Жаратылыстану және математика



бет50/61
Дата10.06.2017
өлшемі6,82 Mb.
#19032
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61

V вариант
1-есеп. Материялық нүкте қисықтың бойымен тұрақты тангенциаль 0,5м/с2 үдеумен қозғалады. Қисықтың радиусы 3 м болатын учаскеде нүктенің жылдамдығы 2 м/с болса, нүктенің толық үдеуі қандай болады?

2-есеп. Автомат пистолеттен массасы 10 г оқ 300 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Пистолеттің затворының массасы 200 г, ал ол пистолеттің ұңғысына қайшылығы 25 Н/м серіппемен жалғасқан. Оқ атқан кезде пистолет мықты орныққан деп қарап, затвор қандай қашықтыққа кейін тебілетінін анықтаңдар.

3-есеп. Диек вертикаль өстен 30 айн/мин жылдамдықпен айналады. Айналу өсінен 20 см қашықтықта диек үстінде бір дене жатыр. Дене диегінің үстінен сырғанау үшін, үйкеліс коэффициенті қандай болу керек?

2 жеке тапмсырма

Тақырып: «МКТ. Электростатика. Тұрақты ток»

І – вариант

1-есеп. 4кг гелии мен 4 кг азот қалыпты жағдайда қандай көлем алады.

2-есеп. Тұрақты қысымда газды 200С температураға қыздырғанда оның көлемі 2 есе артса, оның температурасы неге тең?

3-есеп. Ұзындығы 5м мыс өткізгіштің ұштарындағы кернеу 1В. Өткізгіштегі ток тығыздығын табыңдар.



ІІ – вариант

1-есеп. Газ молекуласы ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы 5*10-21Дж., концентрациясы 3*1019см-3. Газ қысымын табыңдар.

2-есеп: Егер ұзындығы 5м өткізгіштің ұштарындағы кернеу 2В болса, ондағы токтың тығыздығы қандай? Материалдың меншікті кедергісі 2мкОм.*м

3-Жазық ауа конденсатордың астарларының арасы 2мм, ауданы 100см2, потенциалдар айырмасы 50В. болды.Астарларды 1см аралыққа дейін керу үшін қандай жұмыс жасау қажет.



ІІІ – вариант
1-есеп. . Егер ε = 4В, r = 0,2 Ом, R1 = 0,9 Ом, R2 = 2,9 Ом. болса, тізбектегі токты есептеңдер:


2-есеп. Кедергісі 10 Ом өткізгіштегі ток I= 3 А болса, 30 с ішінде өткізгіштен бөлініп шыққан жылуды анықтаңыз.

3- есеп. Изохоралық процесс кезінде қысым 4 есе артты. Соңғы температура 1200К болса, бастапқы температура қандай болғаны?



ІV вариант
1-есеп: Тұрақты р=105 Па қысымда сыртқы күштер 104 Дж жұмыс жасайды. Бұл жағдайда газдың көлемі қалай өзгерді?

2-есеп. Егер әр конденсатордың сыйымдылығы 3 мкФ тең болса, төмендегі конденсатор батареясының сыйымдылығы неге тең?



3-есеп.


Сыртқы кедергі 5Ом болса, ток көзіне параллель қосылған вольтметр 10В кернеуді көрсетеді. Ал кедергі 12 Ом -ға тең болғанда, 12 В кернеуді көрсетеді. Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергіні табыңдар.
1-7 аптаның тақырыптары бойынша бақылау сұрақтары.

  1. Механикалық қозғалыс.Санақ жүйесі. Траектория, жол және орын

ауыстыру.

  1. Жылдамдық. Үдеу. Қатты дененің ілгерілмелі және айналмалы қозғалысы.

  2. Механикалық қозғалыс түрлері.

  3. Инерциалды санақ жүйесі. Ньютонның бірінш заңы. Импульс.

  4. Ньютонның екінші және үшінші заңдары.

  5. Галилейдің салыстырмалық принцпі.Галилей түрлендірулері. Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

  6. Механикалық энергия, жұмыс, қуат. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Энергияның сақталу заңы.

  7. Соққы және оның түрлері. Импульстың сақталу заңы.

  8. Күш моменті. Импульс моменті. Инерция моменті. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Импульс моментінің сақталу заңы.

  9. Тербелістер. Гармониялық тербеліс. Тербеліс теңдеуі. Өшетін тербелістер. Еркін және еріксіз тербелістер. Тербеліс жиелігі және периоды

  10. Толқындар. Тұрғын және қума толқындар. Тербелістер резонансы.

Доплер эффектісі

  1. Молекула өлшемі. Зат мөлшері. Авогадро тұрақтысы. Заттың агрегаттық күйлері және қасиеттері.

  2. Жылулық қозғалыс. Молекула – кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Қысым. Температура.

  3. Идеал газ күйінің теңдеуі. Клапейрон теңдеуі. Изопроцестер. Универсаль газ тұрақтысы.

  4. Идеал газдың ішкі энергиясы және жылусиымдылығы. Адиабаттылық процесс

  5. Термодинамикалық параметрлер. Термодинамикалық процесс. Системаның толық және ішкі энергиясы. Жылу және жұмыс

17. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңын

изопроцестерге қолдану. Термодинамиканың екінші заңы.

18. Нақты газдар теориясы.

19. Сұйықтардың құрылымы және қасиеттері.

20. Кристалдар. Құрылымы және түрлері, қасиеттері

8-15 аптаның тақырыптары бойынша бақылау сұрақтары.


  1. Электр заряды. Кулон заңы.

  2. Электр өрісі және оны сипаттайтын шамалар: кернеулік, потенциаль. Суперпозиция принцпі.

  3. Электростатикалық өрістегі жұмыс.

  4. Өткізгіштер. Диэлектриктер. Жартылай өткізгіштер. Диэлектриктердің поляризациясы. Диэлектриктердің ішіндегі электр өрісі.

  5. Электр сиымдылық. Конденсаторлар. зарядталған өткізгіштің энергиясы, конденсатордың энергиясы

  6. Электр тогы. Ток күші және тығыздық. Кернеу. Өткізгіштің кедергісі.

  7. Тізбек бөлігі үшін және тұйық тізбек үшін Ом заңы. Бөгде күштер. ЭҚК.

  8. Джоуль – Ленц заңы. Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты

  9. Тармақталған тізбек. Кирхгоф ережелері.

  10. Магниттік индукция. Магниттік күш сызықтар. Магнит өрісінің кернеулігі.

  11. Лоренц күші. Ампер заңы. Био – Савар – Лаплас заңы.

  12. Магнит өрісіндегі тогы бар контур. Вакумдагы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

  13. Тогы бар өткізгіштің тұрақты магнит өрісінде орын ауыстыру кезіндегі жұмысы. Магнит ағыны.

  14. Электрондар мен атомдардың магниттік моменттері.

  15. Индукция құбылысы. Ленц заңы. Өздік индукция. Өзара индукция.

  16. Магнит өрісінің энергиясы.

  17. Жарықты сипаттайтын шамалар. Геометриялық оптика заңдары.

  18. Жарықтың интерференциясы. Когаренттілік.

  19. Спектр. Жарық дифракциясы. Ньютон сақиналары. Гюгейнс – Френель принцпі. Дифракциялық тор.

  20. Жарықтың жұтылуы және шашырауы.. Жарық дисперсиясы.

  21. Жарықтың поляризациясы. Поляризаторлар. Малюс заңы. Брюстер заңы. Анизотропия.

  22. Жарықтың корпускулярлық – толқындық қасиеттері. Жарық дуализмі. Фотон. Квант.Фотонның массасы мен импульсы, энергиясы.

  23. Жарық қысымы. Планк формуласы.

  24. Фотоэффект құбылысы. Шығу жұмысы. Фотоэффект заңы. Эйнштейн формуласы.

  25. Атомның планетааралық моделі. Резерфорд тәжірибесі.

  26. Спектрлік сериялар. Сутегі атомының Бор жасаған теориясы. Бор постулаттары. Бор теориясының қиыншылықтары.

  27. Ядроның құрылысы. Протондар және нейтрондар. Элементар зарядталған бөлшектер.

  28. Радиоактивтілік. Радиоактивті элементтер. Радиактивтілік ыдырау заңы. Ыдырау ережелері.

  29. Тізбекті ядролық реакциялар. Ядролық реакция энергиясы. Бөліну реакциясы.

  30. Атомдық энергетика. Ядролық реактор. Экологиялық проблемалар.


Тест материалдарының үлгілері.

1.Материалдық нүкте дегеніміз бұл…:

А) Сипатталатын қозғалыстың өлшемдерімен салыстырғанда өлшемдері ескерілмейтін дене

В) Атом. С) Өлшемдерін ескермейтін дене.

Д) Молекула Е) Кез келген дене.

2. Траектория бұл…:

А) Дененің қозғалысы кезінде сызатын сызығы.

В) Әр уақытта қисық сызық.

С) Түзу сызық немесе шеңбер.

Д) Қозғалыстың басы мен соңын қосатын вектор.

Е) Әр уақытта түзу сызық.

3. Бірқалыпты кемімелі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың формуласы



А. В. С. Д. Е.

4. Механиканың негізгі мақсаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет