«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет44/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.
12 - ДӘРІС
Тақырыбы: МАКСВЕЛЛДІҢ ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАР
ТЕОРИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мақсаты: Электрмагниттік толқындар тақырыбына ғылыми-әдістемелік талдау жасау, электрмагниттік толқынның қасиеттері, электрмагниттік толқынның қолданылуының физикалық негіздерімен таныстыру
Жоспары: 1. Электрмагниттік толқындар тақырыбына ғылыми-әдістемелік талдау
жасау.
2. Электрмагниттік толқын және оның қасиеттері.
3. Жарық – электрмагниттік толқын.
Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырма: «Радиобайланыстың физикалық негіздері» тақырыбына реферат жазып келу.
1. Электрмагниттік толқындар тақырыбына ғылыми-әдістемелік талдау жасау

Жалпы білім беретін орта мектепте электрмагниттік толқындарды оқып-үйренуде көптеген мәселелер қарастырылады: электрмагниттік толқындар және олардың қасиеттері, радиобайланыс принциптері, жарық толқындары және әр түрлі жиіліктегі электрмагниттік сәулелену.


XIX – ғасырдың ортасында электр және магнетизмге байланысты көптеген тәжірибеден алынған материалдар жинақталды: Кулон заңы (1785 ж.), Эрстед тәжірибесі (1820 ж.), Ампер заңы (1821-1823 ж,ж,), Фарадей тәжірибесі және электрмагниттік индукция заңы (1823-1831 ж.ж.), Лоренц күші және Ленц ережесі (1833 ж.), Ом заңы (1826-1836 ж.ж.).
Осы материалдарды жалпылап, теориялық түрде түсіндірген ұлы ағылшын ғалымы Джемс Клерк Максвеллдің үлесі зор. Ол кезде алыстан әсер ету теориясы мен жақыннан әсер ету теориясын жақтаушылар болып бөлінді.
Бірінен-бірі алыста тұрған денелердің арасындағы өзара әсер әрқашан өзара әсерді бір нүктеден келесі нүктеге жеткізетін аралық буындардың көмегімен жүзеге асырылады деп ұйғару жақыннан әсер ету теориясы, ал бір дененің екінші денеге өзара әсерді жеткізетін қандай да бір аралық ортаның қажеті жоқ, әсер бірден бостық арқылы беріледі деп ұйғару - алыстан әсер ету теориясы болып табылады.
Жақыннан әсер ету теориясына қарсы дәлелдер айтқан және алыстан әсер ету теориясына сенген Кулон мен Ампер және т.б. еді. Ньютон болса оған жақыннан әсер ету теориясының керегі болмады, гравитациялық әсер бостық арқылы бірден беріледі деп есептеді. Сондықтан да алыстан әсер ету теориясы XIX – ғасырдың екінші жартысына дейін үстемдік құрды.
Жақыннан әсер ету жөніндегі пікірлерді батыл жақтаған ағылшынның ұлы ғалымы Майкл Фарадей болды. Ол зарядтың және тоқтың айналасында орта болады, осы орта арқылы электрмагниттік өзара әсерлесу іске асырылады деген болжам жасады. Электрмагниттік өзара әсерлесудегі орта өріс болып табылады. Бұл өте батыл болжам еді.
Максвелл барлық материалдарды, фактілерді жалпылай отырып, магнит өрісін қозғалыстағы электр заряды ғана емес, кез келген уақыт бойынша өтетін электр өрісі де туғызады (ығысу тоғы) деген тұжырым жасады.
Максвеллдің электрмагниттік толқындар теориясы 1869 жылы осыларға сүйеніп түпкілікті қорытылып шықты. Сонымен жақыннан әсер ету теориясы қазіргі кездегі физикаға кез келген әсер шекті жылдамдықпен берілетінін мұра етіп қалдырды.
Электрмагниттік өрістің бар екендігі туралы көзқарас Максвелл теориясының негізі болып табылады. Бұл теориядан бірқатар салдарлар шығады, атап айтқанда: электрмагниттік өзара әсер шекті жылдамдықпен беріледі және ол жарық жылдамдығына тең; өріс кеңістікте көлденең электрмагниттік толқын ретінде тарайды. Неміс ғалымы Генрих Герц 1888 жылы тәжірибе жүзінде электрмагниттік толқындарды алып, олардың ұзындығын өлшейді. Сондай-ақ өз тәжірибесінде ол Максвелл айтып кеткен электрмагниттік толқынның шағылу, сыну, интерференция, дифракция және поляризация құбылыстарын қарастырды және оның жылдамдығының шекті екенін дәлелдеді. Электрмагниттік құбылыстар теориясының дамуы, электрмагниттік өріс - өзінше өмір сүретін материяның бір түрі деген тұжырымға алып келді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет