2. БОР ҚЫШҚЫЛЫ ТҰЗДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) натрий тетраборатының ерітіндісін лакмус қағазымен тексеру. Ерітіндінің реакция ортапсы қандай? Алынған ерітіндісінің гидролиз теңдеуін жазу.
3. АЛЮМИНИЙДІҢ СІЛТІЛЕРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ.
Суреттегі құрылғаны жинау. Сынауыққа алюминий үгінділерін салып, оған 30%-дық натрий гидроксиді ерітіндісін құю. Бөлініп жатқан газ сутегі екенін дәлелдеу. (Газды жағу алдында сутегінің тазалығын тексеру) реакция теңдеуін су қатысыында жазу. Алюминийдің сілтіде еру механизмін түсіндіру. Түзілген гидроксокомплексті атау.
АЛЮМИНИЙДІҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ.
(б,в тәжірибелерін тартқыш шкафта орындау)
А) Металдардың электрохимиялық кернеу қатарындағы алюминийдің орны мен стандартты электродты потенциалымен танысу. Алюминийдің сұйылтылған тұз және күкірт қышқылымен әрекеттесу мүмкіндігіне қорытынды жасау. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзілуі керек?
Жасалған қорытындының дұрыстығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу. Ол үшін 2 сынауыққа алюминий үгінділерін салып, олардың 1-не 2н тұз қышқылы ерітінідісін, 2-не 2н күкірт қышқылы ерітіндісін құю. Алюминийдің тұз және күкірт қышқылымен суықта әрекеттесу әрекеттесу белсенділігін салыстыру. Сұйылтылған ерітінділері бюар сынауықтарды қыздыру. Не байқалады? 2 жағдайда да суықта да, қыздырғанда да қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу. Реакциядағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсету.
Б) Сынауыққа аздап алюминий үгінділерін салып, оған аздап концентрлі күкірт қышқылын құю. Сынауықты абайлап қыздыру. Ерітіндінің лайлануын байқау және оны түсіндіру. Реакция теңдеуін жазу.
В) Алюминий бөлшегін (алдын ала наждат қағазымен тазартылған) сынауыққа салып, оған аздап концентрлі азот қышқылын қосу. Реакция суықта жүре ме? Бірнеше минуттан соң сынауықтағы қышқылды абайлап төгеміз, металды орнынан қозғалтпау (неге?), оны сумен 2-3 минут жуу. Одан соң оған концентрнация HCL ерітіндісін құю.Алюминийдің HCL әрекеттесуін бақылау 4А тәжірибемен салыстыру. Алюминийдің бетіне не болатынын бақылау.Егер оған сулы конц.мен жуып,қайтадан HNO3-ке салу. Пробирканы аздап қыздыру.Қандай газ бөлінеді? Алюминийдің конц.HNO3-пен қыздыру кезіндегі реакция теңдеуін жазу.
Алюминий қандай қышқылдарда және қандай жағдайларда ериді?
5. АЛЮМИНИЙ ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ.
А)Алюминий тұзы ерітіндісіне тамшылатып натрий гидроксидін тұнба түзілгенге дейін қосу.Тұнбаның түсі мен характері қандай? Реакция теңдеуін молекула және иондық түрде жазу.
Б)Тұнбаны 2 пробиркаға бөлу.Оның 1-не HCL,ал 2-не NaOH қосамыз.Алюминий гидроксидінің химиялық қасиетіне қорытынды жасау.Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу.
В)Алюминий гидроксиді тұнбасын алып,оны фильтрлеп аламыз.Фильтрдағы тұнбаны жуу. Тұнбасы бар фильтрден органикалық әлсіз боялған бояғышты өткіземіз, мысалы метил феолетін. Фильтрат түсінің өзгеруін бақылау. Бұл тәжірибе алюминий гидроксидінің қандай қасиеттерін сипаттайды?
6. АЛЮМИНИЙ ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ.
А)Алюминий сульфат ерітіндісін индикатор қағазымен тексеру.Түс өзгеруін түсіндіру,негіз сияқты алюминий гидроксидінің күшіне қорытынды жасау.Алюминий сульфитінің сатылы гидролизінің молекулалық және иондық реакция теңдеуін жазу.Неге бұл тұздың гидролизі соңына дейін жүрмейді?
Б)Алюминий сульфаты ерітіндісіне алюминий сульфиді ерітіндісін құямыз.Тұнба түсуіне бақылау жасау. Түзілген тұнбаны фильтрлеп алу, фильтрді сумен жуып,оны екіге бөлу. Оны 1-не сұйылт.HCL, 2-не NaOH ерітіндісін құю.
Не байқалды? Осы тәжіберелерге сүйене отырып,түзілген тұнбаның құрамы қандай? Алюминий сульфаты мен алюминий сульфидінің сулы ортадығы реакция теңдеуін молекулалық,иондық түрде жазу. Осы реакциялардағы қандай заттардың түзілуі гидролиздің аяғына дейін жүруінің себебі неге? Осы тәжірибелеріне сүйене отырып, алмасу,реакциясымен сулы ерітіндіде алюминий сульфиді мен карбонатын алуға бола ма ?
В) Алюминий сульфаты ерітіндісіне натрий ацетатын құямыз.Химиялвқ реакция жүргенінің сыртқы белгілері бар ма?
Ерітіндіні қайнату. Не өзгерді? Ерітіндіні қайнату қандай рөл атқарды.? Алюминий сульфаты мен натрий ацетатының арасындағы реакция теңдеуін иондық,молекула түрде жазу. Қандай зат тұнбаға түседі?
Г) Натрийдің гидроксаалюминатын аламыз.Оның үстіне аздап конц.NH4Cl құйып,қыздыру.Не байқалады? Тұнбаның құрамы мен түрі қандай? Иісі арқылы қандай газ екенін анықтау.Реакция теңдеуін жазу.
АЛЮМИНИЙДІҢ ОТТЕГІМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ.
Алюминий пластинкасының маждат қағазымен сүртеміз.Металдың беткі қабатына бір тамшы Hg2(NO3)2 немесе HgCl2 ерітіндісін тамызамыз.Пластиканың беткі түр өзгерісін байқаймыз.Не байқалады?Одан соң 1тамшы ерітіндіні арнайы ыдыста жуамыз,сулы жерді мақтамен немесе қағазбен абайлап сүртіп,металды ауада қалдырамыз.Алюминийдің тотығуын байқау және пластинканың қызуын бақылау.Пайда болған алюминий оксидінің сыртқы көрінісі қандай?
АЛЮМИНИЙДІҢ СУМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ.
Пробиркаға аздап алюминий опилкасын салып,оны 3-5 мл сумен араластырамыз. Реакция жүреді ме? Түсіндіру. Пробирканы қайнату оған 2-3мл суйытылған сілті ерітіндісін құямыз.Одан соң сұйықтықты төгіп,оны бірнеше рет сумен жуамыз,оны суға салып қоямыз. Бірақ уақыттан соң газдың бөлінуін байқаймыз.Қандай газ екенін тәжіри бе жүзінде дәлелдеу. Алюминийдің сумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазу. Қандай жағдайларда реакция жүруі мүмкін.
Тақырыпты бекіту:
ІІІ топтың негізгі топшаға қандай элементтер жатады, олар қалыпты және қозған күйде неше валентті болады?
ІІІ топтың негізгі топша элементтерінің ядро зарядтарының өсуіне байланысты қасиеттері қалай өзгереді және олар қандай оксидтер мен гидроксидтер түзеді?
AlCl3 молекуласының түзілу схемасын жазып, молекуласының пішінін анықта?
Алюминий табиғатта қандай қосылыстар түрінде тараған? Оны өнеркәсіпте бокситтен өндіргенде қандай реакциялар жүреді?
Мына реакциялардың теңдеулерін аяқтап, олардың не себепті және қандай жағдайда жүретінін түсіндір:
Al+HBr→
Al+KOH →
Al+H2O→
Алюминотермия әдісін қолданып металлургия өнеркәсібінде қандай металдарды өндіреді?
Алюминий оксиді мен гидроксидінің амфотерлік қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз?
Алюминий және оның қосылыстары қандай мақсаттар үшін қолданылады?
Алюминотермиялық әдіспен барий алу үшін 3,06 г барий оксидін тотықсыздандыруға қанша алюминий керек?
1,8 г алюминий жанғанда 54,8 кДж жылу бөлінеді. Алюминий оксидінің түзілу жылуын есептеп шығар.
Зертханалық жұмыс №9
Жұмыстың тақырыбы: Бериллий, магний, сілтілік-жер металдар және олардың қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Бериллий, магний, сілтілік-жер металдар және олардың қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реакивтер мен материалдар: Магний ұнтағы, кальций, магний оксиді, кальций карбонаты, магний карбонаты, стронций нитраты, барий нитраты,магний карбонатының ұнтағы, фильтр қағазы, индикатор қағазы.
Жұмыстың барысы:
БЕРИЛИЙ ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
Екі сынауыққа берилий тұзын құйып, оның үстіне натрий гидроксидін тұнба түскенше құю. Тұнбаға тұз қышқылын құю. Реакция теңдеулерін молекула- иондық түрде жазу. Берилийдің координациялық санын 44-ке тең екенін ескеріп тетрагидроберилиатты келесі жұмысқа алып қою.
2. БЕРИЛИЙ ГИДРОКСИДІНІҢ ҚЫШҚЫЛДЫҚ ЖӘНЕ НЕГІЗДІК ҚАСИЕТІН САЛЫСТЫРУ.
а) Берилий хлоридінің гидролизі.
Берилий хлоридінің ортасын анықтау. Гидролиз теңдеуін жазу. Қай сатыда гидролиз тоқтайды? Оған не кедергі?
б) Натрийдің тетрагидроберилиаттың гидролизі.
1-ші жұмыстан алынған натрийдің тетрагидроберилиатты ерітіндісіне дистильденген су қосып, сынауықты штативке бекітіп қыздыру. Өзгерістерді түсіндіру. Сынауықты қыздырғанда қандай процесс жүрді? Реакция теңдеулерін жазу.
3. МЕТАЛ МАГНИЙДІҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ.
а) Магнийдің сумен әрекеттесуі.
Магний лентасының бөлшегін наждан қағазымен тазалап, дистиьденген суы бар сыынауыққа салу. Суықта реакция жүре ма? Не байқалды? Суығанда индикатор қағазымен тексеру. Реакция теңдеуін жазып және реакцияның жүру жағдайын бақылау.
б) Магнийдің қышқылдармен әрекеттесуі.
Магнийдің электрондық потенциалын тексеріп, тұз қышқылына,күкірт қышқылына әсерін бақылау. Тәжірибе жүзінде дәлелдеу. Реакция теңдеуін жаз.
в) Магнийдің кальций карбонатымен әрекеттесуі.
Сынауыққа 5г кальций кабонатын салып оған 3г магний ұнтағын қосып араластыру. Қышқышты алып абайлап қыздыру.Суығаннан кейін түзелген өнімді фарфорлы чашкаға салып тұз қышқылмен өңдеу. Неге? Көмірдің бөліктеріне назар аудар.
4. МАГНИЙ ОКСИДІН МАГНИЙ ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а)Магнийдің гироксидін алу және олардың қасиеттері.
Екі сынауыққа магний тұзын салып, біреуіне нартий гидроксидін, ал екіншісіне аммиак ерітіндісін құю. Тұнба түсін бақылау. Реакция теңдеулердің молекула-иондық түрде жазу. Екі сынауықта неге тұнбалар әртүрлі. Қай ионның концентрациясы артты? Гидроксид ионның концентрациясына қалай әсер етті?
б) Магний гидроксидінің қасиеттері.
Жұмыста алынған магний гидроксидіне аммонний хлоридін қосу. Реакция теңдеуін- молекула иондық түрде жазу. Натрий хлоридін қосып тұнбаны ерітуге бола ма?
5. МАГНИЙ ТҰЗЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Магний гидроксокарботын алу және оның қасиеттері.
Магний сульфатының ерітіндісіне сода қосу тұнба түскенше.
Түсі қандай? Реакция теңдеулерін су қатысында, молекла- иондық түрде жазу. Сынауыққа аммонний хлоридін құю. Не байқалды? Тұнбаның аммонний хлоридінің еруін бақылау. Реакция теңдеулерін жазу.
б) Магний гидрокарбонатын алу.
Магний тұзына натрий карбонатын қосу. Қай зат тұнбаға түсті? Тұнбаға көміртек диоксидін жіберу. Тұнба еруін бақылау. Неге ол еріді? Реакция теңдеуін жазу.
в) Магний карбонатының термиялық диссоциялануы.
Байқалмайтын пробиркаға магний карбонатын салып, газөткізгіш трубкамен бекітіп, келесі жағын химиялық стаканға салып, газ бөлінгенін шырпымен тексеру. Қыздыру. Газ бөлініп болған соң өнімді сумен араластыру. Аз мөлшерде фенолфталейн қосу. Реакция теңдеулерін жазу.
КАЛЬЦИЙДІҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ. КАЛЬЦИЙДІҢ СУМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
Сынауықтың 3/1 бөлігіне дистильденген су құю. Үстіне кальций бөлшегін салу. Қандай газ бөлінді? Неге тұнба лайланды? Ерітіндіге 1-2 тамшы фенолфталейн қосу. Реакция теңдеуін жазу. Стронций және барийда реакция жүре ма? Реакция теідеулерін жазу.
7. СІЛТІЛІК ЖЕР МЕТАЛДАРДЫҢ ГИДРОКСИДТЕРІН АЛУ.
а) Кальций хлориді, стронций хлориді, барий хлоридін қосу. Тұнбаларды бақылау. Реаакция теңдеуін жазу.
б) Жоғарыдағы тәжірибені натрий гидроксидінің орнына, сулы аммиак пен әсер ету. Өзгерістерді бақылау. Реакция теңдеулерін молекула-иондық түрде жазу.
8. СІЛТІЛІК – ЖЕР МЕТАЛДАРДЫҢ ТҰЗДАРЫНЫҢ АЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ
а) Үш сынауыққа кальций карбонатын, стронций карбонаты, барий карбонатын ерітінділерін алу. Тұнба түстерінің өзгеруіне бақылау. Әр пробиркаға тұз қышқылын қосу. Не байқалды? Реакция теңдеулерін молекула-иондық түрде жазу.
б) Сілтілік жер металл сульфатының салыстырмалы ерігіштігі.
Үш сынауықта кальций хлориді, стронций хлориді, барий хлориді ерітінділеріне кальций сульфатын қосу. Өзгерістерді бақылау. Қай сынауықта тұнба түспеді. Дәл жоғарыдағы тәжірибені стронций карбонатпен жасау.
Не байқалды? Кальций, барий, стронций сулфаттарының ерігіштігін бақылау. 10-шы кестеден ЕК жасау.
СУДЫҢ КЕРМЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ.
Колбаға магний карбонатын және кальций карбонатын салу. Колба ортасына дейін су толтырып, 2 тұзды араластыру. Тұздар ерігенше Кипп аппаратынан көміртек диоксидін жіберу. Реакция теңдеулерін жазу. Кермек суды келесі жұмысқа сақтап құю. Реакция теңдеулерін жазу.
б) 4 сынауық алып, 1-не дистильденген су, қалғандарына кермек су құю. Дистильденген суы бар сынауыққа бюреткадан тамшылатып сабын ерітіндісін қосамыз, пена түзелгенше. Әр тамшы сайын сынауықты шайқап тамшы санын жазып алу. Дәл солай кермек суы бар сынауықпен жасау.
в) Кермек суы бар сынауыққа кальций гидроксидін қосамыз, тұнба түскенше. Содан соң сабынды тамшылатамыз, тамшы санын санау.
г) Кермек суы бар ақырғы сынауықты кайнатып, сабын тамшылатып санау.
10. СІЛТІЛІК ЖЕР МЕТАЛЛ ТҰЗДАРЫНЫҢ ЖАЛЫНДЫ БОЯУЫ.
Платиналық немесе нихромды сымды тазалап, тұз қышқылына салу.
Спиртшам жалынына төсеу. Қыздыру. Сымды кальций тұзына салып, жалын түсін бақылау. Осындай тәжірибені стронций, барий мен жасау. Не байқалды?
Тақырыпты бекіту:
Екінші негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықта?
Екінші негізгі топша элементтері түзетін қосылыстарда химиялық байланыстардың бағыты мен молекулалардың пішіндері қандай болады? MgCl2 молекуласының пішінін сызып көрсет.
Кальцийді қосылыстарынан қандай әдіспен алады?
Кальцийдің жай және күрделі заттармен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазып, оның тотықсыздандырғыш екенін дәлелде?
Кальцийдің оксиді мен гидроксиді қандай реакциялардың көмегімен алынады және олар қандай химиялық қасиеттер көрсетеді?
Бериллий, магний және сілтілік-жер металдардың алынуы, химиялық қасиеттері қандай?
Екінші топтың негізгі топша элементтерінің маңызды қосылыстары қандай? Қайда қолданады?
Судың кермектілігі дегеніміз не және оны қалай жоюға болады?
Молекулалық сутектің кальциймен әрекеттесуі нәтижесінде 4,2 г кальций гидриді түзілді. Осы реакцияға сутектің қанша молекуласы қатысты?
10 литрінде 4,44 г қальций хлориді бар судың кермектігін анықта?
Зертханалық жұмыс №10
Жұмыстың тақырыбы: Сілтілік металдар және олардың қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Сілтілік металдар және олардың қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реактивтер мен материалдар: литий, натрий, калий, натрий пероксиді Na2O2, натрий хлориді NaCl, калий хлориді KCl, натрий нитраты NaNO3, калий нитраты КNO3, калий карбонаты K2CO3, аммоний карбонаты (NH4)2CO3, натрий сульфиді Na2S, сөндірілген ізбес Са(ОН)2, индикатор қағазы, фильтр қағазы, шырпы, лакмус, фенолфталеин, аммиак, тұз қышқылы HCl (2 н.), күкірт қышқылы H2SO4 (2 н.).
Жұмыстың барысы:
СІЛТІЛІК МЕТАЛДАРДЫҢ СУМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
Үш фарфорлы чашкаға су құю керек. Литий, натрий, калийдің кішкентай бөлігін кесіп алып, фильтр қағазымен сүртіп, фарфорлы чашкаларға салу керек. Реакция жүруін бақылау керек. Қандай металл белсенді әрекеттеседі? Қандай газ бөлінеді? Түзілген ерітінділерді индикатормен тексеріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
НАТРИЙ ПЕРОКСИДІНІҢ СУМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ.
Сынауққа су құйіндар және натрий пероксидінің ұнтағын салындар. Тәжірибе жолымен анықтаңдар реакция барысында қандай газ бөлінеді және ерітіндіде қандай зат түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ.
Төрт сынауққа әр біріне жеке КNO3 Na2S, KCl, K2CO3 тұздарының кристалдарын салындар. 2-3 мл дистиллденген су құйындар. Қандай тұздар гидролизге ұшырайды? Тәжірибе жолымен дәлелдеңдер. Гидролиз реакцияларының теңдеулерінің иондық және молекулалық түрлерін жазыңдар.
КАЛИЙ КАРБОНАТЫНАН КАЛИЙ ГИДРОКСИДІН АЛУ.
Стаканға 10 мл су құйып және 10 г калий карбонатын салып еріту керек. Ерітіндіні қайнағанша қыздырыңдар және араластыра отырып 8-10 г сөндірілген ізбесті біртіндеп салыңдар. Түзілген ерітіндінің үстіне суды құйып отырып қайнатыңдар. Реакция аяқталғаның анықтаңдар. Осы мақсатта, бөлек сынауққа сұйықтықтың бөлігін алып тұз қышқылын қосыңдар. Реакция аяқталғаннан кейін, ерітіндіні суытып, декантация әдісімен мөлдір сұйықтықты тұңбадан бөліп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР ТҰЗДАРЫНЫҢ ЖАЛЫНДЫ БОЯУЫ
Тұз қышқылымен тазартылған және қатты қыздырылған платина немесе нихромды сымды литий тұзына салып, жалынның жарық шығармайтын жеріне енгізіп, жалынның боялуын бақылаңдар. Жалынның түсін жазыңдар. Осы тәжірибені жеке натрий және калий тұздарымен орындаңдар. Әр тұздан кейін сымды үнемі тазартып және қатты қыздыру қажет.
Тақырыпты бекіту:
Сілтілік металдардың және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзара ұқсастығын атом құрылысы мен периодтық заң тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?
Натрий мен калий табиғатта қандай қосылыстар түрінде тараған?
Калийдің оттекпен, броммен, фосформен, сутекпен, сумен мыс (ІІ) хлоридымен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жаз.
Балқыған калий хлориды мен калий гидроксидін электролиздеу процестерінің теңдеулерін жаз.
Натрий пероксидінің алынуын және оның химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.
Натрий мен калийдің оксидтері мен гидроксидтері қалай алынады және олардың физикалық, химиялық қасиеттері қандай?
Натрий мен калий және олардың қосылыстары қандай мақсаттарға қолданылады?
Калий-40 изотопы α-бөлшегін бөліп шығара ыдырайды. Бұдан қай элементтің изотопы түзіледі?
Мына өзгерістерді іске асыруға қажетті реакциялардың теңдеулерін жеке-жеке жазып, теңестір:
NaCl→Na→NaOH→NaH2PO4→Na3PO4→NaNO3→NaNO2
Зертханалық жұмыс №11
Жұмыстың тақырыбы: Мыс, күміс және олардың қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Мыс, күміс және олардың қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реактивтер мен материалдар: мыс струшкасы,мыс сымы,мырыш түйіршігі, жоңқа темір, мыс оксиді, мыс хлориді, индикатор қағазы, фильтр қағазы.
Жұмыс барысы:
1. МЫСТЫҢ АЛЫНУЫ
Актив метал арқылы мыстың ығыстырылуы.
Пробиркаға мыс стружкасының тұзын құйып, оған бір неше металл жіберу. Ол мысты ығыстыра алуы керек. Ерітіндінің және металл түсінің өзгеруін бақылау. Электрондық потенциал кестесінің көмегімен өзгерістерді түсіндіру. Реакция теңдеуін жазу.
МЫСТЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Мыстың қышқылдармен әрекеттесуі.
Біраз мөлшерде мыс стружкасына бөлек сынауықтарға тұз қышқылын, күкірт қышқылын және азот қышқылының сұйытылған және концентрлі ерітінділерін құю. Өзгерістерді түсіндіру. Реакция жүрмеген сынауықтарды абайлап қыздыру керек. Мыс барлық қышқылдармен әрекеттесе ма? Ерітінді түсіне назар аудару.Қай ионның қатысында түсінің өзгерісі жүреді.Газдың иісіне қарап және ерітінді түсіне назар аудару. Реакция теңдеулерін жаз. мыстың тотықсыздандырғыш қасиетіне сипаттама бер.
б) Мыстың активтілігі орташа металмен әрекеттесуі
Кернеу қатарын пайдалана отырып, мысты тотықтыра алатын металды анықтау. Мысты сынап нитратының ерітіндісіне жіберу. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазу.
3. МЫС ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.
а) Мыс гидроксидінің тұнбасын алу. Тұнба түсі мен қасиетін зерттеу. Реакция теңдеуін жазу.
б) Мыс гидроксидінің екідалық қасиетін зерттеу. Реакция теңдеулерін молекула-иондық түрде жазу.
в) Мыс гидроксидінің тұнбасын алу. Оны араластырып қыздыру. Тұнба түсі неге өзгерді? Реакция теңдеуін жазу, мыс гидроксидінің қасиетін тұжырымдау.
4. МЫСТЫҢ (II) ТҰЗЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
а) Индикатор қағазының көмегімен мыс тұзының ортасын анықтау. Ортасы қандай? Гидролиз теңдеуін жаз.
б) Мыс сулфатына (II) натрий карбонатын құю. Не байқалды? Су қатысында реакция теңдеуін жазу.
МЫС (II) КОМПЛЕКСТІ ТҰЗЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Мыс сульфатының ерітіндісіне аммиак ерітіндісін тұнба түскенше құю. Реакция теңдеуін жазу. Мыс қай ион құрамында? Түзелген ионның түсі қандай? Диссоциация теңдеуін жазу. Ерітіндіде сульфат ионын бар екенін дәлелдеу. Ерігіштік кестені қолдана отырып, реактивті таңдап алып оның көмегімен комлексті қосылыста мыстың (II) ионын барын анықтау.
МЫСТЫҢ (I) ОКСИДІН ЖӘНЕ ГИДРОКИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Мыс (II) гидроксидінің тұнбасын алу.Тұнбаға сілті және глюкоза ерітіндісн құю. Өнімді араластырып қыздыру. Басында мыстың (I) гидроксиді түзіліп, қыздыру барысында мыстың (I) оксиді түзіледі. Түстерін бақылау. Реакция теңдеулерін жазу.
МЫС ИОДИДІН АЛУ
Мыс сульфатының ерітіндісіне калий иодидін құю. Тұнбаны тұндыру. Ерітіндінің бөлігін алып, оған су және крахмал клейстерін қосу. Ерітіндінің түсін бақылау. Реакция теңдеулерін жазу. Крахмалды клейстер неге әсер етті? Қандай ерітіндіге күкіртті қышқыл құю. Түсін бақылау. Реакция теңдеуін жазу.
8. КҮМІСТІ АЛУ
а) Кұмістің активті металдармен тотығуы.
Зертханада әртүрлі активті металдарды таңдап алу. Олар күмісті тұзынан ығыстыра алуы керек. Сыауыққа күміс тұзын құйып, оған металл жіберу. Реакция жылдамдығын бақылау. Стандарттық электонды потенциал кестесін пайдалана отырып түсіндірме беру. Реакция теңдеулерін жазу.
б) Күмістің қалайы тұзымен тотығуы.
Натрийдің (II) тетрагидрооксалатынан алу. Алынған ерітіндіге 1-2 тамшыкүміс тұзын салу. Реакция ортасы қандай? Реакция теңдеуін жазу.
в) Күміс айна алу.
Құрғақ сынауыққа күміс нитратының еріндісін құю.Оның үстіне аммиак ерітіндісін тұнба түскеше қосу. Алынған ерітіндіге 10 проценттік глюкоза қосу. Араластырып сулы баняға 50-60градуста 2-3 минут қою. Пробирка шетінде қандай зат пайда болды. Глюкоза қандай қызмет атқарады. Реакция теңдеулерін жаз.
9. КҮМІСТІҢ ОКСИДІН АЛУ
Күміс нитратына сілті қосу арқылы күміс оксидін алу. Түсі қандай? Реакция теңдеуін жазу. Күміс гидроксидінің тұрақтылығы жайлы қандай қорытынды жасауға болады? Күміс окидінің негізгі характерін анықтап алу үшін қандай қышқылда алуға болады? Неліктен?
КҮМІС НИТРАТЫНЫҢ ЕРІТІНДІСІНІҢ ЛАКМУСҚА ӘСЕРІ
Күміс нитратының реакция ортасын анықтау. Күміс гидроксидінің күшін анықтау.
Тақырыпты бекіту:
I топтың қосымша топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? Мысалы келтір.
Элементтердің табиғатта таралуы.
Металдардың алу тәсілдері қандай?
Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы?
I топтың қосымша топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерін, тұздарын алу жолдары, химиялық қасиеттері қандай?
Мыс, күміс, алтынның маңызды қосылыстары?
Зертханалық жұмыс №12
Жұмыстың тақырыбы: Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реактивтер мен материалдар: Мырыш түйіршігі, мырыш ұнтағы, темір ұнтағы,күкірт ұнтағы, йод, темір сульфиді, сынап окиді, сынап сульфаты, сынап нитраты, сынап сульфиді, фильтр қағазы, индикатор қағазы, шырпы.
Жұмыстың барысы:
МЫРЫШТЫҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
6 сынауыққа мырыш грауласын салып, үстіне сұйытылған және концентрлі тұз қышқылын, күкірт қышқылын және азот қышқылын құю. Не байқалды? Суықта жүрмеген сынауықтарды қыздыру. Сұйытылған азот қышқылында еруінен кейін онда аммоний ионының бар жоғын анықтау. Реакция теңдеуін жазу.
МЫРЫШТЫҢ СІЛТІМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
Сынауыққа мырыш стружкасын салып, оның үстіне концентрлі сілті ерітіндісін құю. Қыздыру. Газ бөлінуін бақылау. Тәжірибе жүзінде сутегі бөлінгенін дәлелдеу. Түсіндіру. Реакция теңдеулерін жазу.
МЫРЫШ ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Зертханада мырыш гидроксидін алу. Тұнбаның түсін бақылау. Оның екідайлық қасиетін дәлелдеу. Реакция теңдеуін молекула – иондық түрде дәлелдеу.
4. МЫРЫШ ТҰЗЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
а) Мырыш сульфатының және мырыш хлоридінің тұздарының реакция ортасын анықтау. Гидролиз теңдеуін жазу.
б) Мырыш хлоридінің ыстық ерітіндісіне мырыш салу. Оны наждан қағазымен бетін тазалау керек. Сутегі газының бөлінгенін бақылау. Өзгерістерді түсіндіру. Реация теңдеулерін жазу.
5. КАДМИЙ ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОЛРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Зертханада кадмиий гидроксидін алу. Реакция теңдеуін жазу. Оның сілті және қышқылға әсерін бақылау. Оның қанда қасиеттерін зерттедік. Мырыш және кадмий гидроксидтерін зерттеу және салыстыру.
6.КАДМИЙДІҢ СУЛЬФИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Зертханада кадмий сульфидін алу. Ол үшін күкірт сутек суын қолдану. Тұнба түсі қандай? Реакция теңдеуін жаз. Тұнбаны бөліп, оған тұз қышқылын қосу. Тұнба еріді ме? Мырыш сульфидімен кадмий сульфидінің тұз қышқылына әсерінің әр түрлі екенін дәлелдеу.
7. КАДМИЙ ТҰЗЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
а) Кадмий сульфатының реакция ортасын анықтау. Өзгерістерді түсіндіру. Реакция теңдеуін жазу.
б) Кадмий сульфатына натрий карбонатын құю.тұнба түзілуін бақылау. Ол қандай сатыда бөлінді? Реакция теңдеуін молекула- иондық түрде жазу.
Тақырыпты бекіту:
IІ топтың қосымша топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
Элементтердің табиғатта таралуы.
Металдардың алу тәсілдері қандай?
Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы?
IІ топтың қосымша топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерін, тұздарын алу жолдары, химиялық қасиеттері қандай?
Мырыш, кадмий, сынаптың маңызды қосылыстары?
Зертханалық жұмыс №13
Жұмыстың тақырыбы: Хром және оның қосылыстары
Жұмыстың мақсаты: Хром және оның қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реактивтер мен материалдар: 1. Мырыш (гранул.). 2. Хром (ІІІ) оксиді. 3. Аммоний дихроматы. 4. Калий нитраты. 5. Натрий карбонаты. 6. Калий дихроматы. 7. Хромды кварцтар. 8. Бензин 9. Этил спирті. 10. Фильтр қағазы. 11. Мұз. 12. Индикатор қағазы. 13. Шыны мақта (немесе асбест). 14. Темір сымы.
Жұмыстың барысы:
1. ХРОМ (ІІІ) ОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
а) Сынауыққа ұнтақталған аммоний дихроматын салып, штативке қиғашынан орналастырамыз. Сынауықтық аузын өзіңе және басқа жұмыс істеушілерге қаратуға болмайды. Сынауықтың астына бір бет қағаз қою керек. Реакция басталғанға дейін сынауықтың жоғарғы қабатын қыздырып, реакция басталғанда доғару қажет. Өзгерістердің түсіндіріңіздер. Реакция теңдеулерін жазыңыздар. Осы процестегі тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіздер.
б) Алынған хром (ІІІ) оксиді ұнтағына су және сұйылтылған күкірт немесе азот қышқылымен әсер ету. Хром (ІІІ) оксиді суда және сұйылтылған қышқылдарда ери ме?
2. ХРОМ (ІІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Хром (ІІІ) тұзы бар сынауыққа хром (ІІІ) гидроксиді түзілгенге дейін тамшылатып натрий гидросидінің ерітіндісін қосу керек. Тұнбаның түсін белгілеп алыңыз. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
Б) Алынған тұнбаны екі сынауыққа бөліңіздер. Оның біреуіне сұйылтылған қышқыл ерітіндісін, екіншісіне сілтінің артық мөлшерін қосыңыздар.реакция теңдеулерін жазыңыздар. Хром (ІІІ) гидроксиді қандай қасиетпен сипатталады? Алынған өнімдердің түстерін бақылаңыздар.
3. ХРОМ ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
А) хромның (ІІІ) тұзына бейтарап лакмус ерітіндісін қосыңыздар. Лакмус түсінің өзгеруін түсіндіріңіздер. Реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Б) Хром (ІІІ) тұз ерітіндісіне тұнба түзілгенге дейін аммоний сульфидінің ерітіндісін қосыңыздар. Алынған тұнбаны фильтрлеп, оны фильтрде дұрыстап жуу қажет. Сынауықта тұнбаның бір бөлігіне сұйылтылған НСl ерітіндісін, басқасына сілті ерітіндісін қосу керек. Тұнбаның құрамына байланысты жүргізілген тәжірибелер арқылы қорытынды жасаңыздар. Реакция теңдеулерін жазыңыздар.
4. ХРОМ (ІІІ) ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТОТЫҒУЫ МЕН ТОТЫҚСЫЗДАНУЫ
А) Хром (ІІІ) тұзының ерітіндісіне түзілген тұнба ерігінге дейін натрий гидроксиді ерітіндісін қосу. Алынған ерітіндіні екі сынауыққа бөліңіздер. Оның біріншісіне 2-3мл NaOH ерітіндісін және 2-3мл бром суын қосыңыз, ал екіншісіне 2-3мл NaOH ерітіндісін және 2-3мл 3%-тік сутегі асқан тотығын қосыңыз. Екі сынауықтағы да ерітінді түсінің өзгеруін бақылаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Б) Хром (ІІІ) хлориді ерітіндісін тұз қышқылымен қышқылдатыңыз (хлоридтің орнына басқа да тұзды алуға болады). Алынған ерітіндіні екі сынауыққа бөліңіз. Оның біріншісін байқауға сақтап, екіншісіне 2-3 түйір мырышты салып, аздап бензин қосып, газөткізгіш түтігі бар тығынмен жауып, түтіктің екінші ұшын суға матырып қою. Реакция теңдеулерін жазыңыз. Не себепті бензиннің жұқа қабаты құйылды және суға түтіктің бір ұшы матырылды? Осы реакцияда хром (ІІІ) хлориді қандай қызмет атқарады?
Жүргізілген тәжірибелердің негізінде қорытынды жасап, хромның (ІІІ) қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай өызмет атқарады және мұндағы реакция ортасының ролін анықтаңыздар.
5. ХРОМ (VІ) ОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Стаканға немесе сынауыққа 3-5мл қаныққан K2Cr2O7 ерітіндісін және стаканды суық сумен суыта отырып аз-аздан 5-8мл концентрлі күкірт қышқылы ерітіндісін қосу. Алынған хром (VІ) оксидінің кристалдарының түстерін жазып алу. Ерітінді суыған соң шыны фильтрлі немесе асбестті воронкада фильтрлеп алу. Реакция теңдеуін жазу. Реакцияға күкірт қышқылының артық мөлшері не себепті алынған?
Б) Алынған кристалдардың бір бөлігін фарфорлы чашкаға салып, тамшуырдың көмегімен абайлап спирт ерітіндісін қосу. Не байқалады? Реакция нәтижесінде хром (ІІІ) оксиді және сірке альдегиді (иісі арқылы анықталады) түзілгендігін ескере реакция теңдеулерін жазыңыздар.осы реакцияда хром (VІ) оксиді қандай қасиетпен сипатталады?
В) а) тәжірибесінде алынған бірнеше хром (VІ) оксиді кристалын 2-3 мл суда ерітіп, КІ ерітіндісін қосу. Ерітіндінің түсінің өзгеруін бақылау. Ерітіндіде иод ионы бар екендігін дәлелдеу. Реакция теңдеулерін жазу. Хром (VІ) оксидінің қасиеттері турады қорытынды жасау.
6. ЕРІТІНДІДЕ ХРОМАТ ЖӘНЕ ДИХРОМАТ ИОНДАРЫНЫҢ БОЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
3-4 мл калий хроматы ерітіндісіне H2SO4 ерітіндісін қосу. Түсінің өзгеруін бақылау. Болып жатқан құбылыстарды түсіндіру. Реакция теңдеулерін жазу.
Алынған ерітіндідегі сілті ерітіндісін қосу. Ерітінді түсінің өзгеруін байқау. Өзгерулерді түсіндіру. Реакция теңдеулерін жазу. Ерітінді түсінің өзгеруі қандай иондармен анықталады? Хроматтар мен дихроматтар сулы ерітіндіде қандай тепе – теңдікке келеді? Бұл тепе – теңдіктің ығысуына реакция ортасы қалай әсер етеді?
7. ХРОМДЫ ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ТҰЗДАРЫН АЛУ
А) Фарфорлы тигельде 2г калий карбонаты мен 1г калий нитраты араластырып, газшамда қыздыру. Содан соң балқымаға 1г хром (ІІІ) оксидін қосу. Қоспаны темір сымның көмегімен жақсылап араластырып, 5-10мин қатты жалында қыздыру. Суыған соң алынған сары балқыманы (калий хроматы) суда еріту. Ерітіндіні күкірт қышқылымен калий дихроматына ауыстыру үшін қышқылдату. Одан әрі ерітіндіні буландырып, кристалдану үшін қалдыру. Реакция теңдеулерін жазу.
Б) Екі сынауық алып, оның біріншісіне калий хроматы, екіншісіне калий дихроматы ерітіндісін құю. Олардың әрқайсысына AgNO3 құю. Түстерін байқау. Екі жағдайда да Ag2CrO4 тұнбасы түзіледі. 7-тәжірибедегі қорытындыны және күмістің хроматы мен дихроматының ерігіштік көбейтіндісін (10 кесте) пайдаланып, болған құбылыстарды түсіндіру. Реакция теңдеулерін жазу.
Дәл осы тәжірибені барий хлоридімен (қорғасын нитратымен) жүргізу. Тұнбалардың түстерін бақылау. Реакция теңдеулерін жазу.
8. ХРОМ (VI) ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ
А) 2-3мл K2Cr2O7 ерітіндісіне аздап сұйылтылған H2SO4 ерітіндісін және 2-3мл NaNO2 ерітіндісін қосу. Қоспаны аздап қыздыру. Түсінің өзгеруін бақылау. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу.
Б) K2Cr2O7 ерітіндісін сұйылтылған H2SO4 ерітіндісімен қышқылдатып, Na2SO3 ерітіндісін қосу. ерітінді түсінің өзгеруін байқап, оларды түсіндіру. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу.
В) Концентрлі K2Cr2O7 ерітіндісіне концентрлі НСІ ерітіндісін қосу. ерітіндінің түсі өзгергенше қыздыру. Қандай газ бөлінеді? (Иіскегенде абайла!)
Тақырыпты бекіту:
Хром, молиблен, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жаз?
Алтыншы топтың негізгі және қосымша топша элементтерінің электрондық құрылымы мен қасиеттерінде қандай айырмашылық бар?
Cr (II) Cr (III) Cr (VI) қатарындағы хромның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық табиғаты қалай өзгереді?
Хром (ІІІ) гидроксидінің қышқылдар және сілтілермен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жаз?
Хром-комлекстүзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық саны нешеге тең болады? Хромның комплексті қосылыстарының мысалдарын келтір?
Қандай жағдайларда ерітінділерде хроматтар мен дихроматтар тұрақты? Реакция теңдеулерін жаз?
Тотығу-тотықсыздану реакцияларында Cr (III), Cr (VI) қосылыстары қандай қасиеттермен сипатталады? Қандай ортада мұндай процестер жүреді? Мысалы келтір. Реакция теңдеулерін жаз?
Зертханалық жұмыс №14
Жұмыстың тақырыбы: Марганец және оның қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Марганец және оның қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реактивтер мен материалдар: 1. Қорғасын (IV) оксиді немесе сурик. 2. Марганец (IV) оксиді. 3. Калий гидроксиді. 4. Калий перманганаты. 5. Калий хлораты. 6. Марганец сульфаты. 7. Индикатор қағазы. 8. Шырпы.
Жұмыстың барысы:
1. МАРГАНЕЦ (ІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Марганец (ІІ) тұзынан марганец (ІІ) гидроксидін алу. Оның түсін анықтау. Реакция теңдеулерін жазу.
Б) Тұнбасы бар ерітіндінің бір бөлігін басқа сынауыққа бөліп алып, оны ауада қалдыру. Тұнба түсінің өзгеруін түсіндіру. Реакция теңдеуін жазу.
В) Бастапқыда алынған тұнбаның сұйылтылған қышқыл ерітіндісіне және сілтінің артық мөлшеріне әсерін тексеру. Не байқалады? Марганец (ІІ) гидроксидінің қасиеті туралы қандай қорытынды жасауға болады? Реакция теңдеуін жазу.
Г) Марганец (ІІ) гидроксидінің тұнбасына бром суын қосу. қандай өзгеріс байқалады? Осы реакцияда марганец (ІІ) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді? Реакция теңдеуін жазыңыз.
2. МАРГАНЕЦ (ІІ) ТҰЗЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Марганец (ІІ) тұзының ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін қосу. Тұнбаға не түседі? Оның түсі қандай? Ауада тұрғанда тұнбада қандай өзгерістер байқалады? Өзгерістерді түсіндіру. Реакция теңдеулерін жазу.
Б) Сынауыққа аздап қорғасын (IV) оксиді немесе сурик салып, оған 2-3мл концентрлі азот қышқылын және 1-2тамшы мсарганец (ІІ) сульфаты ерітіндісін қосу. Қоспаны қайнағанға дейін қыздыру. Суыған соң ерітіндінің түсін жазып алу. Реакция теңдеуін жазу. Бұл реакция аналитикалық химияда марганец қосылыстарын анықтау кезінде қолданылады.
А) және Б) тәжірибелерінде марганец (ІІ) тұздары қандай қасиет көрсетеді?
3. МАРГАНЕЦ (IV) ОКСИДІНІҢ КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
Марганец (IV) оксидінің бірнеше түйіріне аздап концентрлі күкірт қышқылын қосу. газ қарқынды бөлінгенге дейін қоспасы бар сынауықты қыздыру. Қандай газ бөлінгендігін анықтау. Реакция теңдеуін жазу. Осы реакцияда MnO2 қандай қасиетпен сипатталады?
4. КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Калий перманаганатының қыздырғанда ыдырауы.
Сынауықта калий перманаганатының бірнеше кристалын қыздыру. Қандай газ бөлініп жатқанын дәлелдеу. Газ толық бөлінгенге дейін сынауықты қыздыру. Реакция аяқталып, сынауықты суытқан соң оның ішіндегі қоспаны судың аздаған мқлшерінде еріту. Алынған ерітінді мен тұнбаның түсі қандай? Реакция теңдеуін жазу.
Б) Калий перманаганатының тотықтырғыш қасиеттері.
3 сынауыққа 1-2 мл калий перманганатының ерітіндісін және аздап сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісін қосу. 1-сынауыққа натрий сульфиті, 2-сынауыққа темір (ІІ) сульфаты, 3-сынауыққа щавель қышқылы (3-сынауықты қыздыру) ерітінділерін құю. Не байқалады? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазу.
1-2мл калий перманганаты ерітіндісіне су, содан соң натрий сульфиті ерітіндісін қосу. Не байқалады? Реакция теңдеуін молекулалық, иондық түрде жазу.
Сынауыққа аз мөлшерде калий перманаганы ерітіндісін құю. Оған концентрлі сілті ерітіндісін қосып, үстіне натрий сульфиті ерітіндісін құйып, араластыру. Ерітіндінің түсі қалай өзгерді? Біраз уақыттан кейін тұнбаның түсуі байқалады. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу.
Марганец (ІІ) сульфаты ерітіндісіне тамшылатып калий перманаганаты ерітіндісін қосу. Не байқалады? Реакцияны индикатор арқылы сынау. Реакция теңдеуін жазу.
Тәжірибелерде байқалған өзгерістерді түсіндіру. Калий перманганатының тотықсыздануына реакция ортасы қалай әсер етеді?
В) Тотығу жылдамдығына орта қышқылдығының әсері.
2 сынауыққа 2-3мл КВr ерітіндісін құйып, оның 1-не сұйылтылған күкірт қышқылын, 2-не сұйылтылған СН3СООН қосу. олардың әрқайсысына 10-15 тамшы калий перманганатын қосу. екі сынауықта да өзгерістер бір мезгілде бола ма? Калий перманаганатының тотығуына реакция ортасының қышқылдылығы қалай әсер етеді? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу.
Тақырыпты бекіту:
Марганец катионының электрондық формуласын жаз. Қандай орбитальдар арқылы марганец атомы химиялық байланыстарды түзеді?
Марганецтің максималды коваленттілігі нешеге тең болады? Қосылыстарында марганец қандай тотығу дәрежелерде бола алады? Мысалы келтір.
Қалай марганец сұйытылған және концентрлі азот, тұз, күкірт қышқылдарымен суықта және қыздырғанда әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жаз.
Марганецтің оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз. Қайсылары бос күйінде бөлініп алынған?
Марганецтің тотығу дәрежесі артқан сайын оның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық характері қалай өзгереді? Түсіндірме бер.
Марганецтің қандай қосылыстары химиялық реакцияларда тек қана а)тотықсыздандырғыш б) тотықтырғыш в) тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш бола алады? Түсіндірме бер.
Mn (II) қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларда қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз. Қандай ортада бұл қосылыстар тұрақты болады? Мысалы келтір.
MnO2 концентрлі тұз, күкірт қышқылдармен және сілтілермен балқытқанда әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Бұл реакцияларда MnO2 қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.
Марганец (VI) қосылыстарын қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз. Бұл қосылыстардың тұрақтылығы қандай?
Калий перманганатының тотықсыздану өнімдерінің құрамы қандай факторларға тәуелді? Реакция теңдеулерін жаз.
Зертханалық жұмыс №15
Жұмыстың тақырыбы: Темір, кобальт, никель және олардың қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты: Темір, кобальт, никель және олардың қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.
Реактивтер мен материалдар: 1. Темір (үгінділері, сымы, шеге, пластинка). 2. Қалайы. 3. Мырыш (гранул.). 4. Скрепка (2 дана). 5. Бром. 6. Темір (ІІІ) оксиді. 7. Калий гидроксиді. 8. Темір (ІІ) сульфаты. 9. Темір (ІІІ) хлориді. 10. Кобальт (ІІ) нитраты. 11. Мрамор. 12. Фильтр қағазы. 13. Индикатор қағазы. 14. Шырпы.
Жұмыстың барысы:
ТЕМІРДІҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
(жұмысты тартқыш шкафта орындайды)
Аздаған темір үгінділерін әртүрлі сынауықтарда сұйылтылған және концентрлі HCl, H2SO4, HNO3 ерітінділерімен сынау. Суықта реакция жүрмеген сынауықтарды қыздыру. Өзгерістерді бақылау. Не себепті кейбір сынауыұтарда реакция тек қыздырғанда жүреді? Реакция теңдеуін жазу.
2. ТЕМІРДІҢ ПАССИВТЕНУІ МЕН ОКСИДИРЛЕНУІ
(жұмысты тартқыш шкафта орындайды)
А) Кең сынауыққа түтіндегіш азот ұышұылын құйып, оған жақсылап тазартылған темір сымын немесе шегені салу. 1-2 мин соң абайлап, сынауық қабырғаларына тигізбей ұышұылдың ішіндегі темірді алып, суы бар стаканда жуып, оны бірнеше минутқа мыс купоросы бар ерітіндіге салу. Онда мыс түзіле ме?
Содан сымды жуан шыны таяқшамен соғып, қайта мыс купоросы ерітіндісіне салу. Не байқалады?
Темірді концентрлі азот қышқылымен өңдеген соң мыс купоросында мыс түзілмейді? Темір сымды шыны таяқшамен соғудың маңызы неде?
3. ТЕМІР (ІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Артық мөлшерде алынған темір үгінділері мен сұйылтылған күкірт қышқылының ерітіндісін пайдаланып темір (ІІ) сульфатын алу. Алынған ерітіндінің 3-4 мл басқа сынауыққа құйып алып, оған натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу. Ақ түсті темір (ІІ) гидроксидінің түзілуін бақылау. Реакция теңдеуін жазу. Ауада тұнбаның түсінің өзгеруі байқалады. Қалай? Реакция теңдеуін жазу.
4. ТЕМІР (ІІ) ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
Темір (ІІ) тұзының ерітіндісін индикатормен сынау. Не байқалады? Гидролиз реакция теңдеуін жазу.
5. ТЕМІР (ІІ) ТҰЗДАРЫН АЛУ
А) Темір (ІІ) карбонаты мен гидрокарбонатының түзілуі. Аздаған дистилденген суды 1 тамшы сұйылтылған күкірт қышқылымен қышқылдатып, 1-2мин бойы қыздыру. Оған бірнеше түйір темір (ІІ) тұзын салып (шайқамау) қайта қайнату. Алынған ерітіндіні кран астындағы суда суытып, оған 1мл сода ерітіндісін қосу. Ақ түсті тұнба түзіледі. Ауада біртіндеп тұнбаның түсі өзгере бастайды? Реакция теңдеуін жазу.
Тұнбасы бар ерітінді арқылы Кипп аппараты арқылы СО2 газын өткізу. Не байқалады? Сынауықты қайнағанға дейін қыздыру. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу.
Тәжірибе жылдам жасалғанда ғана дұрыс шығады. Себебі темір (ІІ) қосылыстары ауада тез тотығады.
Б) Темір (ІІ) сульфидін алу. Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін қосу. Не байқалады? Сынауыққа сұйылтылған тұз қышқылы ерітіндісін қосу. Не байқалады? Күкіртсутек темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіне қалай әсер етеді? Темір (ІІ) сульфатына аммоний сульфиді мен күкіртсутектің әсері қалай ерекшеленеді? 9,10 кестелерді пайдалану.
6. Fe2+ ИОНЫНА РЕАКЦИЯ
Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіне калийдің гексациановферратын (ІІІ) – қызыл қан тұзын қосу. Не байқалады? Алынған зат турнбуль көгі деп аталады. Реакция теңдеуін жазу.
7. ТЕМІР (ІІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Темір (ІІІ) гидроксидін алу. Оның түрі мен түсін белгілеу. Темір (ІІІ) гидроксидінің сұйылтылған қышқыл ерітіндісіне қатынасын тексеру. Реакция теңдеуін жазу.
Жаңа дайындалған темір (ІІІ) гидроксиді аздап концентрлі сілті ерітіндісінде ериді. Реакция теңдеуін жазу.
Б) Қайта темір (ІІІ) гидроксиді тұнбасын алып, фильтрлеп, фильтрде жуу. Содан соң фарфорлы тигельге салып, қыздыру. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.
Темір (ІІІ) гидроксиді қандай қасиетпен сипатталады?
8. ТЕМІР (ІІІ) ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
А) Суда аздап темір (ІІІ) хлоридін еріту. Ерітіндінің реакция ортасын анықтау. Гидролиз реакция теңдеуін жазу.
Б) 2 сынауыққа 2-3мл темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін құю. Оның біреуіне бірнеше тамшы концентрлі тұз қышқылын қосу. ерітіндінің түсінің өзгеруін бақылау. Екіншісін сумен сұйылтып, қайнағанға дейін қыздыру. Ерітіндінің түсі қалай өзгерді? Осы тәжірибелердің нәтижесін түсіндіру.
В) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне сода ерітіндісін қосу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу. Түзілген тұнба көмір қышқылының тұзы еместігін қалай дәлелдеуге болады? Қай тұздар – темір (ІІ) немесе темір (ІІІ) тұздары гидролизге жақсы ұшырайды. Себебін түсіндір.
9. Fe3+ ИОНЫНА РЕАКЦИЯ
А) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне калийдің гексацианоферратын (ІІ) – сары қан тұзын қосу. Не байқалады? Алынған зат – берлин лазурі деп аталады. Оның формуласы КFe[Fe(CN)6]. Реакция теңдеуін жазу.
Б) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне калий радониді ерітіндісін қосу. алынған темір (ІІІ) радонидінің түсін белгілеп алу. Реакция теңдеуін жазу.
10. ТЕМІР (ІІ) ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТОТЫҒУЫ
3 сынауыққа 2-3мл темір (ІІ) сульфаты ерітінідісін құю. Олардың әрқайсысына сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісін қосу. Содан соң оның алғашқысына аздапа концентрлі азот қышқылын қосып, қайнағанға дейін қыздыру, ал екіншісіне бром суын және үшіншісіне калий перманаганаты немесе калий дихроматы ерітіндісін қосу керек. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу. Темір (ІІ) сульфаты қандай қызмет атқарады? Барлық тәжірибелердің нәтижесінде Fe2+ ионы Fe3+ дейін т отыққандығын дәлелдеңіздер.
11. КОБАЛЬТ (ІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
А) Кобальт (ІІ) хлориді ерітіндісіне натрий гидроксиді ерітіндісін қосу. түзілген кобальттың негіздік тұзының түсін белгілеп алу. Тұнбаның түсі мен құрамы қалай өзгерді? Реакция теңдеуін жазу. Ауада тұрғанда кобальт гидроксиді тұнбасы қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазу.
Б) Кобальт (ІІ) гидроксиді қышқыл ерітіндісінде және концентрлі сілті ерітіндінің артық мөлшерінде ери ме? Реакция теңдеуін жазу. Кобальт (ІІ) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді?
12. КОБАЛЬТ (ІІІ) ОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
(Жұмысты тартқыш шкафта орындау)
А) Кобальт (ІІ) нитратының бірнеше кристалын тигель қақпағанда газ (қандай?) бөлінгені тоқтағанға дейін абайлап қыздыру. Қақпақта не қалды? Реакция теңдеуін жазу.
Б) Кобальт (ІІІ) оксидінің аздаған мөлшерін сынауыққа салып, оған концентрлі тұз қышқылының ерітіндісін қосып, сынауықты қыздыру. Қандай газ бөлінеді? Оның түсі мен иісін белгілеп алу (абайла!). Реакция теңдеуін жазу. Осы реакцияда кобальт (ІІІ) оксиді қандай қасиетпен сипатталады?
13. КОБАЛЬТ (ІІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
(Жұмысты тартқыш шкафта орындау)
А) 1-2мл кобальт (ІІ) хлориді ерітіндісіне 4-5мл бром суын, натрий гидроксиді ерітіндісін қосу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.
Б) Алынған тұнбадағы сұйықтықты мүмкіндігінше бөліп алу, қалған тұнбаға концентрлі тұз қышқылы ерітіндісін қосып, қыздыру. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазу. Осы реакцияда кобальт (ІІІ) гидроксиді қандай қасиетпен сипатталады? Алынған ерітіндіге біраз су қосып, ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіру.
14. КОБАЛЬТТЫҢ КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫН АЛУ
А) Кобальттың аммиакаттарын алу. Кобальт (ІІ) хлориді ерітіндісіне аммоний хлориді ерітіндісін және аммиактың артық мөлшерін қосу. Түзілген кобальт (ІІ) аммиакатының түсін белгілеп алу. Реакция теңдеулерін жазу. Не себепті ауада тұрғанда ерітінді түсі өзгереді? Реакция теңдеуін (ІІ) хлориді ерітіндісіне калий нитритінің артық мөлшерін қосу. Содан соң аздап сірке қышқылын қосып, алынған қоспаны қыздыру керек. Түсін белгілеп алу. Реакция теңдеуін жазу. Осы реакцияда калий нитриті қандай қасиетпен сипатталады?
15. НИКЕЛЬ (ІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Никель (ІІ) гидроксидін алу. Оның сипаты мен түсін белгілеп алу. Реакция теңдеуін жазу. Алынған тұнбаның сұйылтылған қышқыл және концентрлі сілтінің артық мөлшеріне сынау. Реакция теңдеулерін жазу. Никель (ІІ) гидроксиді қандай қасиетпен сипатталады?
16. НИКЕЛЬ (ІІІ) ГИДРОКСИДІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
(Жұмысты тартқыш шкафта орындау)
А) 1-2мл никель (ІІ) хлориді ерітіндісіне 4-5мл бром суын және сілті ерітіндісін қосу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.
Б) Алынған тұнбадан сұйықтықты бөліп алып, оған концентрлі тұз қышқылын қосып, қыздыру. Қандай газ бөлінеді? Оның түсі мен иісін белгілеп алу (абайла!). реакция теңдеуін жазу. Осы реакцияда никель (ІІІ) гидроксиді қандай қасиетпен сипатталады?
Тақырыпты бекіту:
Кобальт, никель, темір атомдарының электрондық формулаларын жаз.
Темір, кобальт, никель үшін қандай тотығу дәрежелер тән болады?
Зертханалық жағдайларда темірді қалай алуға болады? Бұл жағдайда қандай тотықсыздандырғыштар қолданылады? Реакция теңдеулерін жаз.
Темірлік металдардың химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.
Темірлік металдардың оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз.
Темір, кобальт, никель тұздарының қасиеттерін (түсі, суда ерігіштігі, гидролиз, ауаның оттегісіне қатысы) сипатта?
Темір, кобальт, никель қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.
Платиналық металдардың химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.
Темірлік және платиналық металдардың комплекстүзушілер ретінде қарастыр. Реакция теңдеулерін жаз.
ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР
3.1 Негізгі әдебиет
3.1.1.Бейорганикалық химия. Т.1. /Шрайвер, Д. - 2012
3.1.2. Неорганическая химия. В 2-х т. Т.1. /Шрайвер, Д. – 2009
3.1.3. Неорганическая химия. В 2-х т. Т.2. /Шрайвер, Д. - 2009
3.1.4. Химия /Сейтембетов,Т.С. – 2010
3.1.5. Общая химия /Глинка, Н.Л. – 2012
3.1.6. Химия негіздері /Аханбаев,К. – 2009
3.1.7. Химия. Т.1. Жалпы және бейорганикалық химия /Утелбаева, А. – 2006
3.1.8. Химия.Т.2. Элеметтер химиясы ІА-ҮА топша элементтері /Утелбаева, А. – 2006
3.1.9. Общая и неорганическая химия в таблицах и схемах /Келина, Н.Ю. – 2008
3.1.10. Химия. Т.3. Элементтер химиясы ҮА-ҮІІІ А және ҮІІІБ-ІБ топша элементтері /Утелбаева, А. – 2006
3.1.11. Бейорганикалық химия /Омарова, Т.Т. – 2008
3.1.12. Жалпы химия /Бірімжанов, Б.А. - 2011
3.2 Қосымша әдебиет
3.2.1. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Ділманов, Б.М. – 2009
3.2.2. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Мырзалиева, С.К. – 2005
3.2.3. Бейорганикалық химия практикумы /Ж.Ә.Шоқыбаев / - 2003
3.2.4. Неорганическая химия в реакциях: Справ. /Лидин, Р.А. – 2007
3.2.5. Общая и неорганическая химия /Угай, Я.А. – 2000
3.2.6. Задачи и упражнения по общей химии /Глинка, Н.Л. – 2008
3.2.7. Лабораторный практикум по общей и неорганической химии /Стась, Н.Ф. – 2008
3.2.8.Химия терминдерінің орысша-ағылшын-қазақша және ағылшын-орысша-қазақша сөздігі =Русско-англо-казахский и англо-русско-казахский словарь химических терминов /Ибраева, Л.С. - 2010
3.2.9.Химиялық элементтер әлемінде /Жайлауов, С. - 1984
3.2.10.Популярная библиотека химических элементов . Кн. 1. Водород - Палладий /сост. В.В.Станцо / - 1983
3.3 Интернет-ресурстар
3.3.1.interneturok.ru › Химия › 9 класс
3.3.2.5terka.com/node/10380
3.3.3.https://sites.google.com/...sistema-elementov...mendeleeva.../plan-algoritm-harakteristi...
3.3.4. school-collection.edu.ru/catalog/rubr/d05469af-69bd-11db-bd13.../75739/
3.3.5. www.primefan.ru/stuff/chem/moodle/atom7.html
3.3.6.morozovasite.21307s04.edusite.ru/spravka8.html
Достарыңызбен бөлісу: |