«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Қайталануға кеткен уақыт аралығы тербеліс периоды деп аталады



бет36/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Қайталануға кеткен уақыт аралығы тербеліс периоды деп аталады.
Еркін тербелістер туралы ұғым енгізіледі. Денені тепе-теңдік қалпынан қоя берсек, онда ол өздігінен тербеле бастайды. Демек, тек энергияның бастапқы берілген қорының есебінен пайда болатын тербелістерді еркін тербелістер деп атайды. Тербелістегі денеге сыртқы күштер әсер етпесе, яғни үйкеліс күші жоқ болса, онда дененің потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға және керісінше
10-сурет. түрленуі болады. Мысалы, жіпке ілінген дене үйкеліс күші жоқ болса мәңгі еркін тербеліс жасайды.

10-сурет
Еркін тербелетін денелер әрқашанда басқа денелермен әсерлесіп және олармен бірігіп тербелмелі жүйелер деп аталатын денелер жүйесін құрайды. Мысалы 10-суреттегі тербелмелі жүйе жіпке ілінген шар, жіп, штативтен және жерден (10-суретте Жер көрсетілмеген) тұрады. Бұл жағдайда шар ауырлық және жіптің тартылу күштерінің әсерінен еркін тербелістер жасайды, олардың қорытқы күші тепе-теңдік қалыпқа бағытталған. Еркін тербеліс жасайтын денелер жүйесін тербелмелі
жүйелер деп атайды. Біз қарастырған тербелмелі жүйе маятник деп аталады. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар:
1. Тербеліс амплитудасы.11-суретте көрсетілген ұзындықтары бірдей екі маятник- тің тербелістерін салыстырамыз. Бұдан бірінші маятниктің екінші маятникке қарағанда тепе-теңдік қалынан ауытқу шамасы үлкен екенін көруге болады.
11 – сурет.

11-сурет
Тербелмелі дененің тепе-теңдік қалпынан ең үлкен ауытқуы тербеліс амплитудасы - деп аталады. Әдетте амплитуданы А әріпімен белгілейді және ұзындық өлшем бірліктері – метрмен (м), сантиметрмен (см) және т.б. өлшейді.
Резонанс құбылысының пайдалы және зиянды жақтарын айтып өту керек. Мысалы музыкалық аспаптарда дыбысты күшейту үшін резонаторлар қолданылады. Гитарада, скрипкада және басқа да ішекті аспаптарда резонатор қызметін сыртқы қораптарының (астыңғы және үстіңгі) бөліктері атқарады. Резонаторлар аспап шығаратын дыбысты күшейтуге көмектеседі және бір аспаптың үнін екіншісінен ажыратуға болатын дыбыс құбылысының бояуы – тембрді береді. Дыбыс тембрі резонатордың өлшемі мен формасына ғана емес, оның қандай ағаштан жасалғанына және жаққан лак құрамына тәуелді. Бұл резонанстың пайдалы жағы. Ал зиянды жағына телефон, микрофон, дыбыс зорайтқыштарда мембрана мен катушканың еріксіз тербелісі пайда болады. Осы еріксіз тербелістер құрылғының өз тербелісімен сәйкес келгенде қаттырақ дыбыс шығып, беріліп жатқан хабардың дауысында бұзылу пайда болады. Сонымен, бұл құрылғыларда резонанс құбылысы пайдасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет