«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет46/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.


13 - ДӘРІС
Тақырыбы: САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Мақсаты: Салыстырмалылық теориясының элементтерін: негізгі постулаттары, одан шығатын салдарды талдап оқыту әдістемесін беру.
Жоспары: І. Жалпы ескертулер
ІІ. Салыстырмалылық теорияның постулаттары
ІІІ. Салыстырмалылық теорияның постулаттарынан туындайтын
негізгі салдарлар.
1. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы.
2. Уақыт аралықтарының салыстырмалылығы.
3. Ара қашықтықтың салыстырмалылығы.
4. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Релятивистік динамика.
5. Масса мен энергияның арасындағы байланыс.
СтуденттеБақылау сұрақтары :
1.Салыстырмалылық теориясының постулаттарынан туындайтын салдарлар
2. Салыстырмалылық теорияның постулаттары.
3. Салыстырмалылық теориясының негізгі постулаттары.
1. Жалпы ескертулер
Салыстырмалылық теориясы дегеніміз - кеңістік пен уақыт туралы жаңа ілім болып табылады. Бұл теория бойынша физикадағы ең негізгі түсініктерді: кеңістік пен уақыт, масса және энергия, абсолюттілік және салыстырмалылық туралы түсініктерді қайта қарауға назар аударылады.
Салыстырмалылық теориясының шығуы алғаш рет физикалық теорияның анықталу облысы және оның қолдану шекарасы туралы мәселені көтерді. Кез келген физикалық теория дүниені танып білуде оның бір басқышы ретінде қарастырылып салыстырмалы ақиқат болып табылады.
Салыстырмалылық теориясын политехникалық жағынан қарастыру да өте маңызды. Оның негізгі жағдайлары қазіргі кездегі үдеткіштерде, ядролық физикада және элементар бөлшектерде, ядролық энергетикада, кванттық оптикада, электрдинамикада қолданылады.
Қазіргі кезде салыстырмалылық теорияның негізі және оның салдарлары эксперименттік түрде тексеріліп дәлелденді. Мысалы олардың қатарына релятивистік үдеткіштердің жұмысында бөлшек импульсының формуласының тексерілуі, ядролық электрстанция жұмысындағы масса және энергия арасындағы байланыстың дәлелденуі, сонымен қатар көптеген зертханалардағы ядролық реакциялардың өтуі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет