4.Саусақша жанасу немесе құлып —
кӛрші
жасушалар
плазмолеммаларының бір-біріне қарама-қарсы саусақ тәрізді еніп, құлып
тіліне ұқсас байланысуын айтады.
5.Синапстық байланыс — жүйкелік қозу мен тежелуді бір бағытта
ӛткізуге маманданған, нейроциттер, нейроцит –бұлшық ет жасушалары,
нейроцит-эпителиоциттер плазмолеммалары аралықтарындағы жасуша
аралық жанасу.
Синапстық байланыс (грекше synapsis – байланыс) — екі
нейронның немесе нейрон мен эффекторлардың жанасқан жері. Синапс
терминін 1897 жылы енгізген Шеррингтон. Оны морфологиялық
тұрғыдан нейрондар цитоплазмасының микроскопиялық ӛсіндісі деп
33
қарастырады (7 сурет). Электронды микроскоппен зерттеу барысында
синапстың
құрылымында импульсті ӛткізуші
және
импульсті
қабылдаушы мембраналар мен екеуінің арасында синапс саңылауы
болатыны анықталды. Бірінші жасушаның мембранасын