Маңғыстау – қазіргі кезге дейін ежелгінің қайталанбас ескерткіштерін сақтап қалған ең көне жер: некропольдер, керуен-сарайлар, құдықтар, мавзолейлер бар. Мұнда ақшаңқан қала Ақтау (Шевченко) пайда болды да бүкіл әлемге ат шықты: ол қолайсыз табиғат жағдайларын үздік қолдануы үшін Патрик Аберромби атындағы ЮНЕСКО-ның Алтын медалін алды.
Қала бір кезде осы жерлерде әскерде болған украин кобзарінің атымен аталды.
Кварталдары Каспий теңізінің жағалауына орналаспас бұрын, олар ленинградтық сәулетшілердің шеберханаларында сызбалар мен макеттерден туындады. Қалада бәрі жергілікті тастардан тұрғызылған – саңылаулы, мықты және әдемі ұлутастар. Ақтау (Шевченко) қаласының батыл жобасын құрып әрііске асырғаны үшін сәулетшілер мен құрылысшылар КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығын алды.
Форт-Шевченко қаласында (бұрынғы Новопетровская қамалы) Шевченко жүрген жерлер көп. Олар біріншіден атап айтсақ, ұлы украин ақыны отырғызған бақ, талдан өсірген қызыл тал ағашы, өзі отырып жазуларын жазған ұлутастан жасалған үстел, әскерлік бағыныштылығын өткізген ескі форттың қирандысы. Мұнда Т.Г. Шевченконың мемориалдық мұражайы құрылып, Ресейдегі тұңғыш ақынға арналған ескертикіш бар(1871 жылы құйылған).
Жағалаудағы жартастарға шықсақ, онда тамаша ескерткіштерді тамашалауға болады. Бір жерде 1873 жылы Хиуа экспедициясы кезінде қаза болған орыс жауынгерлеріне арналған ескерткіштің қалдықтарын, енді бірінде - қамал дуалына апаратын баспалдақтың іздерін, және ежелгі қамалдың қирандысын көруге болады.
Маңғыстау түбегінде туристердің назарын аударатын тек жаңа қалалар емес.
Түбектің түкпіріне ғалымдар мен өлкетанушылардың әрбір саяхаты міндетті түрде жаңалық алып келеді. Бұл жерде, Хорезм мен Ираннан Маңғыстау жері арқылы өтетін ежелгі сауда жолдарында, дуалдары тасасында бір кезде керуендер пана тапқан ортағасырлық қамалдың қирандылары, және белгісіз ескі дәуірдегі дәстүрдің мазарлары табылды. Сақталып қалған құрылыс шеберлердің жоғарғы шеберлігіне куә болады. Маңғыстау мен Үстірттің тасты шөлінен 11 мыңға жуық археологиялық ескерткіштер табылды. Олардың көпшілігі мемлекеттің қамқорлығына алынып, қайта жөнделуде.
Қазір ешқандай тұщы су табылмаған түбектің түкпірінде, ірі кесек тастардан ең ежелгі дәуір көшпенділерінің (б. э. д. Х –ІІ ғ.)жартас суреттері галереясы табылды. Түбектің шексіз кеңістігінде күрделі ою-өрнекі құлпытастары бар үлкен некропольдер табылды.
Онғазы тауының жанынан монолит тастан ойылған мың жыл бұрынғы екі ескі жерасты мешіті табылды. Әсіресе, Шақпақ ата мешіті өте қызғылықты. Ислам адамдардың немесе оның дене мүшелерінің суреттерін салуға тыйым салса, ал мұнда лотос гүлінің суретімен қатар бірнеше рет жайылған адам алақанының суреті салынған. Сурет құпиясы осы күнге дейін ашылған жоқ.
Ақтөбе 1869 жылы қамал ретінде пайда болды. Оның бірінші тұрғындары Ресейдің орталық губернияларынан келген қоныс аударушылар. 1891 жылы Ақтөбе Торғай облысының уездік қаласы болды. Керуен жолдарында тұрғандықтан ол сауда маңызына ие болды. 1901 жылы темір жолы салынысымен сауда кеңейе бастады, бірақ көптеген уақыт бойына жайсыз болып, үлкен ауылдардан айырмашылығы болмады. Үйлерінің көптеген бөліктері балшықтан салынды, ал өнеркәсіп – жартылай қолөнер болды. Қурай өсіп кеткен иен дала ортасында, екі ақ төбе көрініп тұратын. Осының арқасында қала – Ақтөбе атанды.
Қалада үш парк бар. Біреуі қала орталығында. Онда гүл ортасында Кеңес үкіметі үшін күресте 1919 жылы қаза тапқан азамат соғысы батырларының құрметіне арналған обелиск бой көтерген. Жақын жерде – Пушкиннің бюсті мен белгілі күрішші Шығанақ Берсиевтің ескерткіші.
Қала Кеңес Одағының Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері В.И.Пацаевтің(1933-1971)., күріш алудан әлемдік рекорд жасаған – 201 ц/га, белгілі күрішші Ш.Берсиевтің отаны. Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайы бар.