«жаратылыстану» институты



бет89/122
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#90095
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   122
Байланысты:
umkd m-19-1m(1)

Математика
Берілген есептің мақсатын мұғалім анықтайды. ”Берілген тапсырманы орындай отырып, сендер көп таңбалы сандарды қосуға және азайтуға үйренесіңдер”. Одан соң есептің мақсатын анықтауға көмектесетін шарттарға тоқталды: білім, өткен тәжірибе (атап айтқанда олардың үйренгендеріне талдау жасауы), оқушылардың осы тақырып бойынша нені біліп, нені істей алатындарын, әлі де болса неге үйренуі керектігін көрсетеді. Одан басқа оқушылар өз әрекеттерінде мақсатты анықтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.
Ол үшін мұғалім оқушыларға ”Берілген тапсырманы орындай отырып, сен нені үйренесің?”, ”Біз бұл тапсырманы неліктен орындаймыз?, ”Бұндай тапсырмаларды орындау іскерлігі саған қайда қажет болады деп ойлайсың?” деген сұрақтар бойынша үнемі мақсатты белгілеп отыруды ұсынады.
Мұғалім осылай жұмыстың мақсатын нақты белгілеу үлгісін көрсетіп, мақсатты анықтау шарттарын атайды, олар: тақырып, өтілген материалдар бойынша білімі, тапсырманың мазмұны. Жұмыстың мұндай мақсаттық бағыттылығы (мақсатты ойланып белгілеу, оның бастауыш сынып оқушылары үшін айқын болуы) оқушылардың өзін-өзі еріктік тұрғыдан басқаруын қалыптастырады. Ең бастысы оқушыларды мақсатты анықтауға және белгілеуге үйрету, сондықтан алғашқы кезде мақсатты анықтау өздеріне түрі таныс тапсырманы орындап болғаннан кейін ұжымдық түрде, кейінірек тапсырманы орындар алдында жүргізіледі. Мұғалім төмендегідей типтес сұрақтар ұсынады: шындығында, сендерге дейін бұл тапсырманы жүздеген бастауыш сынып оқушылары орындады. Егер дұрыс орындасаңдар. сендер де басқалар алған жауапқа жетесіңдер Шығарылған есепті қайта шешудің не мәні бар?
Сол сияқты бастауыш сынып оқушыларын оқулықтағы нақты практикалық міндетті оқу міндетіне айналдыруға жаттықтырудың маңызы зор. Мысалы, мұғалім №3 (математика, 65-бет) есептегі көбейтуді орында деген нақты практикалық тапсырманы оқу міндетімен алмастыруды ұсынады.
Ал қазақ тілінен 320 - жаттығудағы ”Зат есімнің астын бір, етістіктің астын екі сызындар. Етістіктің қай заттың қимылын білдіретінін айтыңдар. Қарамен жазылған сөздердің түбірі қайсы, қосымшасы қайсы, қандай сұрақ қойылады?” деген тапсырмалардан оқу міндетін анықтау. Мақсатты анықтауды, қабылдауды еңбекке баулу сабағында нақтылы материал негізінде дәлелдеген жөн. Себебі әрбір операцияның басталуы мен аяқталуын көрнекті түрде сезіне алады.



Еңбекке баулу сабағынан үзінді:
Тақырыбы: ”Папка” дайындау. Материал 2 сағатқа есептелген, сабақтың екінші бөліміне сипаттама.
Мұғалім: Бүгінгі сабақтағы өз әрекеттеріңнің мақсатын анықтаңдар.
Оқушы: Біз бүгін папка жасауды аяқтауымыз керек.
Мұғалім: Барлығың да осылай ойлайсыңдар ма?
Оқушы: Жоқ. Біз папка жасауды бітіріп, жұмысты аяқтауымыз керек. Бірақ оқу міндеті өткен сабақтағыдай папка жасауға үйрену болып қала береді.
Мұғалім: Неліктен бүгінгі сабақтың мақсаты осыдан бірнеше күн бұрын белгіленген күйінде қалады?
Оқушылар: Жауап беруге қиналады.
Мұғалім: Қазақ тілі сабағында жаттығу орындаудың, математикада есеп шығарудың мақсатын қалай анықтағанымызды еске түсірейікші.
Оқушылар: Бізге тапсырманың мақсатын анықтауға білім, бұрынғы тәжірибе (атап айтқанда талдау жасау тәжірибеміз), есептің мазмұны көмектесті
Мұғалім: Дұрыс. Ал еңбекке баулу сабағында мақсатты анықтауға ықпал ететін шарттар сабақтың тақырыбын айтып, оны тақтаға жазу, міндетті түрде бұйымның үлгісін көрсету, осындай жұмыстарды математика, қазақ тілі сабақтарында орындаудың практикасы бұл шарттардың барлық жағдайда сақтала бермейтінін көрсетеді.
Мұғалім: Енді бүгінгі сабақтағы өз әрекеттеріңіздің мақсатын атаңыздар.
Оқушылар: Папка жасап үйрену.
Мұғалім: Еңбекке баулу сабағының мақсатын анықтауға не көмектесті.
Оқушылар: Бізге мақсатты анықтауға мына шарттар көмектесті: папка (тақырып, бұйым үлгісі), практикалық тәжірибеміз.
Мұғалім: Дұрыс. Біздің тақырыбымыз ”папка дайындау”. Ол аяқталған жоқ. Өткен сабақта жұмыстың алғашқы бөліктерін ғана жасап үлгердік, бүгін оны аяқтаймыз, яғни бүгін жұмысты одан әрі қалай жалғастыруды үйренеміз. Мақсаттың бұлай анықталуы мен оның берілу формасына барлығы да келісті. Оқушылар барлық шартты бөліп алып атаудың әрекет мақсатын анықтауға зор ықпалы болғанын атап көрсетті. Тақырыппен алғаш танысу сабақтарында мұғалім әрекеттің мақсатын өзі анықтап, айтып берді, оқушыларды келесі сабақтарға бағыттады. Кейінірек оқушылар барлық шарттқа - тақырыпты атау,өтілген материал бойынша білімдері, білім мазмұнына өз беттерінше талдау жасайды.


Математика сабағынан үзінді:
Тақырып: ”Көп таңбалы сандарды қосу және азайту” (тақырып тақтаға жазылып қойылады).
Мұғалім: Ойланып, бүгінгі сабақтағы әрекетіміздің мақсатын айтыңдар.
Оқушылар: Көп таңбалы сандарды қосу мен азайтуға үйрену.
Мұғалім: Мақсатты осылай тез анықтауға не көмектесті?
Оқушылар: Сіз тақырыпты хабарладыңыз, ал біз оны әлі өткен жоқпыз.
Мұғалім: Мақсатты тек тақырыпқа қарап қана анықтадыңдар ма?
Оқушылар: Жоқ. Біз екі таңбалы және үш таңбалы сандарды өткенде оларды өзара қосып үйрендік, ендеше бүгін көп таңбалы сандарды қосып, азайтуға үйренуіміз керек.
Мұғалім: Сонымен математика сабағында іс-әрекетіміздің мақсатын анықтауға көмектескен шарттарды атайықшы.
Оқушылар: Тақырыпты атау, ол туралы біліміміз, екі таңбалы
сандар туралы білетінімізді еске түсіру.
Мұғалім: Сонымен, біз өтілген материалды еске түсірдік. Ендеше мақсатты дұрыс анықтау үшін, сабақтың тақырыбын мұқият оқып, ол тақырып бойынша не белгілі екенін еске түсіру керек, одан соң осы сабақта нені үйренетініміз туралы ойлану керек. Кез келген әрекет, оның ішінде еңбек әрекеті де мақсатты анықтаудан басталатындықтан. мұғалім бірнеше сабақ бойы осылай сабақ мақсатын анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырып, әр оқушының өз әрекетінің мақсатын түсінуге, оның мәнін айта білуіне қол жеткізеді. Осы мақсатта мұғалім оқушыларға бір-біріне іс-әрекеттің мақсатын анықтауға қажетті шарттарды атап, оларды негіздеп, айтып беруге тапсырма ұсынады. Бұдан кейін мұғалім оқушылардан бірге жазылған оқу және практикалық міндеттердің арасынан оқу міндетін бөліп алып, оларды түсіндіруді сұрады:

  1. сурет бойынша балалардың құстар туралы әңгімелеуі;

  2. берілген сызба үлгі бойынша бұйым құрастырып үйрену;

  3. оқып шығып, қысқаша әңгіме дайындау;

  4. көшіріп жазып, септік жалғаулы зат есімнің септіктерін анықтау;

  5. сызба үлгі бойынша макет құрастыру;

  6. оқулықтағы сурет бойынша сөйлеуге үйрену. Бұдан кейін бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің көмегінсіз алда тұрған жұмыстың мақсатын анықтайды, мұғалім үй тапсырмасын бере отырып, мақсатын анықтауды талап етеді.

Келесі күні бұл тапсырма тексеріледі. Бұндай жұмыстар бірнеше рет қайталанады. Содан кейін ғана оқушылар әр жұмыстың мақсатын өз беттерінше анықтай алады. Мұғалім оқу міндетін белгілей отырып, әр оқушы өз бойында талаптылық, қайсарлық, тәуелсіздік, ұйымдастыру-шылық сияқты адамға кез келген жағдайда қажет болатын ерік қасиеттерін дамытатынына оқушылардың назарын үнемі аударып отырады. Одан әрі берілген оқу міндеті бойынша тапсырма құрастыру жұмыстары жалғастырылады. Бұл жұмыс оқушылардың өз бетімен орындауына ұсынылады. Мысалы, тең бөлікке бөлу: ”Ауданға 1884 т.тыңайтқыш 2-ге бөлініп жеткізілді. Алғашқыда тыңайтқыш 24 вагонмен,екіншісінде 33 вагонмен әкелінді. Вагондардың сыйымдылығы мен жүк көтергіштігі бірдей болса, ауданға бірінші және екінші кезектерде қанша тыңайтқыш әкелінген” есеп құрастырылады. Мұғалім оқушыларға осындай тәсілмен шығатын өз есептерін құрастыруға тапсырма береді. Бұл кезеңде мұғалім басқа да жұмыс тәсілдерін қолданады (әдістемені қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет