«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Базалық курсты оқытудың мақсаты



бет26/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Базалық курсты оқытудың мақсаты

Оқушылардың бірқатары үшін жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған физика аяқталған курс болып табылады. Мұнда 7-9 сынып оқушылары түсіне алатындай физиканың ең негізгі мәселелері түгелдей қамтылған. Осы курсты оқыту мақсаттарын қарастырайық.


Негізгі мектептің физика курсы оқушылардың барлығының жас ерекшеліктерін және олардың басқа пәндерден дайындығын ескеріп, физиканың негізгі мәселелерін береді.
Қазіргі кездегі демократиялық қоғамның орта мектептің алдына қойған білім беру, дамытушылық және тәрбиелеу мақсатына сәйкес басқа пәндермен қатар 7 сыныптағы физика жаңа пән болып еніп, осы мақсатқа жетудің бір басқышы болып саналады.
Негізгі мектептің физика курсында оқушылар қазіргі кездегі әлемнің физикалық бейнесін түсінуге қажетті білім алады. Материяның түрі. формасы және құрылымы, қозғалысы туралы, табиғаттың дамуы және таным үрдісінің дамуын қарастырады.Сондықтан да бұл курс негізгі (базалық) курс болып табылады. Олар физика ғылымы сезім мүшелерімізбен көріп білуге болатын заттарды, сезіп білуге болмайтын электр және магнит өрістерін және микронысаналар – молекула, атом, элементар бөлшектер, механикалық, жылулық, электрлік, жарықтық және кванттық құбылыстарды, материялдық нысаналардың өзара әсерлесуінен, олардың күйлерінің өзгеруін оқытатынын біледі. Оқушылар табиғаттың іргелі заңдары – энергияның, импульстің сақталу заңдарымен танысады.
Оқушылар көптеген физикалық нысаналар мен құбылыстардың қасиеттерін жалпы сапалық және кейбіреулерін сандық түрде физикалық шамалар арқылы сипатталатынын біледі. Олар оқып үйренеді: дененің массасын, заттың тығыздығын, ауырлық және үйкеліс күштерін, архимед күшін, дененің кинетикалық, потенциалдық және ішкі энергиясын, ток күшін, электрлік кернеуді, кедергіні, жылу мөлшерін және т.б.; бізді айнала қоршаған әлемде нысаналар мен құбылыстар бір-бірімен күрделі және алуан түрлі байланыста болатынын біледі.



  1. Негізгі мектептің физика курсының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері

Физика курсының базалық құрылымы негізінен дәстүрлі: оқып үйренілетін құбылыс материя қозғалысының формасының қиындауына байланысты (механикадан бастап және жылулықтан электрмагниттікке, жарық және кванттық) орналасқан. Тек «Электр құбылыстары» тақырыбында ғана осы заңдылық орындалмайды. Мұнда алдымен электр заряды қарастырылып, электрон ұғымы енгізіліп, ары қарай зат құрылысын оқып үйренуге мүмкіндік туады. Оқушылар зат бір-бірімен әсерлесіп, бей-берекет қозғалыста болатын молекулалардан тұратынын біледі. Молекула-кинетикалық теорияны қатты денелердің, сұйық және газдардың қасиеттерін түсіндіруде, газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымын, сұйық және газдардағы қысымның берілуін, сұйықтың еркін беттік керілу қабаты болатынын, ал газдарда ондай қабаттың жоқтығын, Жердің ауа қабатының болу себебін, жылу өткізгіштікті, заттың агрегаттық күйлерін және т.б. түсіндіреді. Мұнда атом, ион, электрон ұғымдарын пайдаланып электрондық газ ұғымы енгізілді. Электрондық теория арқылы денелердің электрленуін, электрленген денеден электрленбеген денеге зарядтың ауысуын, металдардағы және басқа ортадағы электр тоғын және т.б. түсіндіріледі. Сонымен негізгі мектепте физикалық теорияның элементтерін енгізу арқылы барлық тақырыптар тұтастай біріктіріледі.


Базалық курста физикалық теория элементтерін қолдану, оқушылардың теориялық ойлауын қалыптастырады және логикалық түрде дедуктивтік ойлауға үйретеді. Базалық курста Ньютон заңдарын, үдеу және импульс ұғымдары енгізіледі, импультің және механикалық энергияның сақталу заңдары қарастырылады. Сондай-ақ атомдық және ядролық физика, ядролық энергетика және астрономияның сұрақтары қосылды.
Негізгі мектептің физика курсының мазмұны дидактикалық принциптерді, балалардың жас ерекшеліктерін, өмірден көрген, алған білімдерін ескере отырып таңдап алынуы керек. Қазақстанда шығып жатқан төл оқулықтарымыз қазіргі кезде осы талаптарды толық қанағаттандырмай отыр. Сондықтан да Ресейде шыққан оқулықтарды өз бағдарламаларымызға икемдеп, өзгерістер енгізіп, бірігіп шығарған оқулықтар қолданылуда. Мысалға, А.В.Перышкиннің «Физика-7», «Физика-8», «Физика-9» оқулықтары Қазақстан Республикасының жалпы білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқулықтың жеке тараулары мен параграфтарына өзгерістер және астрономияның тақырыптары енгізіліп, «Дрофа-Кітап» баспасынан жарық көрді. «Физика-7», «Физика-8» оқулығын өңдеп жазған Н.Д.Абдуллина мен Ғ.М.Ерғалиева, «Физика-9» Б.Е.Акитайдың авторлығымен жарық көрді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет