Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет21/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Ақпараттық құзырет:
оқушылар
әртүрлі ақпараттық құралдарды
пайдалану арқылы тірі және өлі материя, олардың химиялық құрамының
ұқсастығы, құрылым деңгейлері туралы қажетті ақпарат алу қарастырылады;
заманауи ақпараттық құралдарды (теледидар, магнитофон, телефон, факс,


51
компьютер, принтер, көшірме) және ақпараттық технологияларды (аудио-
бейнежазу, электрондық пошта, ЖАҚ, интернет) меңгеру; қажетті ақпарат
іздеу, талдау және таңдап алу , оны өзгерту, сақтау және беру;
Коммуникативтік құзырет:
оқушылар айналасындағы адамдармен қарым-
қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады, екі-екіден бірігіп жұп құрып,
топтасып,
ұжыммен жұмыс істеп, түрлі
әлеуметтік рөлдерді игереді.
Сұхбаттасушымен
әңгімелесу, пікірталас жүргізу арқылы мәселелерді
талқылайды және сыпайы түрде өзінің пікірін жақтап шыға алады;
Құндылық-мағыналық 
құзырет:
оқушының 
құндылық
бағдарын
меңгерген, қоршаған әлемді көру, түсіну, сол ортаға үйрену, өзінің рөлін сезіне
білу қабылеті; өзінің іс әрекеттері мен қылықтарына арнайы мақсаттық және
мағыналық бағыт таңдай білуі, шешім қабылдауы. Мұның бәрі сабақ оқу
кезінде немесе басқа да тіршілік жағдайларында оқушының өз тағдырын өзі
шешу механизмін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты оқушының жеке
басының білім алу жолы және оның тіршілік әрекетінің бағдарламасы
қалыптасады; оқушы сауықтыру шараларының кешенін және қоршаған
ортаның денсаулыққа әсері туралы ақпаратты біледі;
Жалпы мәдени құзырет:
оқушы ұлттық және жалпыадами мәдениет
саласындағы әрекеттер тәжірибесін түсінеді; адам және адамзат тіршілігінің
рухани-адамгершілік негіздерін танып біледі; отбасылық әлеуметтік, қоғамдық
құбылыстар мен салт дәстүрлердің мәдениеттанушылық негіздерін, ғылым мен
діннің адам өміріндегі рөлін, бос уақытты тиімді пайдалану әдістерін біледі;
Өзін-өзі кемелдендіру құзыреті:
оқушы физикалық, рухани және зияттық
бағытында өздігінен жетілудің, сезімін реттеудің және өзін-өзі қолдаудың
әдістерін меңгереді; оқушы жеке басының мүддесі мен мүмкіндіктері үшін
әрекет ету тәсілдерін меңгеруі олардың ұдайы өзін-өзі тану, заманауи адамына
қажетті жеке басының қасиеттерінің, психологиялық сауаттылық, ойлау және
мінез-құлық
мәдениетінің 
қалыптасуынан 
көрінеді. 
Ішкі
экологиялық
мәдениетті игереді;
Әлеуметтік-еңбек
құзыреті:
оқушы 
азаматтың,
бақылаушының,
сайлаушының, өкілдің, өндірушінің, отбасы мүшесінің рөлін атқарады.
Экономика және құқық мәселелерінде өзінің құқығы мен міндеттерін біледі.
Жаратылыстану-математикалық бағытта «Биология» пәнін оқып білу
барысында мына төмендегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге
асырылады:
«Қазақ тілі және әдебиетпен»:
сөздік қордың биологиялық терминдермен
одан әрі байытылуы; органикалық дүниенің құрылысы мен эволюциясының
ерекшеліктері бойынша оқу материалын қабылдау арқылы ауызша сөздің
дамуы; қысқаша шығармалар-сипаттамалар, ойбөлісу түрінде материалды
баяндау, баяндаманы дұрыс көркемдеу, Эссе, хабарлама, биологиялық
диктанттар жазу, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы жазбаша
сөздің дамуы.
«Математикамен»:
биологиялық
эксперименттердің
тәжірибелердің,
бақылаудың,
зертханалық
жұмыстардың 
қорытындысын 
шығаруда


52
математикалық білімді пайдалану; биологиялық эксперименттерге өлшеулер
жүргізу және математикалық талдау жасау.
«Тарихпен»:
тарихтың бірінші кезеңінің мәдениетін оқып білу. Ашылған
ұлы географиялық жаңалықтарды білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет