«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет30/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.


8 – ДӘРІС
Тақырыбы: ФИЗИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ – ОҚЫТУ ӘДІСІ


Мақсаты: Физикадан есептер шығару оқушылардың алған білімін бекітуге, ойлауын дамытуға, физикаға қызығуын арттыруға, проблемалық оқытуға жағдай жасауға қолданылуын түсіндіру және физикадан есептердің классификациясын беру. Оларды шығару әдістемесін түсіндіру.
Жоспары: 1. Есептер шығарудың маңызы, олардың оқу үрдісіндегі орны.
2. Есептердің классификациясы.
3. Есептер шығарудың әдістері.
4.Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырма:
1.Сапалық есептерді шығару әдістемесі.
2.Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі.
3. Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Физика пәнінен есеп шығару – оқу үдерісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, оқушылардың физикалық құбылыстарды оқып үйренуіне, ойлау қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор.
Есептер шығару физикалық заңдарды оқып үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табандылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі. Есептер шығаруды мына жағдайларда қолданады:
а) проблемалық ситуация туғызуда;
ә) жаңа мәлімет беруде;
б) практикалық біліктілік пен дағдыларды қалыптастыруда;
в) білімін (нақтылығын және тереңдігін) тексеруге;
г) бекітуге, материалды қайталауға;
д) техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде;
е) оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде.
Физика есептерінің оқу үдерісін ұйымдастыруда алатын орны ерекше. Оқушыларға есептерді шығартып үйретудің мынандай тәсілдерін беруге болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет