Жаратылыстану-география



Дата11.12.2022
өлшемі29,85 Kb.
#162278
түріРеферат
Байланысты:
БОӨЖ


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
“Жаратылыстану-география” факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Дальтонның атомистикалық теориясы.Атомдық массаларды анықтау мәселесі.
Орындаған:Тілес А.П.
Қабылдаған:Шоқыбаев Ж.А
Тобы:ХНК 4-топ
Алматы 2022ж
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................
Дальтонның атомистикалық теориясы................................................
Атомдық массаларды анықтау мәселесі.............................................
Қорытынды.............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................

Кіріспе
Ағылшын химигі Джон Дальтон атомдық болжамды тәжірибе жүзінде растаған болатын. XIX ғасырдың басында Дальтон жаңа эмпирикалық заңдар ашты.Олар парциальды қысымдар заңы(Дальтон заңы),газдардың сұйықтықтарда еру заңы(Генри-Дальтон заңы) және еселік қатынастар заңы болып табылады.

Дальтонның атомистикалық теориясы
Еселік қатынас заңы: Егер 2 элемент бір-бірімен бірнеше қосылыс түзетін болса, бір элементтің белгілі бір мөлшеріне, екінші элементтің салмақ мөлшерінің қатынасы тұрақты заңдар қатынасы болады.
1803 жылы ашылған еселік қатынас заңы мен құрам тұрақтылық заңдарын негізге ала отырып,Дальтон өзінің атом-молекулалық теориясын ұсынды.Оны Дальтон 1808 жылы «Химиялық философияның жаңа жүйесі» атты еңбегінде жазған.
Дальтон теориясының негізгі қағидалары:
1.Барлық заттар атомдардың көп санынан тұрады (жай және күрделі).
2.Бір заттың атомдары толықтай бірдей. Жай атомдар абсолютті өзгермейді және бөлінбейді.
3.Әр түрлі элементтердің атомдары белгілі бір қатынаста өзара қосылуға қабілетті.
4.Атомдардың маңызды қасиеті-атомдық салмақ.
1803ж Дальтон зертханалық журналында кейбір элементтер мен қосылыстардың салыстырмалы атомдық массаларының бірінші кестесін жасап шығарған болатын.Элементтердің атомдарын арнайы шеңбер мен оның ішіне әртүрлі пішіндер салу арқылы өрнектеген болатын. Дальтон элементтердің атомдық салмақтарын бірнеше рет өзгерткен, дегенмен көптеген элементтердің атомдық салмақтары қате болып шыққан.
Жай атомдар Күрделі атомдар
Сутегі 1 Аммиак 5
Оттегі 5,66 Су 6,66
Күкірт 17
Азот 4
Бұл кесте химияның тарихындағы алғашқы қадам болып табылады


Атомдық массаларды анықтау мәселесі
Атомдық массаны анықтауда қосылыс құрамына кіретін әрбір элементтің атомдар санын білу қиыншылық тудырды.Соған байланысты Дальтон әртүрлі элементтердің атомдары күрделі атом түзгенде «максималды қарапайымдылық принципі» қолданылады деген тұжырым ұсынды.Принциптің мағынасы:егер екі элементтен тұратын бір бинарлы қосылыс бар болса,онда оның молекуласы бір элементтің бір атомынан және басқасының бір атомынан түзіледі.
Қарапайымдылық принципі атомдық салмақтар мәселесін шешуде негативті рөл атқарды.Атомдық салмақтар мәселесін шешу бір стехиометриялық заңның ашылуына септігін тигізді.
Көлемдік қатынастар заңын 1808ж француз ғалымы Жозеф Луи Гей-Люссак ашқан.Реакцияға түсетін газ көлемі мен реакцияның нәтижесінде түзетін газдардың қатынасы жай заттардың қатынасындай болады.Гей-Люссак заңы – 1800ж ағылшын химиктері У.Николсон мен Э.Карлайлдың су электролизін зерттеу нәтижелері арқылы анықталған.
1811ж Амедео Авогадро – Авогадра заңы деген болжам ұсынды: «Газдардың көлемі бірдей қысым мен температурада бірдей молекулалар санынан тұрады,сондықтан газдардың тығыздығы олардың молекулалық массаларының өлшемі қызметін атқарады.»
1815-1816жж ағылшын химигі Дальтон барлық элементтердің атомдық салмақтары бүтін сан және сутегінің атомдық салмағына еселі болу керек деген болжам айтты.Оның пікірінше, барлық элементтердің негізі-тек сутегі.
1819ж француз ғалымдары Дюлонг және Пти меншікті жылсыйымдылық заңын ашты.Қатты элементтердің меншікті жылусыйымдылығы атомдық массасына кері пропорционал.Дюлонг-Пти әдісі кейбір элементтердің атом салмақтарын табуға мүмкіндік туғызды.
Неміс химигі Мичерлих 1819ж атомдардың саны бірдей қосылыстар болатынын тапты.Олар бірдей кристалдық түрге ие болады және аралас кристалдар түзе алады.Мичерлихтің изоморфизм заңы тәжірибе жүргізгенде элементтердің атом массасын анықтауға мүмкіндік берді.
Швед химигі Берцелиус химиялық атомистикаға және атом салмағын шешу мәселелеріне зор үлес қосқан.Ол 1807ж элемент

қосылыстарының құрамын жіті зерттей бастаған.1814ж Берцелиус элементтердің атауын бір немесе екі латын әріптерімен таңбалауды ұсынды.Элементтердің атом санын таңбаның жоғары жағына жазуды ұсынды.


Волластон химиялық теорияның шиеленістері эквивалентті зерттеуде үлесін қосты.Неміс ғалымы Гмелин «Теориялық химия бойынша нұсқаулық кітабында» салмақтар туралы түсініктерге химик-бейорганиктер қолдау көрсетті.Ол оттегінің атомдық массасын Берцелиустегідей 8-ге тең деді.
1860ж 3 қыркүйекте немістің Карлсруэ қаласында өткен Халықаралық конгресте атом – молекулалық теорияға толықтай анықтама берді.Авогадро идеяларына сүйеніп италия химигі Канниццаро өзінің баяндамасын ұсынды.Конгрестің шешімі химияның әрі қарай дамуына үлкен үлесін тигізді.

Қорытынды

Қорытындылай келе,Дальтонның атомистикалық теориясы мен атомдық массаларды анықтау мәселесі кемшіліктеріне қарамастан,химияның дамуына үлкен үлес қосты.Химияның дамуындағы алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.




Қолданылған әдебиеттер


Шоқыбаев Ж.Ә.,Қаражанова Д.Ә. Химия тарихы.Оқу құралы.Абай атындағы ҚазҰПУ. «Ұлағат» баспасы 2014.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет