«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Термодинамиканың бірінші заңын оқып үйренудің әдістемесі



бет40/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Термодинамиканың бірінші заңын оқып үйренудің әдістемесі

Жоғарғы сынып оқушыларында табиғаттың іргелі заңдарының бірі энергияның сақталу заңын қалыптастыруды термодинамиканың бірінші заңын оқып үйренуде одан ары жалғастырады.


Термодинамиканың бірінші заңын оқып үйренбестен бұрын, оқушыларды қызықтау үшін тұйық жүйедегі механикалық процестердегі энергияның сақталу заңын қайталаған жөн. Одан ары жүйенің ішкі энергиясын өзгерту жолдары негізгі мектептің 8-сыныбында өтілгендіктен, бұл жерде оны қайталайды және жалпылайды. Оқушыларды ішкі энергия, не жылу алмасу процесінде, не жұмыс істеу арқылы немесе жылу алмасу және жұмыс істелу процестері бір мезгілде жүргенде өзгереді деген қорытындыға алып келу керек.
Әр процестегі ішкі энергияның өзгеру өлшемі не болатынын талдау қажет. Оқушылар ішкі энергия жұмыс істеу арқылы өзгергенде өлшемі – істелген жұмыс, ал жылу алмасу арқылы өзгергенде өлшемі - жылу мөлшері деген қорытынды жасайды. Осы шамалардың таңбасы туралы қайталанады, жүйеге жылу мөлшері берілсе (Q>0) оң таңбалы, ал жүйеден жылу алынса (Q<0) теріс таңбалы болады.
Жүйедегі жұмыс сыртқы күштердің әсерінен істелсе, (A>0) оң таңбалы, яғни газ сығылса, егерде газ ұлғайса, онда сыртқы күштің жұмысы (A<0) теріс болады.
Әртүрлі мысалдарды қарастыра отырып, термодинамиканың бірінші заңын қорытындылайды. Жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі, жүйеге берілген жылу мөлшерінің және сыртқы күштердің жүйемен істеген жұмысының қосындысына тең болады.
∆U = Q + A,
Мұндағы, ∆U –ішкі энергияның өзгерісі. Бұл формуланы басқаша да жазуға болады:
Q = ∆U + A׳, (A׳ = - A)
Жүйеге берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы денелермен жұмыс істеуіне жұмсалады.
Термодинамиканың бірінші заңы және оны изопроцестерге қолдану.
Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолданбай тұрып, нақты мысалдарды қарастырамыз. Мысалы, калориметрдегі сулардың араласуы, суды спиртовка арқылы қыздыру немесе қатты денені соғу арқылы қыздыру жағдайларын тәжірибелер жасап, ішкі энергияның өзгерісі неге тең екенін талдау қажет. Одан ары идеал газдарға изопроцестерді қолдану мысалдарын қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет