«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет25/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.


6 – ДӘРІС
Тақырыбы: НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕГІ ФИЗИКА КУРСЫ
(БАЗАЛЫҚ КУРС)


Мақсаты: Негізгі мектептегі «Физика және астрономия» бағдарламасы, физика курсының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері, физиканы оқыту әдістемесінің өзгешелігін қарастыру.
Жоспары: 1. Негізгі мектептің «Физика және астрономия» бағдарламасы.
2. Базалық курсты оқытудың мақсаты.
3. Негізгі мектептің физика курсының құрылымы мен мазмұнының
ерекшеліктері.
4. Негізгі мектепте физиканы оқыту әдістемесінің өзгешелігі.
Бақылау жұмысы: .
1.Физиканы оқыту әдістемесінің өзгешелігі.
2.Физика курсының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері.
3. Базалық курсты оқытудың мақсаты

  1. Негізгі мектептің «Физика және астрономия» бағдарламасы

Қазақстанда бірнеше жылдар бойы мектептің білім беру жүйесінде өзгерістер жүріп жатыр. Соның ішінде оқыту үдерісін демократияландыру, гуманитарлық потенциалды пайдалану, ізгілендіру және саралап оқыту әдістері кеңінен қолданылуда. Жүргізіліп жатқан реформа негізіндегі үздіксіз білім беру принципі білім берудің әрбір кезеңіне ерекше көңіл бөліп, әрі олардың арасындағы сабақтастықты іске асыру талап етіледі. Осыған байланысты жаратылыстану ғылымының мазмұны мен құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізудің керектігі, соның ішінде негізгі пәндер физика және астрономия да бар.


Физиканы оқытудың бірінші сатысы толығымен өзгерді. Ондаған жылдар бойы физика курсын жоғарғы сыныптарда оқытудың алғашқы дайындық бөлімі ретінде оқытылып келген бірінші сатының бағдарламасының құрылымы және мазмұны өзгертілді. Жаңа бағдарламада екінші сатыда жоғарғы сыныптарда физиканы саралап оқыту негізінде мазмұны мен құрылымы қайтадан қарастырылды. Мұнда негізгі мектептен кейін оқушылардың таңдауына байланысты физика пәнінің бағдарламасы жаратылыстану және гуманитарлық бағытта немесе кәсіптік мамандықтарға, арнаулы орта білім беретін оқу орындарына, сырттай оқуға, әр пәнді тереңірек оқытуға тәуелді өзгереді.
Осы жағдайларға байланысты негізгі (базалық) мектептегі білім берудің ролі артады, себебі ары қарай жалпы білім беретін мектепте немесе арнаулы мамандар дайындайтын оқу орындарында оқуларын жалғастыруды таңдауға қызығушылығын ояту міндеттері тұр. Осының барлығы физика пәніне де тән.
Қазіргі кезде оқу пәндерін интеграциялау идеясы кеңінен қолдануда, себебі оқушыларда айналамыздағы қоршаған әлем туралы жалпы ғылыми көзқарас қалыптастыру керек. Физика және астрономияны біріктіріп оқыту осыған мүмкіндік туғызады.
Тоғыз жылдық негізгі мектептегі «Физика және астрономия» курсының негізгі идеясы:
- деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану (әр оқушыны оның қаблеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, оқытуды оқушының әртүрлі топтарының ерекшелігіне бейімдеу, ыңғайлау);
- физика және астрономия курстарын интеграциялау (физиканың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын және теориялық қағидаларын, ал астрономияның әлем туралы негізгі мәліметтерін, әлемнің құрылысы мен даму кезеңдерін қамтиды);
- ғылыми таным әдістерін оқып үйрену (мұнда оқушылар бақылау, эксперимент, болжау, теориялық зерттеу әдістерін оқып үйрену);
- ғылыми таным әдісін қолданып білім алу (оқушылар қарастырып отырған құбылыстар мен нысаналарды зерттеу арқылы олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білуі және жалпы заңдылықтарды таба білуі, алған білімдерін есептер шығаруда, күнделікті өмірде қолдануы, бақыланған құбылыс пен өлшеулердің дәлдігін, қателерін есептей білуі жатады);





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет