Зертханалық жұмыс №5
Жұмыстың тақырыбы: Күкірттің оттекті қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Күкірттің оттекті қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Құралдар мен химиялық ыдыстар. 1) Металдық штатив. 2) Тығыны бар сынауықтар. 3) Цилиндрлар. 4) Кристаллизатор. 5) Химиялық стакандар. 6) Шыны пластинкалар. 7) Сынауқтар. 8) Кипп аппараты.
Реактвтер мен ерітінділер: Күкірт, темір, мыс, алюминий, темір сульфиді натрий сульфиді, натрий сульфаты, натрий карбонаты, индиатор қағазы, фильтр қағазы. Магний, мырыш, темір, мыс, күкірт көміртек, магний оксиді, фосфор оксиді, натрий хлориді, калий иодиді, мыс сулфаты, натрий сульфаты,глюкоза, индикатор қағазы, мақта, асбет.
Жұмыстың барысы:
КҮКІРТ (IV) ОКСИДІНІҢ НАРТИЙ СУЛЬФИТІНЕН АЛЫНУЫ.
Колбаға 2-3 қасық натрий суьфитін салу. Тамшылы ворнкаға концентрлі күкірт қышқылын құю. Неге тәжірибеге қатты тұз бен концентрлі кұкірт қышқылын алады? Газды қай әдіспен жиналады?
Күкірт қышқылын тамшылатып, колбаға құю. Содан соң оны 50-100 мл суда суыту. Ол үшін өткізгіш трубканы суы бар колбаға жіберу. Судың колбаға құйылып кетпеуін қадағалау.
Алынған күкірт оксидін қыздыру. Күкірт оксидін бар стаканды және пробирканы келесі тәжірибелерге сақтап құю. Реакция теңдеуін жазу. Күкірт оксиді және натрий сульфидіне тұз қышқылын және азот қышқылы арқылы алуға болады. Өзгерістерді түсіндіру.
КҮКІРТ IV ОКСИДІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Күкірттің IV физикалық константаларын танысу. Қандай тәжірибелер арқылы күкірттің IV сұйық күйін алуға болады. Тәжірибе жүргізу, шыны ваннаға суытатын сұйықтықты толтыру. Сұйыққа трубка тәріздес жалғау және оған газөткізгіш трубка орнату.
1б жұмысты ескеру. 10-15минуттан соң трубкадан сұйық күкірт IV жиналады. Трубканы алып шығып, күкірттің қайнауын бақылау. Трубканы қолмен қыздыру. Не байқалады? Қалған күкіртті кішкентай стаканға құю. Ол үлкен суланған пробиркада, стаканның пробиркада, стаканның пробиркада қатуын байқау. Өзгерістерді түсіндіру.
б) Жанып тұрған лучинкалардың күкіртте сөнуі.
Күкіртке толтырылған күкіртте жанып тұрған лучинканы төсеу. Не байқалады?
в) Күкірттің суда еруі.
1 б жұмысында алынған күкіртті алып, пробирканы суы бар ваннаға төңкеріп, тығынын алып тастау. Судың пробиркада көтеруін бақылау.
Өзгерістерді түсіндіру. Судың астында пробирканың бетін тығынмен жабу. Алынған ерітіндіні 2-ге бөлу. Бір пробиркаға лакмус ерітіндісін, ал екіншісін күкіртті қышқылдың сатылы диссоцация қатынасын жазу. Ол қандай электролитке жатады?
3. КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Концентрлі күкірт қышқылының бейметалдармен әрекеттесуі.
Фарфорлы чашкаға аздап №1 – күкірт қышқылымен күкіртті №2 фарфорлы чашкада күкірт қышқылы мен көмірді аздап қыздыру. Газ бөлінуін байқау. Реакция теңдеуін жазу. Бұл реакцияларда күкірт қышқылы қандай роль атқарады?
б) Сұйытылған күкірт қышқылының металдармен әрекеттесуі.
Мұғаліммен металдарды алып, олардың кернеу қатарындағы қасиеттерімен және күкірт қышылымен әрекеттесуін бақылау. Алынған металдардың сұытылған күкірт қышқылының әрекеттесуімен дәлелдеу. Реакциялардың жүру жылдамдығын 12-кестені пайдаланып түсіндіру. Қандай газ бөлінгенін дәлелдеу. Реакцияларды молекула-иондық түрде жазу. Қай зат және ион бұл реакцияларда тотықтырғыш.
в) Концентрлі күкірт қышлының металдарға әсері.
1) сынауыққа мыс және концентрлі күкірт қышқылын арасында реакцияны қыздырып жүргізу. Иісінен қандай газ бөлінгенін бақылау. Сынауыққы салу. Түсін және қатысқан иондарды анықтау. Реакция теңдеуін жазу.
2) күкірт қышқылы мен мырышты араластыру. Сынауықты аздап қыздыру. Иісінен бөлінген газды анықтау. Қыздыруды жалғастыру. Ерітіндінің лайлану себебін түсіндіру. Күкірттің бөлінуін қалайы тұзымен суланған фильтр қағазымен тексеру. Мырыш және күкірт қышқылының арасындағы реакцияны жазу. Мыс пен мырышқа күкірт қышқылының әртүрлі әсерін түсіндіру.
г) Күкірт қышқылының дегидрлі қасиеті.
1)Клетчаткаға күкірт қышқылының әсері.
Күкірт қышқылымен суланған шыныны таяқшаның көмегімен фильтр қағазына төсеу, өзгерістерді түсіндіру. Клетчатка формуласын (C6H10O5)х екенін ескере отырып.
2) Күкірт қышқылының қантқа әсері.
Химиялық стаканға 10г қант салып араластыру. Үстіне 10мл су құйып, 4-5мл концентрлі күкірт қышқылын құю. Өзгерістерді бақылап, реакция теңдеуін жазу. Бөлінген екі газдың қайсысын иісінен анықтауға болады?
д) Күкірт қышқылының басқа қышқыл тұздарымен әрекеттесуі. Зертханадан күкірт қышқылымен әрекеттесетін тұздарды таңдап алу. Оларды сынауыққа салып, үстіне күкірт қышқылын қосып, сулы моншада қыздыру. Түсін, иісін бақылау. Индикатор қағазымен оның қасиеттерімен танысу.
Тақырыпты бекіту:
Алтыншы негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіоіктерін анықта және химиялық қосылыстардағы тотығу дәрежелерін көрсет.
Күкірттің оттекті қосылыстары: алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Күкірт қышқылының алынуы, қасиеттері қандай?
Зертханалық жұмыс №6
Жұмыстың тақырыбы: Азот және оның сутекті қосылыстары. Азоттың оттекті қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Азот және оның сутекті қосылыстары.Азоттың оттекті қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Құрал-жабдықтар мен реактивтер: фарфорлы чашка, шыны ванна, шыны таяқша, индекатор қағазы, фильтр қағазы, 101 -суреттегі құрылғы, KNO3, Fe опилкасы, KNO2, NH4CL, ізбес суы, 102- суреттегі құрылғы, KCL3 және MnO2.
Жұмыстың барысы:
АЗОТТЫ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
Пробиркаға 2 грамм ұнтақталған NaNO2 салып, оған 4-5 мл қаныққан NH4Cl ерітіндісін құямыз. Газөткізгіш трубкаксы бар пробкамен жауып, оны штатифке орнатып, абайлап қыздырамыз. Реакция басталған кейін 1-2 минуттан кейін бөліп жатқан газы цилиндрда су үстіне жинаймыз.(неге?) Цилиндр газға толғаннан кейін оның бетін шыны пластинкамен жауып, оны ваннадан алып шығу. Аммоний нитритінің ыдырау реакция теңдеуін жазу. Неге? NH4NO2 орнына NaNO2 мен NH4Cl тұздарының қоспасын алуға болатын түсіндір.
Азоттың физикалық қасиеттерін айту. Азоты бар пробиркаға жанып турған шырпын салып(не өзгерді?) немесе ізбес суын құйып, араластырамыз. Ізбес суы өзгере ме?
2. АММИАКТЫ АЛУ.
Құрғақ пробиркалардан суреттегі құрылғыны жинаймыз. Аммоний хлоридін және сөндірілген ізбесті бірдей мөлшерде фарфорлы чашкада жақсылап араластыру. Осындай жағдайда аммиак алынады ма? Алынған қоспаны пробирканы жарты етіп салып пробирка аузын газөткізгіш трубкасы бар пробкамен жабу. Пробканы штативке орнату. Оның түбі аузынын кішкене жоғары орналастыру ( Неге?) Аздап қоспаны қыздырамыз, бөлініп жатқан аммиакты жинау (Неге пробирка төңкеріледі?) Бірнеше минуттан кейін , аммиак толғаннан кейін (оған қалай көз жеткіземіз?) Пробирканы төңкерілген қалпында алып, оны құрғақ пробкамен жауып, келесі тәжірибелерге қалдырамыз.
3. АММИАКТЫН ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Аммиактың судағы ергіштігі. Алынған аммигі бар пробирканы суы бар кристаллвизаторга қалпында салып, судың астында аузын ашу. Аздап пробирканы жылжытып қою. Судың көтерілгені тоқтағанда судың астында пробирканы жауып, алып шығамыз. Алынған ерітіндіні индекатор қағазымен тексеру. Өзгерілетіндерді түсіндіру. Реакция теңдеулерін жазу. Алыгған ерітіндінің бір бөлігін құйып алып, оны алып қайнатамыз. Оның иісі өзгере ме? 2-3 минут ерітіндіні қайнатып, ол реакцияны тндекатор қағазымен тексереміз. Түсін белгілеу. Реакция теңдеуін жазу. Аммиактың судағы ерітіндісінде қандай тепе-теңдік орната алады? Қыздырғанда тепе-теңдік қалай ығысады. Түсіндіру?
б) Аммиактың хлор сутекпен әрекеттесуі. 1- пробирканы аммиакқа толтыру, ал 2-пробирканы хлор сутегімен (хх жұмыс, тәжірибе.6) толтырып, олардың беттерін жабу. Аммиагі бар пробиркасы жоғары қалатындай етіп, пробиркаладың аузын біріктіреміз. Оны араластырамыз. (Неге?) Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу.
в) Аммиактың жануы. Суреттегі құрылғыны жинаймыз. №1 пробиркаға 2-3 мл конц. Аммиак ерітіндісін құйыа, оның аузына газөткізгіш трубкасы бар пробка кигіземіз. №2 пробкаға кішкене берталет мен қыздырлған марганец (IV) оксидін араластырып, оны салу. Пробирканы газөткізгіш трубка № 2 пробканың аузына келетіндей етіп орналастырамыз. KClO3 пен MnO2 қоспасын қыздырамыз. Оттегі бөліне бастағанда (оны қалай білеміз?) Аммиак ерітіндісін аздап қыздырамыз. Бөлініп жатқан аммиакты газөткізгіш трубка ұшында жағамыз.
Жалын түсін белгілеп аламыз. Электрон алысу схемасы мен реакция теңдеулерін жазу.
АММОНИЙ ИОНЫНА РЕАКЦИЯ.
Пробиркаға кішкене аммоний тұзының ерітіндісін құямыз. Мысалы: NH4Cl оған 1-2 мл NaOH ерітіндісін құйып, оны қыздырамыз. Пробиркаға оның қабырғаларының тигізбей суы индикатор апарамыз. Оның түсі қалай өзгереді. Реакция теңдеуін жазу.Газдардың ішінде тек аммиак ғана сумен әрекеттесіп, негіз түзетін болғандықтан, будағы индикатор қағазының түсінің өзгеруі, бұл ерітіндіде NH4+ ионы бар екендігін көрсетеді. Егер бөлініп жатқан аммиак мөлшері көп болып жатқан жағдайда, оны иісінен білуге болады.
АММОНИЙ ТҰЗДАРЫНЫҢ ТЕРМИЯЛЫҚ ЫДЫРАУЫ.
а) Шыны трубкаға (ұзындығы 20-25см.) ортаңғы бөлігіне NH4Cl қалыңдығы 3-4см. Етіп тығыздап саламыз. Трубканың әрбір ұшына дымқыл индекатор қағазын саламыз. Бір жағына қарай қисайтып, штативке орнатып, оның астыңғы бөлігін индекатор қағазының түсі өзгергенге дейін қыздырамыз. Қандай газдың әсерінен бұл өзгеріс пайда болды? Неге газдар бөлінді? Аммоний хлоридінің ыдырауының реакция теңдеуін жаз.
б) Тигель қақпағына бірнеше NH4NO3 ристалын салып, оны қыздырамыз. Барлық кристалдар ыдырағанна кейін тигельді бірнәрсе қала? Реакция теңдеуін жазу. Аммоний тұздарының ыдыауына анион табиғаты қалай есер етеді.
АММОНИЙ ХЛОРИДІНІҢ ҚАЙТА АЙДАЛУЫ.
Пробирканың түбіне аздап NH4Cl саламыз. Пробирканы қисайтып, ұстап қыздырамыз. Пробирканың суық бөлігіне не түзіледі? Алынған өнімнің бастапқы қайта айдалғаннан құрамы өзгергенін тәжірибе жүзінде анықтау. Реакция теңдеуін жазу.
АЗОТ (ІІ) ОКСИДІН АЛУ.
Суретте берілген құрылғыны жинау. Колбаға 10-15 грамм мыс стружкалары саламыз. Ал тамшылағыш воронкаға сұйытылған (1:1) азот қышқылын құямыз. Егер реакция бірден басталмаса, онда аздап қыздырамыз.Колбадағы түстің өзгеруін түсіндіреміз. Трубкадан шығып жатқан газ ауада бұрын түске боялған(неге?), оны 3 цилиндрге жинаймыз. Керек жағдайда варонкадан колбаға қышқыл құйып жіберу. Су астында цилиндрдың аузын шыны пластинкамен жауып, келесі тәжірибелерге қалдыру. Газдың түсін белгілеп алу. Реакция теңдеуін жазу.
Тәжірибені толық орындағаннан кейін колбадағы затты тұнба ерігенде дейін қыздырып, оны фильтірлеймін. Фарфорлы чашкадан фильтратты аздап мөлшерде қыздырып, суытамыз. Тұз кристалдарының түзілуін бақылаймыз. Оның құрамы қандай?
8. АЗОТ (ІІ) ОКСИДІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Азот (ІІ) оксиді бар ыдыстың ауызын ашып ,ақ қағазды артына қойып, ондағы газдың түсінің өзгеруін байқаймыз. Алынған заттың түсі қандай?
Реакция теңдеуін жазу. Азот (ІІ) оксидінің қандай қасиеттері ба йқалады?
б) Пробирканың ¼ бөлігіне жаңа дайындалған қаныққан темір (ІІ) сульфаты ерітіндісін құйып , одан азот (ІІ) оксидінің тогын өткіземіз. Ерітінді түсі қалай өзгергенін бақылаймыз? Нитридо-темір (ІІ) сультфатының түзілу реакция теңдеуін жаз. Ерітіндіні қыздыру. Не өзгерді? Өзгерістерді түсіндіру. Бұл реакция қандай мақсатпен қолданады?
в) Азот (ІІ) оксиді толтырылған банка не цилиндрге жанып тұрған шырпы апарамыз. Жалын өшіп қалады.
г) Темір қасықшаға аздап қызыл фосфор салып, спирт шамда жағу. Ол жақсылап жанғанда,оны азот (ІІ) оксиді бар цилиндрге саламыз. Не байқалады? Азот (IІ) оксиді атмосферасында жанып тұрған фосфорда қандай өзгерістер болады? Реакция теңдеуін жаз. Осы реакцияда NO қандай қасиетімен сипатталады?
9. АЗОТ (IV) ОКСИДІН АЛУ.
Суреттегі құралды жинаймыз. Колбаға аздап мыс стружкаларын, ал варонкаға 5-10 мл концентрлі HNO3 құямыз. Колбаға қышқылды аздап құямыз. Бөлініп жатқан газды 3 целиндрға (2 банка, 1 пробирка) жинап, шыны пластинкалармен жауып, келесі тәжірибеге қалдырамыз. Газдың түсі қандай? Реакция теңдеуін жаз.
10. АЗОТ (IV) ОКСИДІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Азот (IV) оксиді газы толтырылған пробирканы суға салып, шыны пластинканы алып тастау. Не байқалды? Пробиркадағы судың мөлшері өзгергенін қойғанда, аузын шыны пластинкамен жауып судан алу. Алынған ерітіндіні индикатор қағазымен тексеру. Байқауларды түсіндіру. Реакция теңдеуін жазу.
б) Азот (IV) оксиді аз жанып тұрған шырпы мен жанған қызыл фосфор жанатындығын тексеру. Реакция теңдеуін жаз. Тәжірибе қорытындыларымен салыстыр. Азоттың қай оксиді оттегіні тез беретінің салыстыру.
АЗОТТЫ ҚЫШҚЫЛДЫҢ ТҮЗІЛУІМЕН ЫДЫРАУ.
Кармен немесе мұзбен пробиркадағы 2-3 мл NaNO2 ерітіндісін суытамыз. Одан соң, оған сұйытылған H2SO4 ерітіндісін құямыз. Ерітінді түсі мен үстіндегі газдың түсін белгілеп аламыз. Ерітінді неге сұйытылатының, оған қандай зат түс беретінің, бөлінген газдың құрамын түсіндіреміз. Реакция теңдеуін жазу.
12. АЗОТТЫ ҚЫШҚЫЛДЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ЖӘНЕ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ
Пробиркаға 2-3 мл ерітіндісін құямыз, оны сұйытылған H2SO4 пен қышқылдатамыз. Содан соң, оған аздап NaNO2 ерітіндісін құямыз. Ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіреміз. Қандай зат түзілгенін дәлелдейміз. Реакция теңдеуін жаз.
13. ҚЫЗДЫРҒАНДА НИТТРАТТАРДЫҢ ЫДЫРАУЫ.
Cu(NO3)2*3H2O ның бірнеше кристалын пробиркаға салып, оны көлдіңінен штатифке орнатып қатты қыздырамыз. Тұзбен қандай өзгерістер болғаның белгілеу. Қандай газдар бөлінеді? Реакция соңында пробиркада не қалады? Реакция тендеуін жаз.
14.АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ АЛЫНУЫ.
Суретте берілген құрылғыны жинау. Ретордағы 15-20 г. NaNO3 салып, оған сондай мөлшерде концентрлі H2SO4 құямыз. Қышқыл тұздың бетін жауып тұруы керек. Ретортоны аздап қыздырамыз. Жанғыш колбада икішкене қышқыл жиналғанда, қыздыру тоқтатып, ретортаны суытып, құрылығы бөліктеу.Алынған қышқылды келесі тәжірибелерге қалдыру. Оның неге боялғанын түсіндіру. HNO3 тің көйлекке не қолға тиуінен сақ болу қажет: ол матаны тез құртады, ал қолды күйдіріп, сары дақтар пайда болады. Реакция теңдуін жазу. Неге NaNO3 қатты, H2SO4 конц. Түрде алынатыны түсіндір. Неге реакция аздап қыздыру барысында жүреді?
15. АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) қыздыру барысында ыдырауы. Алынған 1-2 мл HNO3-ті пробиркаға құыйп оны тігінен штатифке орнатамыз. Қышқылды аздап қыздырамыз. Ақырын жанып тұрған шырпыны пробиркаға кіргіземіз. Не байқалды? HNO3-тің ыдырауының реакция теңдеулерін жазамыз.
б) Конц. HNO3тің металдардың әсері. Пробиркаға Zn түйіршігін, ал екінші пробирка қалайы түйіршігін саламыз. Үстіне конц. HNO3 құямыз. Қандай газ бөлінеді? 2-ші пробиркада H2SnO3түзілетінін ескере, реакция теңдеуін жазындар.
в) Сұйытылған азот қышқылының металдарға әсері. Пробиркаға аздап темір түйіршіктерін салып, үстіне сұйытылған азот қышқылын құямыз. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жаз.
г) Түтіндегіш азот қышқылының алюминиіді пассивтендіруі. Пробиркаға аздап 2н тұз қышқылы ерітіндісін құйып, оған алюминий түйіршігін саламыз. Не байқалады? Алюминий түйіршігін қышқылдан шығарамыз. Оны сумен жуып, фильтр қағазымен суртеміз. №7 тәжірибеден алынған HNO3ке саламыз. 3-4 минуттан соң алюминийді алып, сумен жуып, қайтадан тұз қышқылына саламыз. Енді сутегі бөлінеме? Түсіндіру.
д)Конц. Азот қышқылының бейметалдарға әсері. Фарфорлы чашкаға аздап азот қышқылын құямыз. Оған күкірт кусогын салып қыздырамыз. Не байқалады? Сұйықтық суығаннан кейін суы бар пробиркаға құйып ,онда H2SO4 бар екенін анықтау. Реакция теңдеуін жазу.
е) Күрделі заттарға азот қышқылының әсері. Пробиркаға сұйытылған азот қышқылын қыздыру. Оған Кипп аппараты арқылы алынған күкірт сутегі тогын жібереміз. Не байқалады? Өзгерістерді түсіндір. Реакция теңдеуін жазу. Бұл реакциядан азот қышқылы қандай қасиетімен сипатталады?
Пробиркаға аздап CuS саламыз. Оған 1-2 мл азот қышқылыфн құямыз. CuS еруін түсінді еруін түсіндіру, реакция теңдеуін жазу. Конц. Азот қышқылы бірнеше тамшысын лакмус не фуксин ерітіндісіне құямыз, араластырамыз. Не байқалады? Түсіндір.
ж) HNO3 органикалық қосылыстарды бұзуы. Жүн матаның үстінен конй. Азот қышқылы мен суланған шыны таякшамен жүргіземіз. Жүнмен не болғанын байқау.
Тақырыпты бекіту:
Бесінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне қарай топша элементтерінің оттекті және сутекті қосылыстарының қасиеттері қалай өзгереді?
Азоттың табиғатта таралуын, физикалық қасиеттерін сипатта және химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.
Аммиактың физикалық және химиялық қасиеттерін айтып, молекуласының пішінін сызып көрсет.
Азоттың оттекті қосылыстары: алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері?
Фосфор және оның қосылыстары: алынуы, қасиеттері.
Мышьяк топшасының элементтері, олардың алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері?
Зертханалық жұмыс №7
Жұмыстың тақырыбы: Көміртегі және оның қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: : Көміртегі және оның қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: Белсендірілген көмір, магний лентасы, қызыл фосфор, мыс оксиді, натронды әк, темір сульфиді, кальций карбиді, кальций карбонаты, мрамор, магний карбонаты, натридің гидрокарбонаты, натрий ацетаты, этиль спирті, қымыздық қышқыл, шавель қышқылы, индикатор қағазы, мақта, фильтр қағазы, стакандар 250мл көлемдік.
Жұмыстың барысы:
1. АҒАШТЫ КӨМІРДІҢ АДСОРБЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ.
а) Суды колбада немесе стаканда күлгін сиямен және фуксинмен жай ғана бояу. Оған ұсақ ағашты көмір салып , мұқият араластыру. Оны фильтрлеп түсінін өзгергенін бақылау. Түсі қалай өзгерді?
б) Сынауыққа бірнеше тамшы 0,05н. қорғасын нитратын немесе қорғасын ацетатын тамшылатамыз. Оның үстіне 1-2 тамшы 0,05н. калий йодидін құямыз, не байқалды? Ионды теңдеуін жаз. Сол сияқты қорғасын тұзын құйып, оған ұсақ ағашты көмірді саламыз. Сынауықты тығынмен жауып, қатты араластырамыз. Ерітіндіні фильтрлейміз. Фильтрлеу кезінде 0,01н.калий йодидін құямыз. Бұл жағдайда тұнба түзіле ме? Өзгерістерді бақылап түсіндіру. Ағашты көмірдің абсорбциялық қасиеті жоғары қалай ескеріледі.
2. КӨМІРДІҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ.
Қағазда бірдей мөлшерде мыс оксидімен ұсақталған ағаш көмірін араластырамыз. Қоспаны пробиркаға саламыз. Ол пробирканы штативке горизанталь орналастыру. Пробирканы газ өткізгіш түтікпен бекітеміз де ізбес суы бар ыдысқа салып қоямыз. Пробирканы қатты қыздырамыз, газ бөлінгенге дейін. Түсіне назар аудар.
3. КӨМІРТЕКТІҢ (II) ОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Сурет бойынша құрал жинаймыз. Вюрц колбасына 5г қымыздық қышқылын немесе құмырсқа қышқылын, ал бөлгіш воронкаға 12-15мл концентрлі күкірт қышқылын құю. Аздаған мөлшерде шавель қышқылын концентрлі күкірт құшқылына құйып, қоспаны қыздыру. Аздаған уақытта реакциядан бөлінген газды судың астында цилиндрде жинау. Цилиндрді мөлдір пластинкамен жауып, кристализатордан алып шығып келесі тәжірибеге қойып қою.
б) Цилиндрді ашып жиналған газды жағу. Газ ығыспаынша цилиндрге су құю. Жалынның түсіне назар аудару. Көміртектің (II) оксидінің алыну теңдеуін жаз.
4. КӨМІРТЕКТІҢ (IV) ОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
а)Кипп аппаратына мрамор салып, оған тұз қышқылынын (1:4) құю. Газ бөлінгенін бақылау. Осы реакцияға күкірт қышқылын қолдануға болады ма?
б) Кипп аппаратынан бөлінген газды, нейтралды лакнуста ерітіндісімен боялған суға жібереміз. Не байқалды? Көміртегінің суда еру реакциясын жаз.
в) 2 стакан алып, Кипп апаратымен біреуін толтырамыз. Газ толғанын жанып тұрған шырпымен тексереміз. Екінші стаканға мақта саламыз. Жанып тұрған шырпымен тексереміз. Ақырындап бірінші стакандағы көміртегін екінші стаканға құямыз.
5. КӨМІРҚЫШҚЫЛ ТҰЗДАРЫНЫҢ ТҮЗІЛУІ.
а) Ізбес суы бар пробиркаға 2-3 мин көміртегін жібереміз. Не байқалды? Тұз аттарын ата. Құрылымдық формула жоқ. Суда ерігіштігі айлы қорытынды жаса.
б) Алдыңғы алынған тәжірибені екіге бөлеміз. Біреуін қыздырып, екіншісіне ізбес суын қосамыз.
КӨМІРҚЫШҚЫЛ ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ.
Натрий карбонат, натрий гидрокарбонат, калий карбонат ерітінділерін нейтралды лакмуспен тексеру. Гидролиз теңдеуін жаз. Натрий карбонаты және натрий гидрокарбонаты гидролизге қалай ұшырайды?
7. КАРБОНАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
а) Суға тұз қышқылы, сірке қышқылы ерітіндісіне натрий карбонатымен, магний карбонатымен, кальций карбонатымен әсерін тексер және түсіндір.
б) Натрий гидрокарбонатын, натрий карбонатын, кальций карбонатын пробиркаға қыздырамыз. Бетін газ өткізгіш трубкамен ыдыстың түбіне түсіреміз, не байқалады? Сосын ізбес суына салдық.
Тақырыпты бекіту:
Төртінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне қарай топша элементтерінің оттекті және сутекті қосылыстарының қасиеттері қалай өзгереді?
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері алмаз бен графиттің физикалық қасиеттерінің әр түрлі болуы неге байланысты?
Көміртектің оттекті қосылыстарының алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Көмір қышқылы және оның тұздары карбонаттар мен гидрокарбонаттар қалай түзіледі?
Кремнийдің табиғатта таралуын, физикалық қасиеттерін айтып, оның химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.
Кремнийдің қосылыстарының алынуы, химиялық қасиеттері қандай?
Германий топшасының элементтерінің алу жолдары мен химиялық қасиеттері қандай?
Германий топшасының элементтерінің қосылыстарының алынуы, химиялық қасиеттері қандай?
Төртінші негізгі топша элементтерінің және олардың қосылыстарының қолданылуы?
Зертханалық жұмыс №8
Жұмыстың тақырыбы: Бор, алюминий және олардың қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Бор, алюминий және олардың қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реактивтер мен материалдар: спиртшам, фарфорлы чашка, құйғы, шыны таяқша, көлемі 100мл стакан, тұрғы.
Жұмыстың барысы:
1. ОРТОБОР ҚЫШҚЫЛЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Сынауыққа натрий тетраборатының қаныққан ерітіндісіне абайлап концентрлі күкірт қышқылын құямыз. Сынауықтағы қоспаны кран астындағы сумен суыту. Пайда болған кристалдардың түсін белгілеп алу. Реакция теңдеуін жазу. Неге күкірт қышқылы ортобор қышқылын ығыстыратындағын түсіндір. Осы реакцияда тұз қышқылын пайдалануға бола ма?
Б) Ортобор қышқылының ерітіндісін судағы ерітіндісін суықта және қыздыру арқылы орындау. Қорытындысын жазып алу.
В) Аздап ортобор қышқылын суда еріту және оны индикатор қағазымен тексеру. Еріндіні келесі тәжірибеге қалдыру. Индикатор түсінің өзгеруіне қарай ортобор қышқылының күшін айту. 8-кестедегі диссоциация дәрежесіне қарап, жасалған қорытындыны дәлелдеу. Н3ВО3=0,01.
Достарыңызбен бөлісу: |