«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет42/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Бақылау сұрақтары:

  1. Электрстатикалық құбылыстар.

  2. Электрстатикалық өрістің қасиеттері мен сипаттамасы.

3. Магнит өрісі және оның ерекшеліктері.


1. «Электрдинамика» бөлімінің құрылымы

«Электрдинамика» мектептегі физика курсындағы ең күрделі бөлім, мұнда электр және магниттік құбылыстар, электрмагниттік тербелістер мен электромагниттік толқындар, толқындық оптика, салыстырмалық теориясының элементтері оқытылады.


Қазіргі кездегі физикаға байланысты ұғымдар электрмагниттік өріс, электр заряды, электрмагниттік тербелістер, электрмагниттік толқын және оның жылдамдығы енгізіледі. Сондай-ақ электрмагниттік толқындардың қасиеттері, олардың кеңістіктегі тарауы, радиобайланыс принциптері, теледидар қарастырылады.
Оқушылар осы бөлімде Дж.К. Максвеллдің электрмагниттік толқындар теориясымен сапалық түрде танысады.
Электрдинамика бөлімінде материяның тағы бір түрі – электрмагниттік өріс ұғымын тереңірек оқып үйренді. Негізгі мектепте материяның түрлері зат және өріс ұғымын, оның ішінде электр және магнит өрістері қарастырылған. Бірақ олардың сипаттамасы толық берілмеді. Ал оқушылар жоғарғы сыныптарда электрмагниттік өрістің заттан қандай айырмашылығының барын оқып үйренеді.
Салыстырмалылық теориясын оқып үйренгенде оқушылар қазіргі кездегі уақыт пен кеңістік туралы түсініктермен танысады.
Оқушыларға политехникалық білім беруде электр энергиясын өндіру және қолданулары айтылады. Олар электр құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу икемділіктеріне дағдыланады.
Оқушыларды еңбекке баулуда электрдинамиканың алатын орны ерекше, себебі көптеген өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында, балалар электр энергиясының қолданылуымен кездеседі. Білім беруде, халық шаруашылығында, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, радиобайланыс пен теледидардың алатын орнын көрсету маңызды болып табылады.



  1. Электрдинамика бөлімінің ерекшеліктері

Электрдинамикада ұғымдар абстрактілі және қиын болғандықтан, оларды оқып үйренуде көптеген көрнекіліктерді, сұлбалар мен кестелерді, демонстрациялық экспериментті, әртүрлі үлгілерді, суреттерді қолданады.


Оқушы көптеген электр және магнит құбылыстарын жақсы түсінеді, егерде осы құбылыстарды түсіндіретін теорияны білетін болса. Мұндай теория Максвеллдің математикалық дифференциал теңдеулермен берілген, электрмагниттік өріс теориясы. Орта мектепте оқушылардың математикадан дайындығы бұл теңдеулерді шешуге жарамайды. Сондықтан да орта мектепте Максвелл теориясы сапалық деңгейде электрдинамиканың барлық тақырыптарын қамтиды. Яғни электрмагниттік өріс, оның материялылығы, өрістің энергиясы, әсер ету жылдамдығының шектілігі және т.б.
Келтірілген тәжірибелердің кейбіреулері мектепте демонстрация ретінде көрсетілмейді, оларды сурет немесе компьютерлік үлгілеу арқылы көрсететіп түсіндіруге болады. Мысалы, Иоффе және Милликен, Ремер мен Физо тәжірибелері. Басқалары мектептегі бар құрал жабдықтарды пайдаланып демонстрация жасап көрсетіледі.Мысалы, Эрстед, Фарадей, Ампер және т.б. тәжірибелер жасап түсіндіреді. Бірақ оқушыларға осы тәжірибелер қазіргі кезде оңай жасалынып, түсіндірілгенімен оларды жасауда ғалымдардың қандай қиындықтарға кездескенін және оларды қалай жеңгені туралы әңгімелеп берген дұрыс.
Электрдинамикада іргелі тәжірибелерден басқа физикалық ұғымдарды енгізуге арналған тәжірибелер де бар. Оларға электр және магнит өрістерін жекелей көрсетуге, қозғалыстағы зарядтардың айналасында бір мезгілде болатын өрісті көрсететін және т.б. тәжірибелер жатады. Сондай-ақ шамалардың арасындағы сандық қатынастарды көрсететін тәжірибелер бар. Электрдинамикада көрсетілетін тәжірибелердің өту механизмін біз тікелей бақылай алмаймыз. Сондықтан да физикалық құбылысты түсіндіруге үлгі, аналогиялық (салыстыру) ойша эксперимент әдістері электрдинамикада кең қолданылады.
Электрдинамика негізін оқып үйренуде келесі үлгілер: еркін электрон (идеал үлгі); электрондық газ үлгісі (идеал үлгі); өткізгіш және жартылай өткізгіштер үлгісі (материалды үлгі); өткізгіштің, диэлектриктің, жартылай өткізгіштің зондық үлгісі (идеал үлгі) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет