Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет22/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
Қазақ аруы, !26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз, 1410319942437
«Физикалық географиямен»:
географиялық аймақтылықты ескере отырып
жер бетінде органикалық дүниенің таралу ерекшеліктерін оқып білу барысында
географиялық білімге сүйену; орта факторларының адам организмінің жағдайы
мен қасиеттеріне және жалпы органикалық табиғатқа әсерін білу; континенттер
тарихының білімін пайдалану.
«
Экономиялық географиямен»:
бүкіл әлем халықтарын оқып, зерттеп білу;
әлем халықтарының географиялық аймақтарға таралуын білу.
«Бейнелеу өнерімен»:
зертханалық, практикалық және шығармашылық
жұмыстарды кестелермен, суреттермен және сызбанұсқалармен безендіру.
«Химиямен»:
бейорганикалық
химия. Д.И.Менделеевтің
периодтық
жүйесінің элементтері, олардың негізгі қасиеттері. Органикалық химия. Тірі
жүйенің құрамына кіретін негізгі химиялық қосылыстар; - жасушаның
химиялық құрылымын оқып білу; органикалық ортада жүретін биохимиялық
процестерді (-зат және энергия алмасу-бұл органикалық заттардың биосинтезі
және ыдырауы) оқып білу.
«Физика»:
биологиялық
жүйелердегі
өзгерістердің
динамикасы;
экологиялық жүйелердің жағдайы мен қасиеттеріне атмосфералық қысым
ауытқуының әсері.
«Музыка»:
«Адам 
генетикасы» 
тақырыбын 
оқытуда 
музыкалық
шығармаларды пайдалану; «Адамның шығу тегі» сабағын оқыту барысында
музыкалық шығармаларды пайдалану.
«Информатикамен»:
жалпы 
биологияның
тақырыптары 
бойынша
электрондық
көрсетілім
құрастыру; 
жұмыс 
барысында 
электрондық
материалдарды пайдалану.
Бейінді оқыту жағдайында
жалпы биология курсында кез келген
тақырыпты оқып-үйрену негізгі биологиялық теориялардың (жасушалық,
хромосомалық, эволюциялық, ген теориясы, экологиялық тұжырымдамалар)
айналасында өрістеуі қажет. Оқушыларды биологиялық теория пайда болғанға
дейін оқып-үйренетін
нысанға
қатысты
ғалымдардың
көзқарастарымен
таныстыру қажет. Теорияның шығу себебін, негізін және мәнін анықтау,
зерттеу бағдарламасын іске асыру мен проблемаларды шешудің жолдарын
көрсету өте маңызды болып табылады. Теорияның логикалық құрылымын,
пайда болу механизмдерін анықтау және оның қалыптасу мен қолдану
процесіндегі қайшылықтарын шешу оқушыларға фактілерді қалай жүйелеу
керектігін, ұсынылған болжамды дәлелдеу үшін немесе теріске шығару үшін
эксперименттерді қалай жоспарлап, қою керектігін түсіндіруге мүмкіндік
береді [41, 42].
Сабақтарды тақырыптық және әр сабаққа бөліп жоспарлау мазмұндық
және процессуалдық компоненттердің бөлімдеріне негізделген төрт блоктан:
теориялық, практикалық, шығармашылық және қосымшадан тұрады. Мұндай
бөлім сабақтардың сан алуан түрінен көрінетін бейінді оқытудың принциптері


53
мен оқытуды ұйымдастырудың ерекше формасына байланысты. Сабақтың сан
алуан 
түрлеріне: 
проблемалық
дәрістер, 
эвристикалық 
әңгімелесудің
элементтерінен тұратын лекциялар, семинарлар, диспуттар, «дөңгелек
үстелдер», практикумдар, аралас сабақтар, оқу ойындары жатады.
Биологияны бейінді оқытудың мақсатына жетуде зерттеу іс-әрекеттерінің
элементтерінен тұратын үйдегі шығармашылық жұмыстар мен сыныптан тыс
жұмыстар (ғылыми әдебиеттерді оқу, ғылыми тақырыптық кештер, ғылыми
конференциялар, биология бойынша оқушылардың ғылыми қоғамы, табиғатта
экскурсиялар өткізу) ерекше маңызға ие.
12 жылдық білім беру экспериментінің нәтижелері бойынша биологияны
бейінді оқытудың дайындалған әдістемесі тиімді болып табылатындығын және
оны 12 жылдық білім берудің жоғары сатысында жаратылыстану-ғылыми
бейіннің шеңберінде қолдануға болатындығы жөнінде айтуға болады.
Биология бойынша оқу бағдарламаларында негізгі жалпы және орта
(толық) жалпы білім беру (мақсаттар пәнді оқытудың базалық немесе бейіндік
деңгейіне байланысты нақтыланады) сатысындағы биологиялық білімнің
мақсаттарының ерекшеліктері көрсетілген. Негізгі және толық орта мектепте
(базалық деңгейде) биологиялық білім беру тірі табиғат пен оған тән
заңдылықтар жөніндегі білімдерді игертуге, тірі табиғаттың процестері мен
құбылыстарын түсіндіруде биологиялық білімдерін қолдана білу біліктілігін
меңгертуге, алған білімі мен біліктілігін практикалық іс-әрекетте
және өз
денсаулығын сақтау үшін, айнала ортаны қорғау үшін күнделікті өмірде
пайдалануға, яғни экологиялық, генетикалық және гигиеналық сауаттылыққа
тәрбиелеуге бағытталған. Бейіндік деңгейде толық орта мектепте биологияны
оқыту оқушыларды биологиялық білімін жалғастыру үшін дайындауға,
олардың ЖОО-ға түсуі үшін қажетті және жеткілікті білім мен білікті
меңгеруіне бағдарланған.
Биология бойынша оқу бағдарламалары биологиялық ғылымды – тірі
табиғат пен оның атрибуттарын – деңгейлі ұйымдастырылуы мен эволюциясын
оқытудың нысанын жеткілікті түрде толық сипаттайтын бес пән тақырыбынан
тұрады: Биология ғылым ретінде. Биологияның әдістері. Тірі организмдердің
белгілері; тірі табиғаттың жүйесі, көпқырлылығы және эволюциясы; Адам мен
оның денсаулығы; Организмдердің өзара және қоршаған ортамен байланысы.
Ғылыми танымның әдістеріне, биологияның әлемнің заманауи жаратылыстану-
ғылыми бейнесін қалыптастырудағы рөліне назар аудару күшейді. Талаптар
жалпы білім берудің сатылары мен оқу пәндері бойынша сабақтастықта
міндетті минимумдарға сәйкес дайындалған. Талаптар іс-әрекеттік формада
(оқушылар биологияны оқудың нәтижесінде білімді, білікті болып, оны
практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде қолдана алуы тиіс) қойылады.
Талаптар негізгі жалпы және орта (толық)
жалпы білім беру оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің
түлектерін
мемлекеттік 
аттестациялауға 
арналған 
бақылау-өлшеу
материалдарын
дайындаудың негізі болады. Биология бойынша түлектерді дайындаудың
деңгейіне қойылатын талаптар үш айдарға біріктірілген: «Білу/түсіну», «Істей
білу», «Алған білім мен біліктерін практикалық іс-әрекетте және күнделікті


54
өмірде қолдану». Талаптар оқушылардың биологиялық білім беру мазмұнын
репродуктивті, жемісті және шығармашылық деңгейде игеруін көздейді.
Биологияны оқытудың әдіснамалық негізінің жаңашылдығы мынада:

негізгі жалпы және орта (толық) жалпы білім беру сатысында
стандартқа «Биология ғылым ретінде. Биологияның әдістері» мазмұндық
блогын енгізу арқылы ғылыми танымның әдістерін оқытуға көңіл бөлу
күшейді;

әлемнің
заманауи 
жаратылыстану-ғылыми
бейнесі 
мен 
оны
қалыптастырудағы биологиялық теорияның рөлі туралы мәліметтер енгізілген;

тірі 
табиғат 
пен 
оның
атрибуттары

деңгейлі 
(жүйелі)
ұйымдастырылуы, эволюциясы, бейімделуі (тірі жүйенің ортамен өзара
байланысы) жөніндегі биологиялық ғылымның заманауи түсініктеріне сүйене
отырып, мазмұнды іріктеу іске асырылды;

биология курсы мазмұнының қолданбалы, практикалық бағыттылығы
күшейді;

адамның әлеуметтік болмысы, оның
психологиясы мен мінез-құлқы,
салауатты өмір салты мен қоршаған ортада өзін ұстау ережелері жөніндегі
мәліметтерді енгізудің есебінен «Адам және оның денсаулығы» атты тараудың
мазмұны кеңейтілді.
Жоғары сыныптағы «Биология» оқу пәні екі деңгейде – базалық және
бейіндік деңгейде ұсынылған. Стандарттың екі деңгейі де жалпы білім беру
сипатына ие, бірақ, олар әр түрлі міндеттердің кешенін шешуге бағдарланған:
стандарттың базалық деңгейі жалпы мәдениетті қалыптастыруға бағдарланған
және көбінесе, жалпы білім берудің
дүниетанымдық,
тәрбиелік және
дамытушылық міндеттерімен, әлеуметтену міндеттерімен байланысты болады;
бейіндік деңгей жеке икемділікке, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай
таңдалады және оның келесі кәсіби білім алуына немесе кәсіби іс-әрекетіне
дайындығына бағдарланған.
Бейіндік деңгейдің орта (толық) жалпы білім беру сатысындағы биология
курсы оқушыларда тірі табиғат пен оның жүйелі ұйымдастырылуы және
эволюциясы жөніндегі біртұтас білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған,
сондықтан мазмұн
әр түрлі биожүйенің
деңгейінде көрінетін жалпы
биологиялық заңдылықтар жөніндегі мәліметтерден тұрады. Бейіндік деңгейде
мазмұнды іріктеудің негізі ортақ амалды білуден тұрады. Оған сәйкес
оқушылар ЖОО-да білімін жалғастыруға жеткілікті базаны құрайтын, табиғатта
мінез-құлық
мәдениетін, болашақ
биолог
үшін маңызды биологиялық
зерттеулерді жүргізу мен рәсімдеуді қамтамасыз ететін білім мен біліктілікті
игеруі тиіс.
Биология курсының мазмұны биологиялық білімдер мен біліктерді шексіз
кеңейтуге және тереңдетуге емес, жалпы биология бойынша кеңейтілген және
күрделі материалды сапалы меңгертуге, сондай-ақ оқушылардың негізгі
мектептен 
алған 
білімдерін 
тереңдетуге 
және 
біліктілігін 
дамытуға
бағытталған. Биологиялық білім берудің мазмұнын жеңілдету анатомия,
морфология және систематика бойынша талаптарға енбеген түсіндірме


55
мәліметтерді қысқарту есебінен; оқушылардың меңгеруі қиын бірқатар күрделі
биологиялық ұғымдарды, заңдылықтарды, теорияны негізгі мектептен
жоғарыға көшірудің есебінен; міндетті минимумға курсивті (курсивпен
мектептің оқушыларға беруі тиіс, бірақ талаптардың қатарына енбеген мазмұн
бөліп көрсетілген) енгізу есебінен іске асырылды [40].
Білім берудің әртүрлі сатысындағы сабақтастық пәнішілік және пәнаралық
байланыстарды күшейтудің арқасында жүзеге асырылды. Жоғарғы бейіндік
мектепте биология курсының басқа курстармен – физикамен, химиямен,
географиямен 
вертикалды 
да 
(білім 
беру 
сатыларының
арасында),
горизонтальды да (оқытудың бір сатысында) пәнаралық байланысы орын
алады. Бұрынғысынша, жоғарғы мектепте химия мен биология курстарының
арасында пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру проблемасы бар:
органикалық
заттардың
молекулаларының құрылысының
ерекшелігімен
байланысты бірқатар ұғымдарды оқыту олардың қалыптасуын органикалық
химия курсында іске асыра отырып, биология курсында басталады. Жоғарғы
мектепте базалық
деңгейде бұл сәйкессіздік стандарттан
органикалық
заттардың молекулаларының құрылысы туралы мәліметтерді алып тастау
есебінен жойылады. Бейіндік сыныптарда бұл проблема өзекті болып қала
береді және биология курсында тиісті материалды озық оқыту арқылы
шешіледі.
12 жылдық мектептердің оқу бағдарламалары жалпы оқу біліктілігін,
дағдыларын және іс-әрекеттердің
жиынтық
тәсілдерін
қалыптастыруға
бағдарланған. Сонымен қатар, биология бойынша талаптарға биология курсын
оқып-үйрену кезінде оқушыларда
қалыптасатын: танып білу, сипаттау,
салыстыру, талдау және бағалау сияқты жалпы оқу біліктілігі кіреді.
Биология бойынша бағдарламалардың мазмұны бірқатар жалпы оқу
біліктілігін, 
дағдыларын 
және 
іс-әрекеттердің
жиынтық
тәсілдерін
қалыптастыруға барынша ықпал етеді [42]:

қоршаған ортаны тану үшін әр түрлі әдістерді пайдалану (бақылау,
өлшеу, тәжірибе, эксперимент, моделдеу және басқа). Таным объектісінің
құрылымын анықтау, тұтастың бөліктері арасында маңызды функционалдық
байланыстар мен қатынастарды іздеу және бөліп көрсету. Процесті кезеңдерге,
топтарға бөле білу; себепті-салдарлық сипатты байланыстарды бөліп көрсету
біліктілігі;

берілген алгоритмдердің негізінде оқу міндеттерін шешудің адекваттық
тәсілдерін анықтау;

бір немесе бірнеше
ұсыныстар, негіздер, критерийлер бойынша
нысандарды салыстыру, салғастыру, жіктеу, саралау. Фактілерді, пікірлерді,
дәлелдерді, болжамдарды, аксиомаларды ажырата білу біліктілігі;

күрделі емес практикалық жағдаяттарды зерттеу, болжамдарды ұсыну,
олардың практикада тексерілуі қажеттігін түсіну. Ұсынған болжамдарды
дәлелдеу үшін практикалық және зертханалық жұмыстарды, күрделі емес
эксперименттерді пайдалану; бұл жұмыстардың нәтижелерін сипаттау;


56

оқу және практикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыда шешу; әр
түрлі шығармашылық
жұмыстарды
өз бетінше орындау; жобалық
іс-
әрекеттерге қатысу;

танымдық міндеттерді шешу үшін ақпараттың әр түрлі көздерін, яғни,
энциклопедияларды, сөздіктерді, Интернет-қорларын
және тағы басқа
мәліметтер базасын пайдалану;

оқу іс-әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру. Қоршаған ортада мінез-
құлық нормаларын, салауатты өмір салтының ережелерін сақтау;

өз
іс-әрекетін
адамгершілік,
құқықтық
нормалар, 
эстетикалық
құндылықтар тұрғысынан бағалау.
Биологиялық
білім берудің
мақсаттарына жету дамыта оқытудың
идеологиясына, іс-әрекеттік амалдардың әдіснамасына сәйкес, білім беруді
оқушының тұлғасын қалыптастыруға, олардың ойлау тәсілдерін және іс-
әрекеттің
әртүрін
меңгеру аясына айналдыратын тұлғалық
бағдарлы
педагогикаға сәйкес адекваттық әдістермен және ұйымдастыру формаларымен
іске асырылады. Мектептің білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайында
оқушылар
ғылыми 
танымдық 
әдістердің
негізін 
игеруі
үшін 
оқу
эксперименттік, бақылау, зерттеу, проблемалық әдістерді, оқытудың сан алуан
белсенді әдістерін кеңінен қолдану қажеттігін көрсетеді. Биология ғылымының
негізін оқыту тірі нысандар жөніндегі бейнелік түсінікті қалыптастыратын және
және деңгейде жобалауды және талдауды көздейді.
Биологияны оқытуда білім беру процесінің сипатын анықтайтын жетекші
идеялар, іс-әрекеттер мен талаптардың ережелері – оқыту принциптері жүзеге
асырылуы тиіс. Олар мазмұнды құрастыру мен оқытуды ұйымдастырудың
бағдары болады. Олардың
ішінде жалпыпедагогикалық (дидактикалық)
принциптер: ғылымилық және қол жетімділік; оқудың, тәрбие мен дамудың
бірлігі; көрнекіліктер, оқудың өмірмен байланысы; жүйелілік және бірізділік,
жүйелік, 
негізділік, 
теория 
мен 
практиканың
бірлігі; 
вариативтілік,
адамгершілік, интеграция және саралау.
Ерекше әдістемелік-биологиялық принциптерге мынадай принциптер
жатады: тірі табиғат процестері мен құбылыстардың себептілігі, тарихилығы;
табиғи көрнекіліктердің тиімділігі; табиғатқа ену; тірі заттардың бірлігі; табиғи
құбылыстардың мерзімділігі; өлкетану (отантану); экологияландыру және
табиғатты
қорғаушылық;
табиғи 
сәйкестілік; 
негізділік; 
мазмұнның
сабақтастығы және оны курстан курсқа дамыту [41].
Биологияны оқытуда сонымен қатар, жалпы әдіснамалық принциптер
пайдаланылады: өзара байланыс пен өзара себептік; табиғатты және оның
қоғаммен өзара әрекетін тұтастай тану; нақты әлемнің материалдылығы және
танымалдылығы; қоғамдық даму заңдарына қатысты табиғат заңдарының
алғашқы болуы.
Көптеген педагогикалық
зерттеулерге сүйене отырып, биологияны
оқытудың отандық мектепте тарихи қалыптасқан сан алуан түрлері мен
типтерін сипаттауға болады: сократтық,
догматикалық,
дамыта оқыту,
түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық, бағдарламалық және модульдік.


57
Оқытудың тарихи қалыптасқан алғашқы түрі – сократтық – ежелгі грек
философы Сократтың атымен аталған.
Оқыту процесі ақиқатты іздеуге арналған сұрақтардың
көмегімен
жүргізілді. Догматикалық оқыту – мұғалімнің аузынан шыққан сөздерді немесе
кітаптағы мәтінді ойланбай есте сақтау және естігенін немесе оқыған мәтінін
сөзбе-сөз айтып беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет