Жаратылыстану және математика



бет49/61
Дата10.06.2017
өлшемі6,82 Mb.
#19032
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61

ІІ вариант

1-есеп. Адам 20 м биіктіктен тасты түсіріп алды. 3 сек өткеннен кейін екінші тас тасталды. Егер екі таста жерге бірдей уақытта жеткен болса, екінші тастың бастапқы жылдамдығы қандай болғаны?

2-есеп. Қозғалмайтын блок арқылы өткізілген жіптің ұштарына массалары 200 г. және 300 г. екі жүк ілінген. Блоктың массасын ескермеуге болады. Үйкеліс күші азғантай. Қозғалыс басынан 2 с өткенде әр жүк қандай жол жүреді?

3-есеп. Массасы 5г бөлшек 10м/с жылдамдықпен ұшып келе жатып, екі бөлікке бөлінді. Массасы 3г бірінші бөлігі бастапқы қозғалыс бағытына перпендикуляр бағытта 2м/с жылдамдықпен кетсе, екінші бөліктің жылдамдығы қандай болғаны.



ІІІ вариант
1-есеп. Ұзындығы 100 м еңісті шаңғышы 0,3м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының еңістің басындағы және бітісіндегі жылдамдығын анықтаңдар.

2-есеп. Көтергіш кран массасы 1т жүкті көтереді. Егер жүк 25м/с2 үдеумен қозғалса, көтерудің бастапқы мезетінде арқанның керілу күші қандай болды?



3-есеп. Массасы 10 кг шар ұзындығы 2м жіпке ілінген. Массасы 5г горизонталь ұшқан оқ шарға соғылып, онда тұрып қалады. Егер шар ілінген жіп вертикальдан 300 - қа ауытқитын болса, оқтың жылдамдығы қандай болғаны?

ІV вариант
1-есеп. Мұнараның басынан бірдей жылдамдықпен екі тасбір мезетте лақтырылды: біреуі вертикаль жоғары, екіншісі – вертикаль төмен. Осы екі тастың арақашықтығы қандай заңға бағынып өзгереді. Ауаның кедергісін ескермеуге болады.

2-есеп. Диек рад/с2 бұрыштық үдеумен тежеледі. Айналу жиілігі мин-1 –ден мин-1 –ге дейін өзгергенше диек қанша айналым жасайды? Осы өзгеріске кеткен уақыт қанша?

3-есеп. Ұзындығы сымның жоғарғы ұшы бекітілген, төменгі ұшына байланған массасы жүктің әсерінен сым шамаға ұзарады. Сымның потенциялық энергиясының өзгерісі қандай? Жүктің потенциалдық энергиясының өзгерісі неге тең?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет