34
Пресинаптикалық мембрананың үстінгі жағында синапс кӛпіршіктер
кӛп орналасады. Оның құрамында химиялық
заттар - ацетилхолин
болады.
Плазмодесмалар
– жіңішке түтік тәрізді цитоплазманың ӛсіндісі,
мӛлшері 40-50 нм шамасында, кӛршілес жатқан екі жасушаны бір-бірімен
байланыстырады. Жасуша аралық байланыстың бұл түрі ӛсімдіктерде
кездеседі, оны 1881 жылы И.Н.Горожанкин сипаттап жазған.
Плазмодесмалар жасушаларды қоршаған мембраналар арқылы ӛтіп,
құрамында
қоректік заттар, иондар және
жасушаға қажетті қосылыстар
бар ерітінділердің жасуша аралық ағымын қамтамасыз етеді.
Кейбір
ӛсімдіктерде плазмодесмалар кӛршілес
жатқан екі жасушалардың
гиалоплазмасын байланыстырады
.
Достарыңызбен бөлісу: