1.Географиялық шекара сызығын бағалау.
2.Экологиялық картографиялаудың территориялық бірліктері.
Мақсаты:экологиялық-географиялық ақпараттың территориялық интерпретациясы ұғымына түсінік беру.
Тірек сөздер: экологиялық-географиялық ақпарат, интерпретация
Негізгі сұрақтар: Экологиялық-географиялық ақпарат түсінігін қалай түсінесің?
1.Квалиметрия өндірістік өнімдердің жетістігі негізінде 20 ғасырдың 60 жылддардың соңында жасақталған сапаны бағалаудың методологиясы мен мәселелерін қамтитын ғылыми пән болып табылады. Бірақ қазіргі кезеңде оның принципін және методологиялық көзқарасы осы пән деңгейінен шығып, қазіргі уақытта практикада атмосфераның ластануы гигеналық тұрғыдан бағалауда қолданады. Сондықтан пәннің өзіне тән жағдайын ескере отырып, оны экологиялық картографияда да кеңінен пайдалануға болады. Г.Г.Азгальдов пен Э.П.Райхманның ұсынған квалиметрия принципі:
1.Сапа кейбір иерархиялық қасиеттер жиынтығы ретінде пайдаланылады. Бұл қасиеттер осы өнімді пайдаланатын тұтынушылардың мүддесін қорғайды. Экологиялық картографиялау мақсаты осы принциптердің атауын анықтайды, талап етеді: яғни қоршаған ортаның сапасын субъектіні бағалаудың маңызды болып табылатын (биологиялық түр) қоршаған ортаның кейбір қасиеттер жиынтығы тұрғысынан бағалануы мүмкін. Иерархиялық деңгейлер бойынша ортаның қасиеттерінің бөлшегі жағдайда көрсетілген барлық тіршілік жағдайының заңдылығына қарама-қайшы келеді, бірақ дегенмен де өнімнің маңыздылығы шағын салыстырмалы бағаланатынын да жоққа шығармайды.
2.Иерархияның құрлымының сапасын құрылымның бөлек қасиетін өлшеу немесе есептеу арқылы соның сипаттамасын, яғни абсолюттік көрсеткішін алуға болады. Квалиметрияның осы принципі картографияның практикасында объективті принцип негізінде кеңінен ПДК-ның нормаларының стандарттық әдісі немесе осыған жақын негізгі көрсеткіш ретінде қолданылады. Қоршаған ортаның парметрін гигеналық бағалау жүрісі жоғарыда көрсетілген принциптің жеке көрсеткіші болып табылады.