Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже

бет22/25
Дата29.03.2017
өлшемі5,42 Mb.
#12685
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Пәннің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Пән деңгейі: Бакалавр

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 3

Дәріс берушінің аты-жөні: Жанбатыр А.С. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Студенттерді философия тарихымен және ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайымен таныстыру.

2. Ойлау мәдениетінің өсуіне жағдай жасау, ойлаудың өзіндік, сыншылдықө, өзін-өзі сынау түрлерін көтермелеу және ақылдың кеңдік, тереңдік, ашықтық, алғырлық сияқты түрлерінің қалыптасуын қолдау.

3. Сұхбаттың әдістері жөнінде білім беру, дағдыларды қалыптастыруға көмектесу.

4. Алған білімдерді практикада жүзеге асыра білуге үйрету.

Пәннің міндеттері: Философия тарихын, әралуан философиялық ілімдерді тану, ойткені философиялық ойдың дамуы – бұл түрлі көзқарастар мен ойлардың сұхбаты және өмірлік философиялық сұрақтарға жауап іздеу.

Отандық философия тарихын, қазақ философиясының ерекшелігін тану.

Ғылыми категориялар мен ұғымдарды игеру.

Деректемелер: Адам және қоғам, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану

Пәннің мазмұны: Философия ғылымы әлемдегі барлық жоғарғы білім беру орындарында оқытылуына байланысты философиясыз жоғарғы білімнің болуы мүмкін емес деген пікір қалыптасқан. Бұл жағдай мынадай себептермен түсіндіріледі: біріншіден, кез-келген мемлекет өзі дайындайтын мамандардың дүниеге деген көзқарасының стихиялы, жүйесіз түрде қалыптасқанын қаламайды. Сондықтан, жас буын студенттеріміздің 20 жас шамасында терең де ғылыми, философиялық дүниетанымын қалыптастыруы үшін 2,5 мың жыл бойы адамзат баласының өмір-тіршілігінде жинақтаған даналығы мен құндылықтарын жүйелі түрде игеруі қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

2.Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

3.Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4.Философиялық сөздік. – А., 1996.

5.Әбішев К. Философия. – А., 2001.

6.Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

7.Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

8.Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

9.Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

10.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

11.С.Мырзалы. Философия . А., 2008.

12. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Пәннің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: ОP 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жарекеев Қ.Ж.- оқытушы

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Пәннің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn2109

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Құлтанов Б. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттердің экономикалық білімін қалыптастыру мақсатында осы пәнді оқыту.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану», «Әлеуметтану».

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бартенов С.А. Эстории экономических учений. М.: «Юрист», 2002, -15 с.

2. Шиденов «Экономика теория негіздері»

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn2109

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Пәннің атауы: Өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері

Пәннің коды: OSZH 2111

Пәннің типі: Базалық пән, міндетті компонент

Пән деңгейі: Бакалавриат

Оқу жылы: 3

Оқу семестрі: 3

Кредиттер саны: 2

Дәріс берушінің аты-жөні: Бимаханов Т.Д. – оқытушы магистр

Курстың мақсаты: «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздері» пәнін меңгерудің мақсаты, студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдыны игеріп, болуы мүмкін табиғи апаттар, қирау, алапат зардаптарынан халық шаруашылығы нысандарын қорғау мен қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдап және болжай алуды үйрету.

Деректемелер: Оқу практикасы

Пәннің мазмұны: Тіршілік ету қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Автономды тіршілік ету жағдайында адамдардың өзін-өзі қорғаудағы әрекеті. Бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Өмір – тіршілік қауіпсіздігі. С.Арпабеков. – Алматы, 2004.

2. Александров М.Н. – Безопасность человека на море. Л., Судостроение, 1983.

3. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы, 2000.

4. Өмір қауіпсіздігі негіздері. – Алматы, 1994

5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскерлік жарғылары:-Алматы, 1998.

6. Тіршілік қауіпсіздігі. – Қарағанды, 1990.

7. Алғашқы медициналық жәрдем. – Алматы, 2002.

8. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы. 2001ж.

Сабақ беру әдістері: Оқудағы дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі:әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапхана ресурсы).

Пән атауы: Волейбол оқыту әдістемесі

Пән коды: VMP 3206

Пәннің тип: Базалық пәндер, міндетті компонент

Пән деңгейі: бакалавриат

Оқу жылы: 3

Оқу семестрі: 6 семестр

Кредиттер саны: 2 кредит

Дәріс берушінің аты жөні: Даутов Абай Сайын ұлы – оқытушы

Курстың мақсаты: Дене мәдениеті және спорт бойынша әр түрлі құрылымдық мекемелерге студенттері волейболдан кәсіби-педагогикалық, жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарына дайындау.

Деректемелер: Спортық морфология,Педогогика, Дене тәрбиесінің теориясы, Спорт физиалогиясы,Спорт биомеханикасы.

Пәннің мазмұны: Оқу барысында волейбол саласындағы болашақ мамандарды, үйрену барысында біліктілік пен дағдыларды меңгеру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. А.В.Ивойлов «Волейбол»,Высшая школа 1979,

2.А.Г.Айриянц «Волейбол» ФиК6 1985,

3.Ю.И.Портной «Спортивные игры» ФиС

4.«Государственная программа развития массового спорта в РК на Закон РК

Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Пәннің атауы: Баскетбол, гандболды оқыту әдістемесі

Пәннің коды: BGMP 3207

Пәннің типі: Базалық пән, міндетті компонент

Курс/пән деңгейі: бакалавриат

Оқу жылы: 3

Оқу семестрі: 5

Кредиттер саны: 4

Дәріс берушінің аты жөні: Боқаев Оспан Тілесұлы – аға оқытушы

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік):Дене тәрбиесі жәнеспорт бойынша әр түрлі құрылымдық мекемелерге,мектептерге студенттерді баскетбол жәнегандболдан оқыту әдістемесі бойынша кәсіби-педагогикалық,жаттықтырушылық жәнеұйымдастыру жұмыстарына дайындау.

Деректемелер: Спорт психологиясы, биомеханика, педагогика, анатомия, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.

Курстың/пәннің мазмұны: Спорт түрінен қалыптасу тарихы. Разрядтық талаптар. Техникалық, тәсілдік қимылдарын жіктеу. Ойыншылар қызметі. Жеке және топтық қимылдар. Командалық, тактикалық қимылдар. Оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру. Ойын қимылдарына үйрету әдістемесі. Жалпы және арнайы дене дайындығы. Техникалық тәсілдік дайындық. Оқыту әдістемесі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Семашко И.В. Баскетбол. / Учебник. - Москва: - 1986.

2.Портных Ю.И. Спортивные игры. / Учебник. - Москва. - 1975.

3.Давыдов М.А. Судейство по баскетболу. / Учебник. - М., - 1983.

4.Воробьева И.П. Спортивные игры / Учебное пособие. - М., - 1971.

5.Гзовский В.М., Кудрямов В.А. Студенческий баскетбол М., - 1971.

6.Гумаков А.А. Спортивные и подвижные игры / Учебное пособие. - М., -1970.

7.Яхонова Е.Р. Юнный баскетболист / Учебное пособие. - М., - 1987.

8.Горбашев И. Баскетболды жоғары оқу орындарында оқыту /Оқу құралы. -Алматы, 1994.- 179 6.

9.Уразбаев А. Валиев А. Қуатбеков Ш. Баскетбол / Жоғары оқу орындарындағы спорт факультеттеріне арналған оқу құралы. - Түркістан, 2008.-305 б.

10.Железняк Ю. Д., Портнов Ю. М., Савин В.П., Лексаков А. В. Спортивные игры. 11.Техника, тактика, методика обучения./Учебник. – г.Саратов, 2008

Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Пәннің атауы: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі

Пәннің коды: ТМFМS – 2 (3) 215

Пәннің типі: Базалық пән,міндетті компонент

Курс деңгейі: Бакалавр

Оқу жылы: 3

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Егізбаев Жақсыбек – педагогика ғылымдарының кандидаты,академ. профессор

Курстың мақсаты: «Дене шынықтыру ілімі мен әдістемесі» пәнін оқыту арқылы студенттердің арнайы базалық білімін қалыптастыру, дене жаттығуларының классификациясы, дене тәрбиесіндегі оқыту әдістері мен принциптерін меңгеру.

Деректемелер: «Спорт тарихы», «Дене тәрбиесімен спорттың теориясы мен әдістемесі»

пәндері бойынша білім алды.

Курстың мазмұны:Дене жаттығуларының жалпы заңдылықтары. Дене тәрбиесіндегі зерттеу әдістері. Оқыту қағидалары. Сабақы жоспарлау. Сабақ өткізудің әдістері мен тәсілдері. Әртүрлі жастағы адамдармен жүргізілетін дене тәрбиесі. Сабақ жүктемелері мен тығыздығын анықтау әдістері.

Ұсынатын әдебиетттер: Л.П.Матвеев «Теория и методика физического воспитания», А.Ашмарин «Теория и методика физического воспитания» Н.Столбов «История физической культуры и спорта», Е.Уаңбаев «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі»

Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Пәннің атауы: Спорттық медицина

Пәннің коды: SM 3216

Пәннің типі: Базалық пән, міндетті компонент

Курс/пән деңгейі: бакалавриат

Оқу жылы: 3

Оқу семестрі: 6

Кредиттер саны: 2

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Турспенбетова С.Т. – аға оқытушы

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): Болашақ мамандарды дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолдану арқылы жаттығушының денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілетін арттырып, белсенді ұзақ өмір сұруіне бағытталған жағдайлар жасап және осы дағдыларды қалыптастастыру.

Студенттер курстан кейін мына қағидалардан хабардар болуы қажет: Дене бітімінің дамуы мен денсаулықты бағалау ерекшеліктерінен;спорт түріне байланысты ағзаның негізгі жүйелерінің жаттығу барысындағы қызметтік өзгерістерін, жалпы жұмысқа қабілеттілігін, энергия қорын анықтау және бағалау принциптерінен;спорт түріне, дәрежесіне және сауықтыру дене тәрбиесіндегі дәрігерлік-ұстаздық бақылауды ұйымдастыру түрлері мен жүргізу әдістерінен;оқыстан дамитын сырқаттық жайттар мен тірек-қозғалыс жүйелерінің зақымдарының пайда болу себептерін, клиникалық белгілерін, сақтандыру жолдарын және жедел медициналық көмек беру әдістерінен;арнайы медициналық топтағы, сауықтыру дене тәрбиесімен шұғылданушылардың орындайтын жүктемелерінің көлемі мен қарқының анықтау және жүргізу тәсілдерінен.

Болашақ мамандардың міндетті түрде білулері қажет:

Сырттай көзбен көру арқылы жаттығушылардың дене мүсінін, пішінің және тірек-қозғалыс аппаратарының ерекшеліктерін;Дененің тотальды көрсеткіштерін өлшеу және оларды бағалау білу;Тамыр соғу жиілігін және қан қысымын өлшеп, ол көрсеткіштердің жаттығудың қарқыны мен көлеміне және машықтану дәрежесіне байланысты өзгеруін бағалау;Спорттың түріне лайықты функционалды сынама жүргізіп, спортшының жұмысқа қабілеттілігін және қызметтік мүмкіншілігін машықтану дәрежесіне сәйкестігін анықтау;

Дәрігерлік-ұстаздық бақылау көрсеткіштерін талдап, жаттығуды дұрыс жүргізе білу және тиімділігін арттыруға арналған ұсыныстарды енгізу.

Деректемелер: Анатомия, биомеханика, биохимия, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері, ДШ және спорт гигиенасы

Курстың/пәннің мазмұны: Зерттеу пәні, нысандары,құрамы,бөліктері. Дене шынықтырушылар мен спортшылардың кешенді дәрігерлік зерттеуін ұйымдастыру әдістемесі, міндеттері. Спортшыларды зерттеудің ерекшеліктері. Қызметтік тексерулер мен тесттердің жіктелуі. Дәрігерлік топтар. Жалпы және спорт патологиясының негіздері. Патологиялық күйлер, травматология. Алдын алу шаралары. Денсаулықтың медициналық аспектілері. Жекелей денсаулық диагностикасы. Денсаулықты басқару мен қалыптастырудың негізгі принциптері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Дубровский В.И. Спортивная медицина М., 2002

  2. Макарова Г.А. Спортивная медицина М., 2003.

  3. Мустафина Т.К. Спорттық медицина, Алматы 1997ж.

  4. Мустафина Т.К. Спорттық медицина, Алматы 1993ж

  5. Мустафина Т.К. Дунаева З.К Спорттық аурулар мен жарақаттар А., 1994ж.

  6. Мустафина Т.К. Дунаева З.К Дәрігерлік – ұстаздық бақылау. А., 1994ж.

Сабақ беру әдістері:Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қортынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет