Диплом жұмысының көлемі, қосымшаларды есептегенде, 60-90 парақ көлемінде орындалады. Диплом жұмысы сауатты жазылуы және дұрыс толтырылуы керек. А 4 (210х297) форматының бір жақ бетіне жазылады. Кеглі - 14.
Жұмыс 1 интервал арқылы компьютерде теріледі.
Диплом мәтінін теруде парақ жиектерінің мөлшері:
сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм,
жоғары жағы – 20 мм, төменгі жағы - 25 мм деңгейінде болуы қажет.
Жұмысты тексерген кезде, табылған қателер, графикалық жаңылыстар штрихпен боялып, лайықты сиямен ұқыпты түзетілуі қажет. Бір бетте 3 түзетуден артық болмауы тиіс.