«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет48/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

ә) Екінші постулаты: жарықтың вакуумдағы жылдамдығы барлық инерциялық жүйе үшін бірдей және ол жарық жылдамдығына да жарық сигналын қабылдағыштың жылдамдығына да тәуелді емес.
1905 жылы А. Эйншейн осы постулаттарға негіздеп жаңа физикалық теория – арнаулы салыстырмалылық теориясын тұжырымдады. Осыған байланысты ол кеңістік пен уақыт туралы бұрынғы көзқарасты қайта қарап және жаңа релятивистік динамика мен кинематиканы жасап шығарды.


ІІІ Салыстырмалылық теорияның постулаттарынан туындайтын салдарлар

Салыстырмалылық теорияның постулаттарынан кеңістік пен уақыттың қасиеттеріне қатысты бірқатар маңызды салдарлар туындайды.


Орта мектепте салыстырмалылық теориясын қарастырғанда оқушылардың назарын заңдылықтардың формулаларына емес (бірқатары қорытылып шығарылмайды), ойша экспериментте қарастырылатын эффектілердің түсіндірулеріне аудару қажет.
1. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы
Ө ткен сабақтарды қайталай отырып, оқушылардың көңілін Эйнштейннің салыстырмалылық және жарық жылдамдығының инварианттық принциптері экспериментті жалпылаудың қорытындысы екеніне аудару қажет.
Олар бір-біріне қайшы келмейді, бірақ Ньютон механикасындағы жылдамдықтарды қосудың классикалық заңына сәйкес емес. Сондықтан, жылдамдықтарды қосудың салыстырмалы-лық теорияның принципімен үйлесімді жаңа заңдылығын алу қажет. Ол үшін тағы да ойша экспериментке жүгінейік. санақ жүйесі санақ жүйесімен салыстырғанда абсцисса осі бойымен жылдамдықпен қозғалады (33-сурет).
Дененің -мен салыстырғандағы жылдамдығы , ал сол дененің -мен салыстырғандағы жылдамдығы деп белгілейік. Сонда жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы бойынша:

Егер де және u << c болса, онда бөлшектің бөліміндегі өте аз шама, онда (3) формуладан қосудың классикалық заңы шығады:


= + u

Салыстырмалылық теорияның екінші постулаты бойынша u = с болғанда, w жылдамдық та с-ға тең болады. Шынында,



Бұл заңдылықты бекіту үшін есептер шығару қажет. Есеп шартында нысананың жылдығы, және қозғалмайтын санақ жүйесіне қатысты қозғалыстағы жүйенің жылдамдығы -ның мәндері. мынадай нұсқада болуы мүмкін:
а) дененің және санақ жүйесінің жылдамдықтары жарық жылдамдығынан әлдеқайда кіші болды; ә) бұл жылдамдықтар жарық жылдамдығына жуық болғанда; б) дененің жылдамдығы жарық жылдамдығына жуық, ал санақ жүйесінің жылдамдығы одан көп кіші болғанда; в) дененің және санақ жүйелерінің жылдамдықтары жарық жылдамдығына тең болғанда.
Қорытындысында жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы келесі мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді:

  • арнаулы салыстырмалылық теорияның екі постулатының да ықпалын көрсетеді;

- жылдамдықтарды қосу заңдылығының мысалы, арқылы ньютон механикасының қолдану шекарасын анықтайды;

  • осы мысал арқылы салыстырмалылық принципін және жалпы теориядан шекті классикалық түріне өтуін түсіндіреді;

  • вакуумдағы жарық жылдамдығының шекті екендігін мысал арқылы дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет