«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


– ДӘРІС Тақырыбы: ФИЗИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛАТЫН БІЛІМДЕРІН



бет23/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
5 – ДӘРІС
Тақырыбы: ФИЗИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛАТЫН БІЛІМДЕРІН,
ІСКЕРЛІКТЕРІН, ДАҒДЫЛАРЫН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Мақсаты: Физикадан оқушылардың білім дағдыларын тексерудің ауызша және жазбаша тексеру формаларына тоқталып, оқушының жазбаша жұмыстарының түрлерін және қалай бағалауға болатынын тест, физикалық диктант алу, және эксперименттік іскерліктерін тексеретін бақылау жұмыстарымен таныстыру.
Жоспары: 1. Оқушылардың білімін тексерудің ауызша тәсілі.
2. Оқушылардың білімін тексерудің жазбаша тәсілі, түрлері және
оларды бағалау.
Бақылау сұрақтары:
1. Жазбаша бақылау жұмыстарының түріне
2. Оқушылардың білімін тексерудің ауызша тәсілі.
3. Эксперименттік іскерліктерін тексеретін бақылау жұмыстары
Физикадан оқушылардың алатын білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексеру және ұйымдастыру. Оқушылардың білімдерін, біліктерін, ебдейліктерін тексеру – физиканы оқытудың ең керекті элементі болып табылады. Оның мақсаты – мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға, әр оқушының материалды қалай меңгергенін білуге және бүкіл сынып болып қалай түсіндіргенін білуге болады.
Алайда, күні бүгінге дейін оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыруда, өткізу әдістерінде, мазмұнында бірқатар кемшіліктер орын алып келеді. Оның бірі білімді тексеру мен бағалаудың функцияларын дұрыс түсінбеу, оқу үрдісіндегі рөлін, орнын асыра бағалау, аясы тар мақсатқа айналдыру, сабақта уақытты тым көп бөлу болып отыр. Кейбір кемшіліктер мұғалімнің білімді тексерудің негізгі әдістерін білмейтіндігінен шығады және баға қоюда көп қателіктер жібіріледі. Тексеру жұмыстары жүйелі түрде және белгілі мақсатта, әр түрлі тәсілдер арқылы жүргізілген жағдайда ғана оқушыларды негізгі оқу материалына көңіл бөліп қажетті білім көлемін игеруге жетелейді.



  1. Оқушылардың білімін тексерудің ауызша тәсілі

Ауызша тексеру оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған тәсілі. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімдерді ауызша тексеруді сабақтың басында, қайталау уақытында және жаттығулар үдерісінде, жаңа материалды оқып үйрену кезінде болады.


Білімдерді ауызша тексеру тәсілі мынадай формаларда өтуі мүмкін:
1) жеке дара сұрау;
2) бір мезгілде 2-3 оқушыдан сұрау;
3) жаппай сұрау;
4) зачет алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет