«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Ньютон заңдарын оқып үйрену әдістемесі



бет35/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Ньютон заңдарын оқып үйрену әдістемесі


1) Қозғалыс заңдарына тарихи ғылыми әдістемелік талдау жасау
Өзара әсер ұғымы – ғылымдағы маңызды ұғымдардың бірі. Әр түрлі өзара әсерлер материялық әлемдегі барлық өзгерістердің себепкері. Ал механикада денелердің өзара әсерлесуін қарастыратын барлық қозғалыс заңдарының бір-бірімен тұтас байланысын көреміз (3-сұлба).
Қозғалыс туралы грек ғалымы Аристотельдің еңбектерінде «Денеге басқа дене немесе күш әсер еткенде ғана қозғалады» деген тұжырым үстем болып келді. Механиканы жаңа оқып үйренуге кіріскен кез-келген оқушы да осылай ойлайды. Бұл түсінікті де, себебі Аристотельдің көзқарасы күндегі көріп жүрген тәжірибеден алынған. Оқушыларға денелердің тек қана тыныштықта болады деген пікірдің дұрыс еместігін итальян ғалымы Галилео Галилей көрсетті. Галилей дененің тыныштық күйін немесе бірқалыпты қозғалысын қарастырып, дене сыртқы әсер болмағанда тыныштық күйде немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста болатынын, көлбеу жазықтағы шарлардың қозғалысын зерттеп қорытындылады.
1686 ж. ағылшын физигі және математигі Исаак Ньютон Галилейдің қорытындыларын жалпылап инерция заңын тұжырымдады.
Инерция заңына (немесе Ньютонның бірінші заңы) сәйкес денеге басқа денелердің әсері теңгерілген болса, онда ол үдеусіз қозғалады.
Ал, дене үдемелі қозғалыста болса, онда әсері сол үдеудің пайда болуына себепші басқа денені көрсетуге болады.
Демек, денелердің үдемелі қозғалысқа түсуінің себебі, оған басқа дененің әсер ететіндігінен деп айтуға болады. Өзара әсерге екі дененің де қатысатынын оқушыларға ескерту қажет.
3. Механикалық тербелістер мен толқындарды оқып – үйрену әдістемесі
1)Еркін механикалық тербелістер

Тербелістер тақырыбын оқып-үйрену негізгі мектептің 9 сыныбынан басталады. Онда алғаш рет тербелмелі қозғалыс ұғымы енгізілді, яғни белгілі бір уақыт аралығында барлық дененің қозғалысы қайталанады. Оған денелердің тепе-теңдік жағдайынан шығарған кездегі қозғалыстарын демонстрациялап түсіндіру керек (9-сурет).



9-сурет
М ұнда жіпке ілінген дененің резеңкеге ілінген жүктің тік, қысқышқа қысылған темір сызғыштың және ішектің, қозғалыстары көрсетіледі. Осы қозғалыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарына талдау жасалынады. Олардың ортақ қасиеттері – қозғалыстың қайталануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет