«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Негізгі мектепте физиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері



бет27/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Негізгі мектепте физиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері

Негізгі мектепте физиканы оқыту әдістемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. 12-15 жастағы балалардың абстрактілі ойлау қабілеті нашар болғандықтан, барлық оқып үйретілетін құбылыстар тәжірибелік деңгейде болуы қажет. Олар нақты жағдайға байланысты құбылысты бақылай отырып, болжау жасап, оны тәжірибе жасап тексеру арқылы қабылдайды. Сондықтан да физикалық оқу эксперименті (демонстрациялық, фронталь, практикалық, зертханалық жұмыстар, ұй тәжірибелері) оқытудың негізгі әдісі болып табылады. Мұнда мұғалім демонстрациялық эксперимент оқушылардың сезім мүшелеріне әсер етіп, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, танып білуге құштарлығы артатынын ескеруі керек. Сондықтан да жасалынатын тәжірибе айқын және сенімді ғана емес, сыртқы түрі де әдемі, тартымды болғаны дұрыс. Көрсетілінетін тәжірибенің демонстрациялық мазмұны терең, логикалық түрде аяқталған, жасалуы қарапайым болуы тиіс.


Бірақта тәжірибе арқылы алған білім тек ойлаудың индуктивтік әдісін ғана дамытады, бұл жоғарғы сыныптарда физикалық теорияны оқып-үйренуде жеткіліксіз. Теорияда көптеген тәжірибелерді түсіндіреді, сондай-ақ жеке мәселелерді қарастырып, одан қорытынды шығару үшін дедуктивтік ойлау әдісі қолданылады. Сондықтан да мұғалімнің негізгі мектепте оқушылардың дедуктивтік ойлау қабілетін дамытуы негізгі міндеттің бірі болып саналады. Негізгі мектепке физикалық теорияның элементтерін енгізу қажетті шарт болып табылады.
Мұғалімнің оқушыларға физикалық құбылысты теориялық түрде талқылай білуін, одан шығатын салдарды дұрыс түсіну әдісін тауып, қолдана білуі маңызды. Дедуктивтік әдіспен ойлау негізінде шығарылған қорытынды экспериментте тексерілінетінін естен шығармаған жөн.
Қазіргі кезде сабаққа қойылатын басты талаптың бірі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Онсыз білім алуға, оны бекітуге және жаңа дағдыларды меңгерген саналы жеке адамды тәрбиелей алмаймыз.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мына ережелерді орындау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет