Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Студенттердің ӛзіндік жҧмыстары бойынша тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет41/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Студенттердің ӛзіндік жҧмыстары бойынша тапсырмалар: 
Жасушалар мен ядролардың пішінін зерттеу: 
1. Препарат
. Бүйрек каналдарының жасушалары.
Бояуы: гематоксилин-эозин.
Омыртқалы жануар қоянның бүйрек каналдарындағы жасушалар 
пішінін зерттеу.
Препаратты кіші ұлғайтқышпен қарағанда кӛлденеңнен кесілген 
дӛңгелек және ұзына бойынан кесілген сопақша бүйрек каналдары мен 
олардың ортасындағы қуыстары жақсы кӛрініс береді.
Үлкен ұлғайтқышпен қарағанда бүйрек каналдары қабырғасында 
орналасқан куб және призма тәрізді жасушаларды кӛруге болады. Куб 
тәрізді жасушалардың биіктігі мен ені бірдей, ал призма тәрізді 
жасушалардың ені биіктігінен кем болады ( 8, 9 сурет). Жасуша 
цитоплазмасы эозинмен қызғылт түске боялса, ядросы
гематоксилинмен күлгін түске боялған.
Бүйрек каналының суретін салып ондағы жасушалардың бӛліктерін 
белгілеңдер: 1 - жасуша ядросын, 
2 – цитоплазманы,
3 – плазмалемманы. 
2. Препарат
. Адам қанының жағындысы.
Бояуы: азур ІІ және эозин.
Препаратты үлкен ұлғайтқышпен қарағанда дӛңгелек пішінді, екі 
жағынан қысыңқы келген ядросы жоқ қызғылт түсті кӛптеген 
эритроциттер кӛрінеді. Олардың арасынан ядросы бар лейкоциттерді 
табыңдар: ядросы дӛңгелек – лимфоциттерді, олардың цитоплазмасы 
кӛгілдір түске, ядросы күлгін түске боялған, пішіні дӛңгелек немесе 


35 
сопақша; ядросы сегменттелген және цитоплазмасы түйіршікті – 
нейтрофилдер мен эозинофилдерді (10 сурет). 
Бірнеше эритроциттер мен лейкоциттердің суретін салып белгілеңдер: 1 - 
жасуша ядросын, 2 – цитоплазманы, 3 – плазмалемманы. 
3 тпсырма:
Жасуша мембранасының сыртқы қабаттары мен 
құрамын зерттеу. 
Жасуша мембранасының немесе плазмалеммасының суретіне (3- 
сурет) зер сала қарап, схема түрінде суретін салып, тӛменде кӛрсетілген 
бӛліктерін белгілеңдер:
1.
Гликокаликсін.
2.
Белокты-липидті қабатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет