«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет47/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Релятивистік эффект –уақыттың баяулауы өте дәлдікпен мезондар мен гиперондардың және басқа да тұрақсыз бөлшектердің ыдырауын зерттеген кезде тексерілді. Уақыттың баяулау эффектісі сондай-ақ атомдық сағаттардың көмегімен тікелей тәжірибеде анықталды.
Айналасы 100 жылдың ішінде салыстырмалылық теориясы қазіргі кездегі әлемді танып білудің бір бөлігі, әрі теориялық толық анықталған және практика жүзінде дәлелденген физикалық теория болып табылады.
Сондықтан да, салыстырмалылық теориясын орта мектепте оқыту әдістемесі өз орнын алуы тиіс.
Салыстырмалылық теориясының идеяларын берудегі қиындық біздің күнделікті өмірдегі көріп-біліп жүргенімізге қарама-қайшы болып келетін түсініктердің болуы.
Мәселен, «Қозғалыстағы таяқшаның ұзындығы, тыныштықтағы ұзындығынан қысқа болады» және «Таяқшаның ұзындығы, оның қозғалыс жылдамдығына байланысты» - деген тұжырымдар.
Оның үстіне салыстырмалылық принципіне байланысты табиғаттың барлық процестері кез келген инерциялық санақ жүйесінде бірдей өтеді. Сондықтан да санақ жүйесі қандай жылдамдықпен қозғалса да ондағы таяқшаның ұзындығы өзгермей қалады. Егер де өзгеретін болса, онда жүйенің өз ішінде бақылаулар арқылы жүйенің қозғалысын анықтауға болар еді. Ал бұл салыстырмалылық принципіне қарама-қайшы. Бұдан шығатын қорытынды қандай санақ жүйесі болмасын таяқшаның ұзындығы өзгеріссіз қалуы керек. Таяқшаның ұзындығының қысқаруы немесе оның өзгеріссіз қалуы да, абсолют шындық ал мұндағы парадокстың туындауы анықтаманың дұрыс берілмеуінен. Шындығында, біріншіден таяқшаның қысқаруында біз релятивистік ұзындықты, яғни қозғалыстағы таяқшаның ұзындығын тыныштықтағы сызғышпен өлшегендегі, екіншіден кез келген санақ жүйесіндегі таяқшаның ұзындығы өзгеріссіз қалатыны, оның өзіндік ұзындығы, яғни таяқшамен салыстырғандағы тыныштықта тұрған сызғышпен өлшеген ұзындық бұл ұзындық әрине барлық жүйеде бірдей болады.
ІІ Салыстырмалылық теориясының негізгі постулаттары

Салыстырмалылық теорияның элементтерін оқып үйрену Галилейдің салыстырмалылық принципін қайталау, қозғалысты сипаттаудағы санақ жүйелерінің алатын орны, соның ішіндегі механиканың барлық заңы инерциялы санақ жүйелерінің (ИСЖ) бірдей болатынын талдаумен қоса жүреді. Мысалы ИСЖ-нің біріне Жер, ал басқасына Жерге қатысты түзу сызықты және бірқалыпты қозғалатын вагон алынады. Одан ары абстрактілі К және К1 санақ жүйесінің орнына «Жер» және «вагон»-ға қатысты санақ жүйелерін қарастырған дұрыс.


Салыстырымалылық принципінің әртүрлі тұржырымдамасын берген дұрыс, сонымен қатар ИСЖ-нің өз ішіндегі бақылау жолымен қозғалысты анықтау мүмкін еместігіне көңіл аударылады. Мысалы, вагон ішіндегі адам, басқа санақ жүйесіндегі денелермен салыстырмай вагонның қозғалысын анықтай алмайды.
Бастапқы жағдайлары бірдей болғанда механикалық үрдістердің барлығы ИСЖ-інде бірдей өтетініне, олардың барлығы Ньютон заңдарымен сипатталатынына оқушылардың назарын аудару керек. Одан кейін жылдамдықтарды қосудың классикалық заңдылығы қарастырылады.

Біз қарама-қайшы нәтижелер алдық, оны тек эксперимент жасап қана шешуге болады. Майкельсон тәжірибесінде және басқа да эксперименттік тәжірибелердің қорытындысы: жарық көзінің немесе тіркегіш құралдың күйіне, қозғалысына байланыссыз вакуумдағы жарық жылдамдығы бірдей болатынын көрсетеді. Классикалық электрдинамиканың негізі болып табылатын Максвелл теңдеулерінен де осыны алуға болады.


Ньютон механикасы мен Максвеллдің электрдинамикасы арасындағы қарама-қайшылық Эйнштейннің салыстырмалылық теориясын жасап шығуына себепкер болды.
Осыдан барып арнаулы салыстырмалылық теориясының негізгі постулаттары шықты.
а) Салыстырмалылық принципі – Эйншейн теориясының басты постулаты: табиғаттың барлық процестері кез келген инерциялық санақ жүйесінде бірдей өтеді және бірдей заңдылықтармен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет