«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Молекула-кинетикалық теория (МКТ) негіздерін оқыту әдістемес



бет38/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

2. Молекула-кинетикалық теория (МКТ) негіздерін оқыту әдістемес


1) Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары. Молекулалардың өлшемдері. Броундық қозғалыс.
Оқушылардың 7-9 сыныптағы физика және 8-9 сыныптағы химия курсынан алған білімдерін негізге ала отырып МКТ негіздерін оқытуды заттың құрылысынан бастаған дұрыс. Оқушылар молекула және атомның құрылысы, элементар бөлшектер (протон, нейтрон, электрон және т.б.) жөніндегі алғашқы мағлұматтарына сүйене отырып, зат дегеніміз бөлшектерден тұрады және ол материяның бір түрі екенін анықтаймыз. Оқушыларға молекула, атом, ион, атом ядросы, элементар бөлшектер (протон, нейтрон, электрон және т.б.) заттың әр түрлі құрылымдық формасы екенін түсіндіру керек. Өйткені көптеген оқушылар зат дегеніміз тек молекуладан ғана құралады деп есептейді, бірақ бұл қате.
Зат құрылысының МКТ негізі ретінде әрқайсысы тәжірибе жүзінде дәлелденген үш қағида алынады: 1) зат ұсақ бөлшектерден тұрады; 2) бұл бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі; 3) бөлшектер үнемі қозғалыста болады.
XIX –ғасырдың аяғында көптеген ғалымдар молекула мен атомның нақты бар екеніне күмән келтіреді.
Мысалы, Людвиг Оствальд былай дейді: «Атом мен молекула тек кітапхана шаңдарында ғана болады».
Бөлшектердің екі түрін молекула (корпускула) мен атом (элемент) анықтаған алғашқы ғалым М.В.Ломоносов (1711-1765ж.) екенін оқушылардың есіне түсіріп айта кеткен жөн. Оның болжамы бойынша корпускула біртекті және әртекті болып бөлінеді. Және де М.В.Ломоносов жылуды затты құрап тұрған бөлшектердің айнымалы қозғалысы ретінде қарастырады.
МКТ негіздері тақырыбындағы негізгі ұғым – молекула ұғымы – оны оқушылардың түсінуінің қиындығы сонда – бұл бар нәрсе, бірақ оны қарапайым түрде бақылауға болмайды. Сондықтан да мұғалім оқушыларға бар екенін, оны танып білуге болатынын дәлелдеп шығуы тиіс.
Негізінен молекулалардың бар болуының шындығына көз жеткізу үшін олардың өлшемдерін анықтайтын және олардың қозғалыста болатынын дәлелдейтін классикалық

  1. Идеал газ.


Реал газдарды танып, оқып білу үшін идеал газ үлгісін қарастырамыз. Негізінен физикада идеал газдың екі анықтамасы бар: термодинамика және молекула-кинетикалық.
Термодинамикадағы анықтамасы бойынша идеал газ дегеніміз температура тұрақты болғанда, белгілі массада газдың қысымы оның көлеміне кері пропорционал болатын газ.
Молекула-кинетикалық көзқарас бойынша идеал газ деп молекулалары материялық нүкте болып табылатын, өзара әсерлеспейтін, соқтығысқан кезде абсолют серпімді соқтығыс болатын газды айтады. Газ молекулаларының арасында жылулық тепе-теңдік орнағанда ғана идеал газ деп айтуға болатынын оқушыларға ескерту қажет.
Идеал газ үлгісінің қолданылу шегі - өте жоғарғы қысымда және өте төменгі температурада қолдануға болмайды.
Егер газ сығылса, оның тығыздығы артады және молекулалардың арасындағы қашықтық кішірейеді, олардың соқтығысуы көбейеді, әрі бір-бірімен әсерлесуі артады. Мұндай жағдайда молекулалардың өлшемін ескермеуге болмайды. Ал газдың қысымы тек молекулалардың соқтығысуынан ғана емес, олардың өзара әсерлесуіне де байланысты. Егерде газдың қысымы 108 Па-дан артса, онда Бойль-Мариот заңынан көп ауытқу болатыны эксперименттен белгілі. Өте төменгі температурада осындай жағдайлар болады. Идеал газ ұғымын қалыптастыруға қайталау сабақтарында жалпы жоспарды пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет