75
Географиямен:
көмірсутек көздері мен химиялық өндіріс объектілерінің
Қазақстан Республикасында орналасуы.
Математикамен:
пропорционалдық
тәуелділік туралы түсінік;
сан
есептерін шығаруда, лабораториялық
және практикалық
жұмыстарды
салыстыру
және
қорытындылауда математикалық
талдауды
пайдалану;
электрондық бұлттардың пішіндері, молекулалардың кеңістіктік құрылысы
және геометриясы.
Физикамен:
атом, молекула, масса, тығыздық, көлем сияқты түсініктерді
сан есептерін шығаруда пайдалану; еселік және үлестік өлшем бірліктерін
пайдалану.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия курсының мазмұндық
бағыттары келесі білім мазмұнын қамтиды: химия саласындағы ашылған
жаңалықтар; маңызды бейорганикалық, органикалық заттармен қосылыстар,
олардың құрылыс теориясы; көмірсутектер мен
олардың табиғи көздері;
қазақстан мұнай және газ химиясы, осы өндірісте қолданатын заттар; оттекті,
азотты
органикалық
қосылыстар;
синтетикалық
жоғары
молекулалы
қосылыстар; химия және адам денсаулығы; қазіргі заманға сай «жасыл»,
«экологиялық» химия; қазақстанның табиғи ресурстарын үнемді және тиімді
пайдалану; химия күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте,
табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіруі;
жаратылыстану бағытындағы ғылыми жетістіктер (медицина, биотехнология,
биохимия, биоинформатика, нанохимия негіздері) [23].
Химия курсын оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс: химияның ролі мен
маңызы; заттар мен химиялық құбылыстарды танып білудің негізгі әдістер,
химияның эксперименттік негізі; көмірсутектердің табиғи көздері, оларды
өңдеу және Қазақстандағы кен орындары;
жоғары молекулалы қосылыстар,
мономер, полимер, құрылымдық буыны, полимерлену дәрежесі, полимерлену
және поликонденсациялану реакциялары; кең таралған полимерлер, олардың
қасиеттері,
практикада
қолданылуы, пластмассалар, талшықтар, каучук;
химиялық өндірістің ғылыми принциптері; қоршаған
ортаның химиялық
ластануы
мен
зиянды
әсері;
биогенді
органикалық
қосылыстардың
биологиялық маңызы;
Сонымен қатар оқушылар келесіні атқара алуы тиіс: химиялық терминдер
мен таңбаларды пайдалану; кең тараған полимерлерді қасиеттері бойынша
анықтау; молекулалардағы атомдардың өзара
әсерін ескере отырып,
органикалық қосылыстың химиялық қасиетін түсіндіру; көмірсутектер мен
олардың туындыларының құрамы мен құрылысын және олардың класын
анықтау; химиялық экспериментті қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес
жүргізу; химиялық зақымдану не улану кезінде алғашқы медициналық көмек
көрсету; игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану; сандық анализ
нәтижесі мен жану өнімдерінің массасы бойынша
заттардың молекулалық
формулаларын анықтауға сан есептерін шығару; химиялық ақпараттарды өз
бетінше іздеу; химия пәніне деген жоғары қызығушылық; ғылыми танудың
негізгі
әдістерін игеру мен
қолдануға деген дайындық және
қабілет;
аналитикалық біліктілік – жүргізген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу,
76
түсіндіру және қорытындылау біліктілігі; зерттеушілік біліктілік – химиялық
эксперимент орындау біліктілігі мен дағдысы; математикалық біліктілік –
химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізу және
сандық баға беру; коммуникативтік біліктілік – жұп,
топ құрамында жұмыс
істеу; әртүрлі көзден алынған химиялық ақпараттың шынайылығына өзінің
объективті көзқарасын білдіру; оқуын жалғастыруында профильді сауатты
таңдау;
Химия курсы бойынша оқушылар пайдалана білуі керек: химия мен химия
білімінің орны мен рөлі туралы қалыптасқан түсінік; танымдық әрекеті мен
күнделікті өміріндегі білімі; таным процесінде ғылыми негізделген икемдер;
өмірлік проблемаға ұқсайтын оқу проблемаларын шешуге жарайтын әмбебап
қабілет; химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді
күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін
дамыту; химияға жаратылыстану мен жалпы
адамзат мәдениетінің негізгі
құрамдас
бөлігі ретінде көзқарасын дамыту; адамзат алдында тұрған
проблемаларды
шешуде
химияның
қоғамдық
мәні
мен
гуманистік
бағыттылығын дамыту; оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін
заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте
қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін
тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану; қолданбалы химияны, заманауи
қоғамға қажетті заттар мен материалдар шығаратын өндіріс пен технология
негіздерін білу; заттар мен материалдарды қолданудың заманауи проблемалары
мен экологиялық аспектілерін анықтау; пәнаралық байланыстарды, химиялық
экспериментерді (көрсетілімдер, зертханалық
тәжірибелер, практикалық
жұмыстар) және есептеулерді жүргізуі;
Қазақстандағы табиғи шикізат
ресурстары және негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер,
олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы; минералды
ресурстарды тиімді пайдалануының білу.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы химия пәнін
Достарыңызбен бөлісу: