Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы



бет13/13
Дата01.04.2017
өлшемі1,59 Mb.
#13029
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Сұрақтар:


  1. Ағын суларды тазалау әдістері туралы жалпы түсінік

  2. Ағын суларды қатты заттардан тазалау

  3. Ақаба суларды тазалау әдістері:

    • Механикалық (тұндыру, сүзу , центрифугалау)Гидроциклондардың өнімділігін есептеу

    • физика-химиялық әдістері(коагуляция, флокуляция, флотация, адсорбция, экстракция, электрохимиялық, ректификация, дистилляция, дезодрация, кері осмос,

    • химиялық әдістері ( бейтараптау, аэрация, барбарирования, озондау, хлорлау)

    • биологиялық ( биологиялық ыдырау, биохимиялық тотығу)

Әдебиет: /3, 18, 24/ Под редакцией Н.И. Иванова и И.М. Фадина. Инженерная экология и экологический менеджмент. М.; «Логос»-2002. бет 131-155.

Промышленная экология под редакцией В.В. Денисова. М.- Ростов –на –Дону. 2007. 273-286 бет.

Н.Е. Николайкина, Н.И. Николайкин, А.М. Матягина Промышленная экология –М. ИКЦ Академкнига -2006. /82-84 бет/.

12 апта

12 лабораториялық сабақтың

Тақырып: Топырақтағы мысты анықтау

Әдебиет:

1.Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны анықтау.-Алматы; 2008

Лабораториялық жұмыс-7( 44-45 бет)

/9/ 2. бөлім. 27. жұмыс. 245 б



13апта

13 лабораториялық сабақ



Тақырып: Судағы еріген оттегі мөлшерін анықтау.

Мақсаты: Судағы еріген оттегі мөлшерін анықтау және ауыз судағы және тұрмыста пайдаланатын сулардағы оттегінің концентрациясы жылдың кез-келген мезгілінде болу кеккті мөлшерімен салыстыру.
Реактивтер мен материалдар:

  1. 120мл-лік тығынды шыны ыдыс;

  2. 1 мл,2мл-лік пипеткалар;

  3. 250-300 мл-лік конустық колбалар;

  4. титрлеуге арналған бюреткалар;

  5. марганец(ІІ) сульфаты не хлориді ерітіндісі: 200 г марганец сульфаты кристаллогидратын не 212,5 г марганец хлориді кристаллогидратын дистельденген суда ерітіп, 0,5 л-ге дейін жеткізеді. Фильтрден өткізіп сүзеді;

  6. калий йодидінің сілтілік ерітіндісі: а) 75 г КІ 50 мл дистельденген суда ерітеді, б) 250 г натрий гидроксидін не 350 г калий гидроксидін 250 мл дистельденген суда ерітіп, екі ерітіндіні араластырып, 0,5 л-ге дейін жеткізеді;

  7. 50 мл, 500 мл-лік өлшеуіш колбалар;

  8. күкірт қышқылы( тығыздығы 1,84 г/мл), 1:1 қатынасында сұйытылған;

  9. натрий тиосульфаты , 0,01н;

  10. крахмал, 1%-тік ерітіндісі.

Материал: су.

Жұмыстың барысы.

Су үлгілерін 120 мл-лік тығынды калибрленген шыны ыдыстарға алады. Шыны ыдыстарды 0,5 м терңдікке дейін батырып үлгі алып, тез тығынмен жабады. Одан соң 1 мл-лік пипеткамен суда тұрғанда 1 мл марганец сульфатын не хлоридін құяды, үстіне 1 мл калий йодидінің ерітіндісін құяды. Шыны ыдысты тығынмен жауып, 2 мл суды бөліп құйып алады.

Титрлеу алдында пробиркадағы сұйықтың астынғы бөлігіне 2 мл күкірт қышқылын құяды. Тығынды жақсылап жауып, түзілген марганец(ІІ) гидроксиді тұнбасы ерігенше араластырады. Одан соң барлық үлгіні 250-300 мл-лік конустық колбаға құйып 0,01н натрий тиосульфаты ерітіндісімен сары түс пайда болғанша титрлейді.

Судағы еріген оттегі мөлшерін (х) төмендегі формула бойынша есептейді:



х =А*Н*8*1000/V1-V2;

бұндағы:

А- титрлеуге кеткен натрий тиосульфаты мөлшері, мл;

Н- натрий тиосульфаты ерітіндісінің нормальдығы;

V1-шыны ыдыстағы үлгінің мөлшері,мл;

V2- марганец(ІІ) гидроксиді түзілгенге дейінгі кеткен реактив мөлшері,(2 мл);

1000- 1 л-ге есептелген коэффициент;

8- 1 н натрий тиосульфаты ерітіндісіндегі оттектің эквиваленті.


х =А*0,08*К*1000/120-2;

бұндағы: К- коэффициент.


14 апта

14 лабораториялық сабақ



Тақырып: Өндіріс көздерін экологизациялау жолдары.

  • Экологизация принциптері.

  • Қалпына келетін ресурстар есебінен өнеркәсіптерді экологизациялау.

  • Ресурстарды пайдалануды оптимизациялау.

  • Экологизация бағыты. Өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік сфераларды және қоғамды түгелімен экологизациялау.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

Қазақстан Республикасының 2007 жылєы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі

2 .Ә. Бейсенова, А. Саманова Экология және табиғатты тиімді пайдалану бет:96-102; 114 -120;142-144.

3. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет:164-
15 апта
15 лабораториялық сабақ

Тақырып: Қоршаған табиғи орта мониторингісі және қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық нормалары.

Әдебиет: 1.Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: СГПИ, 2005. – 548с(588-614)

2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет: 251-252


8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

жоспарланбаған.
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат)


  1. Қазақстан территориясының радиоактивті ластануы

  2. Қазақстан территориясының ауыр металдармен ластануы

  3. Ауыр металдардың химиясы

  4. Арал, Каспий теңіздерінің экологиялық проблемалары

  5. Иртыш бассейінің, Орал өзенінің экологиялық проблемалары

  6. Қазақстанның табиғи суларының экологиялық жағдайы мен ластануы

  7. Қазақстандағы ауыз суларының ресурстары

  8. Суды тазалайтын фильтрлер

  9. Қазақстан тау-кен өндіріс орындары

  10. Қазақстан металургиясы мен мелалл өңдеу өндіріс орындары

  11. Қазақстан химиялық өндірістері

  12. Қазақстан мұнай және мұнай өңдеу өндіріс орындары.

  13. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары.

ГЛОССАРИЙ


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

1

2

Экология

Экология

Экологияландыру

Экологизация

Химиялық экология

Химическая экология

Биосфера

Биосфера

Тірі зат

Живое вещество

Биогенді зат

Биогенное вещество

Биокосты зат

Биокосное вещество

Геосфералар

Геосферы

Ноосфера

Ноосфера

Химиялық ластану

Химическое загрязнение

Радиобелсенділік /радиоактивтілік/

Радиоактивность

Диоксиндер

Диоксины

Пестицидтер

Пестициды

Ауыр металдар

Тяжелые металлы

Атмосфера

Атмосфера

Атмосфералық ауа тозаңы

Атмосферный аэрозоль

Көшетхана эффектісі

Парниковый эффект

Тұмша

Смог

Озон қабаты /озоносфера/

Озоновый слой

Қышқылдық жамбырлар

Кислотные дожди

Гидросфера

Гидросфера

Литосфера

Литосфера

Биогеохимиялық айналымдар

Биогеохимические циклы

Мониторинг

Мониторинг


ЭКОЛОГИЯ – /грек. Oikos-мекен, үй, logos-ілім/ - организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым.

ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУ - өңірлік, аймақтық ж/е ғаламдық деңгейде табиғи ортаның сапасын жақсартумен не ең болмаса сақтаумен қатар табиғи ресурстар мен табиғи жағдайлардың пайдаланылу тиімділігін арттыруда себептесетін технологиялық, басқарушылық ж/е басқа да шешімдер жүйелерінің дәйекті түрде еңгізілу процессі.

ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ – химикаттарды қолданудың салдарын ж/е олардың коршаған ортаға түскендегі эрекетін зерттейтін, экологиялық мониторингтің әдістерін талдап-белгілейтін ғылым.

БИОСФЕРА /грек. Bios-өмір, sphaira-шар/ - Жер планетасының тірі организмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе.

ТІРІ ЗАТ – биосферадағы тірі организмдердің жиынтығы ж/е биомассасы

биогенді зат - өле органика, детриттің барлық формалары ж/е биогенді тау жыныстары



БИОКОСТЫ ЗАТ – тірі затпен бигенді заттардың биогенді емес минеральды заттармен қоспасы /топырақ, ил, жер атмосферасы да жатады/

НООСФЕРА /грек. Ноос – ақыл, ес, сана; / - биосфераныңдамуының ең жоғарғы сатысы – “сана сферасы” /мыслящая оболочка/, мұнда негізгі дамуды анықтайтын фактор – саналы адам эрекеті.

ЛАСТАНУ – адамға ж/е табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық ж/е биологиялық заттектердің, агенттердің қоршаған ортаға түсуі.

ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУ – Қ. ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларын асып түсетіндей болып өзгеруі н/е Қ. ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі н/е нормадан артық шамада түсуі.

ҚАЛДЫҚТАР – түзілген жерінде тікелей қолданылмайтын өндіріс, тұрмыс, көлік ж/е т.б. қалдықтары. Қ. халық шаруашылығының басқа салаларында н/е регенерация барысында өнім ретінде пайдаланылуы мүмкін, ал пайдаланылмайтын Қ. қоқыс деп аталады.

РАДИОАКТИВТІЛІК – қоршаған ортаның ерекше ластаушы түрі - кейбір химиялық элементтердің ж/е олардың изотоптарының атом ядроларының өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырауы.

РАДИОАКТИВТІ ЛАСТАНУ – Қ.О-да радиоактивті заттардың құрамының қалыпты деңгейінен артуына байланысты физикалық ластану түрі. Р. л-дың негізгі көздері – ядролық сынақ ж/е қоңдырғылар /соның ішінде АЭС те бар/

РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР – ядролық реактормен жұмыс кезінде ж/е оларды өндіргенде, радиоактивтік изотоптарды қолданғанда түзілетін, бұдан әрі қолданылмайтын радиоактивтік заттар.

ДИОКСИНДЕР – полихлорланған дибензодиоксиндер /ПХДД/ ж/е соларға ұқсас полихлорланған дибензофурандар /ПХДФ/ класына жататын улы химиялық заттар.

ПЕСТИЦИДТЕР /лат. Пестис – жұқпа, цидер-өлтіру/ - өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, астық, ағаш зиянкестеріне қарсы, сондай-ақ малдың эктопаразиттеріне, қауіпті ауру жұқтырғыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар.

АУЫР МЕТАЛДАР – үлесті салмағы 4,5 г/см3 мөлшерінен жоғары металдар. Бұлардың құрамында адамның өмір сүруі үшін қажеттілері де /мырыш, темір, марганец, мыс/, организм үшін улы әсер ететіндері де /кадмий, сынап, қорғасын, күшән, никель, хром/ бар.

АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУ – жер бетінде ауыр металдардың жергілікті, аймақтық ж/е ғаламдық жиналу процессі.

АТМОСФЕРА /грек. Атмос – бу, сфера – шар/ - әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы.

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА ТОЗАҢЫ /атм. аэрозоль – нем. Сол, лат. Солюцио – ерітінді/ - қатты ж/е сұйық заттек бөлшектерінің ауада таралуы.

АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАНУ – табиғи ж/е антропогендік факторлардың әсерінен атм-ра ауасына түсетін н/е оңда түзілетін физика-химиялық агенттер мен заттектер. А. ластанудың табиғи көздеріне жанартаудың атқылауы, шаңды борандар, ормандағы өрт, желге мүжілу, тірі организмдердің іріп-шіру процестері жатады.

КӨШЕТХАНА ЭФФЕКТІСІ - атмосферада антропогендік қоспалардың /СО2, СН4, О3, азот оксиді, фреон/ концентрацияларының артуы салдарынан біздің планетамызда климаттың біртіндеп жылынуы.

ОЗОН ҚАБАТЫ /ОЗОНОСФЕРА/ - озон көп мөлшерде болатын стратосферадағы /10-50 км биіктіктегі/ қабат.

ТҰМША - /Смог ағылш. – түтін/ - қалың тұманның тамшылары мен тозаңды бөлшектерінің үйлесуімен сипатталатын атмосфералық ауаның қауіпті ластануы. Қарқынды тұмша өсімдікке теріс әсерін тигізеді, имараттардың, сәулет ескерткіштерінің бұзылуына себепші болады, адамдарға әр түрлі аурулар /тұншығу, бронх демікпесінің ұстамасы, аллергия ж/е т.б./ тудырады.

ГИДРОСФЕРА – құрлықтағы /терендегі, топырақтағы, жер бетіндегі/, мұхиттағы ж/е атмосферадағы, яғни Жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Планетаның беткі қабатындағы сулар /құрлық пен мұхиттағы/ жердің ерекше қабыршағы ретінде қарастырылады.

ЛИТОСФЕРА /литос – тас/ - жердің қатты бөлігінің сыртқы қабаты. Құрлықтағы литосфера бетінде экожүйе дамиды. Жердің ішкі құрылысы, негізінен үш бөліктен тұрады; оған литосфера, мантия және ядро кіреді.

ТОПЫРАҚ – жер қабығының үстінгі қабаты /шынында мору қыртысы/. Ол өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бастапқы жыныстардың өзара әрекеті нәтижесінде түзіліп, дамиды және дербес табиғи түзілу болып табылады.

ГУМУС /лат. – жер, топырақ/ - өсімдіктермен жануарлардың қалдықтарының шіру кезінде түзілетін топырақтың органикалық заты

ТОПЫРАҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ – бұл топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

ТОПЫРАҚ ЭРОЗИЯСЫ /лат. – ерітіп-шіріту/ - тау жыныстарының, топырақтың және жер бетіндегі кез келген түзілулердің табиғи /сумен, желмен, мұздақтармен/ және антропогендік факторлардан /ормандарды кесу, жайылымдарда малды көп жаю, құрғақ аудандарда жеңіл топырақтарды жырту т.б./ бүлінуі /моруы/.

ШӨЛДЕНУ - адамның шаруашылық қарекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сирек, шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы.


10. Оқу, өндірістік және диплом алды сарамандары бойынша методикалық нұсқаулар:

Сараманның мақсаты:

«Экология», мамандықтарының 3-курс студенттерін жекелеген кәсіпорындардың экологиялық мәселелерімен таныстыру болып табылады.

МІНДЕТІ:

- қоршаған ортаны қорғау саласындағы мекемелер жұмысымен танысу;

- берілген мекемелердің құрылымдық бірліктері және құрылу тарихымен танысу;

- мекемелердегі қалдықтар мен ағын суларды тазалау түрлерімен танысу;

- химиялық және мұнай өңдеу мекемелеріндегі тазалау құрылғыларымен танысу;

- суды тазалау әдістерімен танысу;

- шикізат, оны кешенді өңдеу, дайын өнім, қалдықтар және өңделген су туралы түсініктер алу.

Сараманды өткізуді ұйымдастыру

«Экология» мамандығының студенттеріне өндірістік сараман өткізу уақыты 1 апта, ал «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығының студенттеріне 1 апта.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сай эколог және эколог-табиғатты пайдаланушы студенттерге арналған сараман таныстыру (экскурсия) түрінде болмақ. Экскурсия объектілері болып қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қатысы бар барлық мекемелер мен кәсіпорындар бола алады, сонымен қатар қоршаған ортаны ластағыштар ретінде өндірістік және ауыл шаруашылық мекемелері де алынады.

«Экология және табиғатты пайдалану» мамандығының студенттеріне сараман үлкен өндіріс орталықтарына шығумен жалғасуы мүмкін. (2 апта). Қалған 2 апта уақыт ішінде студенттер Орал қаласының объектілеріне барады.



2. Сараман мазмұны

Сараманның негізгі мазмұны объектілерге экскурсия барысындағы дәрістік сабақтар болады.



Орал қаласындағы объектілер:

1. Батыс Қазақстан облыстық территориялық қоршаған ортаны қорғау

басқармасы.

2. Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылаудың Батыс

Қазақстан облыстық басқармасы

3. Батыс Қазақстан облыстық орманды және жануарлар әлемін қорғау

және қалпына келтіру басқармасы

4. Обаға қарсы станция.

5. «Жаик-Икар» арматура зауыты ЖШС-гі

6. «Металлист» ААҚ

7. «Нұржанар» ААҚ

8. «Полипласт» ААҚ

9. Орал механикалық зауыты

10. «Металлоизделия» ЖШС-гі

11. Батыс Қазақстан облыстық сертификаттау және экспертиза

орталығы филиалы.

12. Экология және табиғат мұражайы.

13. Орал қалалық жас науралистер станциясы

14. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің ғылыми-зерттеу зертханасы

Экскурсия барысында студенттер өзін - өзі ұстау ережелерін қатаң қадағалағаны дұрыс (1 қосымша ).

Оқу-таныстыру сараманы кезінде студенттер болашақта жұмыс істеуге болатын жерлерде болып, экологтың кәсіби маңыздылығымен танысады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіпорындар мен мекемелердің функциялары, олардың шешетін мәселелері, мамандардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысқаннан кейін, студенттердің келешекте осы сала пәндері бойынша оқуға қызығушылығы саналы түрде артады.



3. Оқу-таныстыру сараманы бойынша есеп мазмұны

Сараман барысында студенттер күнделікті ақпараттарды жазып отыру үшін күнделік жүргізеді. Сараман соңында күнделік жетекші оқытушыға есеппен бірге тапсырылады.

Есепті жазу барысында студенттер есепті құру және безендіруге үйренеді.

Кіріспе – есептің міндетті бөлімі, онда елдің және қаланың экологиялық жағдайлары талқыланып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандармен қамтамасыз етілуі қарастырылады.

Есептің негізгі бөлімінде экскурсияның барысы және кәсіпорынның жоспары көрсетіледі. Барлық ақпараттар бөлімдерге топталады, олар номерленіп және мазмұнында көрсетіледі. (2 қосымша)

Қорытынды – есептің міндетті бөлімі. Бұл бөлімде студент өткен сараман туралы өзінің пікірін жазып, кәсіпорындар мен мекемелердің қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға әсерін жазады. Студент сараманды ұйымдастыру барысындағы ұсыныстар мен пікірін айтады.

Есепті сараман барысында түсірілген фотосуреттер мен кәсіпорын туралы буклеттермен безендірген жөн.

Сараман соңында қорытынды конференция өткізіледі. Онда студенттер оқытушы ұсынған тақырыптарға баяндамалар жасайды. Есепті тапсырған соң студенттер сараман бойынша сынақ тапсырады.

1 Қосымша

ЭКСКУРСИЯДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ТӘРТІБІ

1. Экскурсияның объектілері, мақсаты мен міндеттері туралы оқытушының түсініктемелерін толықтай тыңдау. Экскурсия объектісінң орналасуы мен оның маршрутын білу.

2. Белгіленген жерге көрсетілген уақыттан кешікпей келу.

3. Экскурсияға өзімен бірге экскурсия барысындағы ақпараттарды жазу үшін блокнот пен карандаш алып жүру.

4. Жаяу жүруді қажет ететін экскурсия кезінде оқытушының көрсеткен маршрутымен жол тәртібін сақтай отырып жүру керек.

5. Экскурсия кезінде алаңдамай және қатардан қалмай жүру керек және артық әңгімелер жүргізбеу керек.

6. Кәсіпорында немесе зертханала экскурсия жүргізгенде экскурсия жүргізушінің айтқандарын тыңдап, блокнотқа жазып отыру керек. Экскурсияның уақыты мен күнін, кәсіпорынның аталуы, оның басқарушысының аты-жөні, экскурсия жүргізушінің аты-жөні, лауазымы жазылып алынуы керек.

7. Экскурсия жүргізушіні бөлмеу керек. Экскурсия барысында туындаған сұрақтар болатын болса, олар блокнотқа жазылып алынып, экскурсия соңында қойылуы керек.

8. Электр тогынан, химиялық немесе термиялық күйіктерден сақ болу мақсатында заттарды ұстап көру қатаң түрде, тек қана экскурсия жүргізушінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.

9. Фотосуреттерді тек экскурсия жүргізушінің рұқсатымен ғана жасау керек.

10. Экскурсия аяқталған кезде экскурсия жүргізушіге рахмет айту керек.

2 Қосымша

КӘСІПОРЫНҒА СИПАТТАМА

1. Кәсіпорынның аталуы мен мекен-жайы

2. Кәсіпорынның пайда болу тарихы мен оның болашақтағы даму жетістіктері

3. Кәсіпорын құрылымы (негізгі және қосымша цехтар)

4. Негізгі өндіріс технологиясы

5. Атмосфераны және қоршаған ортаны қорғау шаралары.

6. Кәсіпорынның сумен қамтылуын ұйымдастыру.

7. Тазалау құрылғылары мен олардың схемалары.

8. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілетін шаралар.

ӘДЕБИЕТТЕР


1. Правила о профессиональной практике обучающихся в высших учебных заведениях Республики Казахстан. Утверждены приказом Министерства образования и науки. 2000г.

2. Смирнов Б.Ю., Сафронов В.С., Богомолова Г..Я. Охрана окружающей среды. Методические указания к выполнению раздела в дипломных проектах и работах. СПТИ, Самара, 1991г.



3. Памятка по охране труда для студентов при прохождении учебных и производственных практик. Уральск – 2002 г.


11. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
«Өндірістік экология» пәні бойынша білімді бағалау схемасы.

Бағалау саясаты:





Бағалау критериясы

Бағалау түрі

%

барлығы

1

Үй тапсырмасы (ОЖСӨЖ)

100

15

2

Дәріске қатысу

100

15

3

Микроэемтихан

100

2

6

Зертханалық сабақта белсенділік

100

15

7

Реферат қорғау

100

2




Аралық бақылау (Р1, Р2)

100

Барлық бағалардың орташа мәні




Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2







Емтиханға жіберілу рейтингісі

Аралық бақылау *0,6







Қортынды бақылау (емтихан)

100*0,4







барлығы

Емтиханға жіберілу рейтингісі + Қортынды бақылау




Барлық семестр уақытында 2 рубеждік бақылау (7-ші – 15 – ші жұмада). Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальді көрсеткіш 60% құрайды. Семестр аяғында сабақ пәні бойынша емтихан өтеді. Максимальді көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды. Емтихан тест түрінде, курсты теориялық және практикалық материалды қамтитын 30 сұрақтан тұруы керек Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.



Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

ТАҚЫРЫП: БИОСФЕРАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ


  1. Ластану терминінің 1981 ж. толық анықтамасын кім берген?

  2. Ластанудың негізгі түрлері

  3. Локальды ластану неге мінездемеледі?

  4. Региональды ластану неге мінездемеледі?

  5. Глобальды ластану неге мінездемеледі?

  6. Параметриялық ластанудың түрін көрсетініз:

  7. Ингредиентті ластанудың түрін көрсетініз:

  8. Адам үшін ең қауіпті болатын ластанудың түрі қандай?

  9. Ластанудың негізгі көздерің көрсетініз:

  10. Тағам өндірістердің қалдықтары қандай ластану көзіне жатады?

  11. Радиациялық ластану қандай ластану көзіне жатады?

  12. Түрлердің интродукциясы мен акклиматизациясы қандай ластану көзіне жатқызуға болады?

  13. Ормандарды кесу қандай ластану көзіне жатады?

  14. Популяцияның жалпы балансының бұзылуы қандай ластану көзінің әсеріне жатады?

  15. Урбанизация қандай ластану көзінің әсеріне жатады?

  16. Қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларын асып түсетіндей болып өзгеруі немеме қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі ластанудың қандай түрін білдіреді?

  17. Өнім өндіру кезінде түзілген, тұтынылатын қасиетін жартылай немесе толық жоғалтқан шикізат материал қалдықтары қалай аталады?

  18. Өздерінің пайдалы қасиеттерің жойған бұйымдар мен материалдар қандай қалдықтарға жатқызылады?

  19. Машиналар, станоктар жіне т.б. ескірген кәсіпорындардың жабдықтаулары қандай қалдықтарға жатқызылады?

  20. Адам тіршілік әрекеті барысында пайда болатын және олармен алыстатылған қалдықтары қалай аталады?

  21. Сұйықтық зымыран отының ең улы затын атаныз:

  22. Ассиметриялық диметилгидразиннің химиялық формуласы қандай?

  23. Гидразиндік отының химиялық құрамы қандай?



ТАҚЫРЫП: РАДИОАКТИВТІЛІК - ЛАСТАУШЫ ФАКТОР РЕТІНДЕ


  1. Қоршаған ортаның ерекше ластаушы түрі - кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядроларының өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырауы қалай аталады?

  2. Радиоактивті изотоптарға жатқызады:

  3. Қандай бөлшектерді радионуклидтер α-ыдырау кезінде бөледі?

  4. “Жартылай ыдырау кезеңі” /t1/2/ деген түсінікке анықтама берініз:

  5. Радиоактивтілікті қандай өлшем бірліктермен бағалайды?

  6. Табиғи радионуклидтердің ішінде кең тарағаны қандай?

  7. Жасанды радионуклидтерді анықтаныз:

  8. Төмен активті радиоактивті қалдықтарды анықтаныз:

  9. Орташа активті радиоактивті қалдықтарды анықтаныз:



ТАҚЫРЫП: ДИОКСИНДЕР


  1. Полихлорлы дибензодиоксиндердің негізі болып қандай молекула табылады?

  2. Полихлорлы дибензофурандардың негізі болып қандай молекула табылады?

  3. ПХДД және ПХДФ құрамына қандай галогендердің атомдары кіреді?

  4. Қандай қасиеттер диоксиндерге тән?

1/ химиялық активті, 2/ күшті қышқылдық және сілтілік ерітінділерде тұрақты, 3/органикалық ерітінділерде жақсы ериді, 4/ майларда жақсы ериді, 5/ суда жақсы ериді

  1. Диоксиндердің тірі организмдердегі метаболизмнің негізгі жолы:

  2. Диоксиндер қоршаған ортаның объектілеріндегі тұрақтылығы қандай?

  3. Диоксиндердің жартылай ыдырау мерзімің қысқартатын келесі сәулелер:

  4. Қоршаған ортаға бөліп отыратын диоксиндердің негізгі көзі:

ТАҚЫРЫП: АУЫР МЕТАЛДАР


  1. Үлесті салмағы 4,5 г/см3 мөлшерінен жоғары металдар жалпы қалай аталады?

  2. Адам денсаулығына қауіптілік дәрежесі бойынша ауыр металдар неше класқа бөлінеді?

  3. Токсикалығы жоғары /бірінші класқа жататын/ келесі металдар:

  4. Н.Реймерс классификациясы бойынша, ауыр металдар - ...

  5. Қоршаған ортада ауыр металдардың екі аспекті бар:

  6. Ауыр металдардың токсикалық әсері:

  7. Ауыр металдардың алғашқы табиғи көздеріне келесілер жатады:

  8. Автокөлікпен атмосфераға лақтырылатын қорғасынның негізгі түрі:

  9. Атмосферадағы сынаптың негізгі тотықтырғышы:

  10. Атмосферадағы сынаптың негізгі тотықсыздандырғышы:

  11. Кадмийдің токсикалығы жоғары қосылыстары:

  12. Қорғасынды атмосфераға лақтыратын негізгі көзі:

  13. Күшәннің негізгі токсикалық қосылыстары:

12. Оқу үрдісіндегі бағдарламалық немесе мультимедилік әдістерін қолданылмайды.
13. Мамандандырылған кабинеттер мен лабораториялар тізімі жоқ.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет