарғанда, оқушылар бірігіп талқылаған есептің шығару әдісі мен шығару жоспарын тақтаға жазғаннан кейін, есептеулерін жеке орындауды ұсынған жөн.
4. Оқушылар есеп шартын қысқаша жазу тәсілдерін, сонымен қатар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін түрлендіру тәсілдерін игергеннен кейін, өзіндік жұмысқа есепті шығару тәсілдерін табуды қосу керек.
5. Есепті шығарудың ең ыңғайлы тәсілін табу оқушылардың көп ізденуін қалыптастырады. Сондықтан, есеп шығарудың жаңа тәсілін таба алуы үшін, оларға жүйелі түрде бір есептің әр түрлі шешілу жолдарын көрсеткен пайдалы. Мұны әсіресе, қиын есептер шығарғанда қолданады. Сонымен қатар, бір есепті әр түрлі жолмен шығару, есептің дұрыстығын тексеру тәсілінің бірі болатындығын ескеру қажет. Бұл әдісті оқушылардың пайдалана білуі өте маңызды.
Оқушылар физика есептерін шығаруға байланысты әдіс-тәсілдерін толық игергеннен кейін, оларға есептерді өздеріне толық шығаруды, сонымен қатар алынған нәтижелерді тексеруді және талдауды тапсыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет