Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы



бет1/13
Дата01.04.2017
өлшемі1,59 Mb.
#13029
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бекітемін Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы

А. Медешова



________________

____________2010ж.

Жаратылыстану – математикалық факультеті

Химия кафедрасы



050608 «экология»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

«ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ»

пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен

Курс – 3

Семестр – 6

Кредит саны -3

Дәріс – 30 сағат

Зертханалық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – 6 -ші семестрде

Барлығы – 135 сағат


Орал 2010 ж.


1. Пәннің оқу әдістемелік кешені Алматы қ. 2006 жыл ЖОО 050608 «экология» мамандығы студенттеріне арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Құрастырған : Химия кафедрасының аға оқытушысы Амангосова М.Г.


Химия кафедрасының отырысында қарастырылды
__2__кыркүйек 2010 ж. № 1__ хаттама

Кафедра меңгерушісі:: ______ Мендалиева Д.К _____________________

(аты-жөні) (қолы )

_____________ факультет оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды
__ _________ 200 ж. № хаттама
_________________факультет оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы

Терещенко Т.А.

(аты-жөні) (қолы )



2 .Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS

Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Химия кафедрасының аға оқытушысы Амангосова Мира Ганибаевна

Химия кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Жаратылыстану факультеті.(Химиялық лаборатория-1)

Жұмыс телефоны: 50-35-49

Е-mail:

Пән туралы мәлімет

Өндірістік экология.



_Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат. Олар- байланыс сағаттар: 1дәріс. 1 лабораториялық сабақтар және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



Кредиттің атпаға бөліну кестесі:


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2

(2 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 3

(1зертханалық сабақ)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 2

Өту орны: № 6 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Зертханалық сабақ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


3

6

2

30

15

45

45

135

Емтихан



Кіріспе

Қазіргі кездегі шаруашылық іс - әрекеттерінің қоршаған ортамен қарым – қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің , атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің беткі қабаттарының , олардың табиғи сипаттарының өзгеріске ұшырауы, термиялық қаруланудың күшеюі, өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуіне байланысты көптеген заттардың қалдық түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық және газ тәріздес қалдық заттардың мөлшерінің жоғарылап кетуі және басқа да айтулы факторлардың әсеріне тікелей байланысты.Бұл аталған проблемалардың негізі адамзаттыңшаруашылық іс-әрекеттер кезінде , өндірістік көздерінің түрлі салаларының экологиялық процестері кезінде,табиғи ресурстарды үнемі пайдалану қажеттіліктерінен туындап отыр. Ал ол болса, өз кезегінде биосфераның ластануын тудырады. Қоршаған ортаға әсер ететін түрлі әсер жиынтығы жаңа экологиялық жағдайдың қалыптасуына мүмкіндік алатын кері әсердің алдын алуын және оны жан-жақты зерттеуге реттейді.

Адамзат қоғамының табиғи ресурстарды пайдаланудағы үдемелі іс-әрекеттері студенттермен болатын оқу тәрбие жұмыстарында табиғатты қорғау және оны үнемдеп, ұқыпты пайдаланудың қажеттіліктеріне жоғары мән беру.

Курстың мақсаты:

студенттері адамзат пен табиғат арасындағы қарым – қатынастарының негізгі ұғымдар мен материалдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің заңдылықтары , қоршаған орта ресурстарының және оларды пайдалану ерекшеліктерінен болатын құбылыстарымен таныстыру.



Курстың міндеті:

Студенттерді адам мен табиғат арасындағы байланыстың негізгі жолдарын түсіндіріп, оқыту.

Ғылыми-техникалық прогресстің мән-мағынасын түсіндіру

Ғылыми-техникалық прогресстің жағымды , жағымсыз жақтарын түсіндіру

Негізгі өндіріс салаларының негізгі сипаттарымен және олардың аралық байланыстарымен таныстыру

әртүрлі өндіріс көздерінің биосфераның басты компоненттеріне әсер ету бағыттарымен жолдарын және одан туындайтын зардаптарымен таныстыру

өндіріске қажетті ресурстар классификациясы мен оларды іске қосқаннан кеін шығатын ластаушы заттардың топтамасымен таныстыру

түрлі өндіріс көздерінің технологиялық процесстерін оңдау және экологизациялау жолдарын үйрету

қоршаған ортаның мониторингісін жүргізудің негізгі әдістерімен жолдарын меңгеру

қоршаған ортаны қорғау барысындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіндіру


Аталған пәнді оқыту барысында студенттер тиісті:

Білуге:

Шаруашылық қызметтермен қоршаған орта ресурстар арлығындағы байланыстар сипатын;

Жекелеген өндіріс көзімен қоршаған орта ресурстары арлығындағы байланыс сипатын;

Жекелеген және комплекстік өндіріс көздерінің бөліп шығаратын зиянды қалдықтарының топтамасын және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсері ықпалдар сипатын;

Топтық әсер-ықпалдарын бағалау

өндіріс көздерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсер ықпалдар деңгейін төмендететін жолдарын, әдіс-тәсілдерін;



Істей білуге:

Биосфераның түрлі компоненттерінде жүріп жатқан процестерді сараптауды;

өндіріс көздерінен бөлініп шығатын зиянды заттардың кері әсері анықтауды , айқындауды көре білуді;

өндіріс көздерінің технологиялық процестерін экологизациялаудың әдіс амалдарын жүргізуді;

оқу барысында алған білімін өзінің тәжірибелік , шаруашылық қызметтерінде пайдалануды.

Игеруге :

әртүрлі өндірістік қалдықтардың әсерінен болған биосфера компоненттерінің бұзылуының себеп-салдарынан алдын алуда , анықтау теориялық және іс жүзінде дағдылануды.



Пререквизиттер: аталған курс төмендегідей пәндердің мазмұнын меңгеру кезіндегі алған фундаменталдық біліміне негізделген : экология, топырақ экологиясы, ботаника , зоология, адам анатомиясы, өсімдіктер және жануарлар , әлеуметтік экология, генетика.

Аралас пәндер тізімі: химия, физика, әлеуметтану, тарих, экономика, экология және математика.

Постреквизиттер: Өнеркәсіптік экология пәнінен алған білімдерін келесі пәндеде пайдаланылады:

- экологиялық мониторинг

- экологиялық сараптама



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет