Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы



бет7/13
Дата01.04.2017
өлшемі1,59 Mb.
#13029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Сұрақтар:


  1. Ағын суларды тазалау әдістері туралы жалпы түсінік

  2. Ағын суларды қатты заттардан тазалау

  3. Ақаба суларды тазалау әдістері:

    • Механикалық (тұндыру, сүзу , центрифугалау)Гидроциклондардың өнімділігін есептеу

    • физика-химиялық әдістері(коагуляция, флокуляция, флотация, адсорбция, экстракция, электрохимиялық, ректификация, дистилляция, дезодрация, кері осмос,

    • химиялық әдістері ( бейтараптау, аэрация, барбарирования, озондау, хлорлау)

    • биологиялық ( биологиялық ыдырау, биохимиялық тотығу)

Әдебиет: /3, 18, 24/ Под редакцией Н.И. Иванова и И.М. Фадина. Инженерная экология и экологический менеджмент. М.; «Логос»-2002. бет 131-155.

Промышленная экология под редакцией В.В. Денисова. М.- Ростов –на –Дону. 2007. 273-286 бет.

Н.Е. Николайкина, Н.И. Николайкин, А.М. Матягина Промышленная экология –М. ИКЦ Академкнига -2006. /82-84 бет/.

12 апта

Кредит сағат 34,35,36

13-14 дәріс



Тақырып. Литосфераны ластанудан қорғау.

Дәрістің мазмұны: Топырақ оның құрамы және ластануы.Топырақ жамылғысы және оның бүлінуі (деградациясы ). Топырақ жамылғысы және оның экологиялық маңызы. Тапырақтың табиғи пайда болуының өзгеруі. Қарашірік мөлшерінің азаюы. Тапырақты химиялық мелиорациялау. Топырақ ерітіндісінің реакциясы. Қышқыл топырақтарды ізбестеу.Топырақтың ластануын нормалау және қадағалау. Топырақ ластану қауіптілігінің бағасы.

Тірек сөздер: халькофильды, сидерофильды, атмофильды элементтер; топырақ, гумус, гумин қышқылдары, микроорганизмдер

Әдебиет: 1.Под редакцией Н.И. Иванова и И.М. Фадина. Инженерная экология и экологический менеджмент. М.; «Логос»-2002. бет 180-200.

2.Промышленная экология под редакцией В.В. Денисова. М.- Ростов –на –Дону. 2007. /331-364 бет./



ОЖСӨЖ 34,35,36

мазмұны:

Сұрақтар:


  • Топырақ ластану қауіптілігінің бағасы. Топырақтың су мен жел эрозиясы.

  • ( конспектілеу)

  • Топырақ жамылғысы және оның бүлінуі (деградациясы ).

  • Қазақстан аумағының химиялық ластануы

  • Топырақ жамылғысы және оның бүлінуі (деградациясы ).

  • “Биосфераның химиялық ластану” тақырыбына есептер шығару

  • Топырақты химиялық ластанудан қорғау

Әдебиет:

1.Панин М.С. Химическая экология. – Семипалатинск: Изд-во ВКГУ. – 2002.– 570 с



/ 37-38; 44-47 бет/

Г.С. Оспанова Экология бет:189-192

.Ә. Бейсенова, А. Саманова Экология және табиғатты тиімді пайдалану бет:96-102; 114 -120;142-144.

А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет:164-



СӨЖ 34,35,36

мазмұны:

  • Топырақ ластану қауіптілігінің бағасы. Топырақтың су мен жел эрозиясы.

( конспектілеу)

  • Зиянды органикалық және бей органикалық заттар. ( конспектілеу)

  • Топырақ жамылғысы және оның бүлінуі (деградациясы ).

  • Қазақстан аумағының химиялық ластануы

  • Топырақ жамылғысы және оның бүлінуі (деградациясы ).

  • Топырақтағы мысты анықтау (лаб. жұмысты конспектілеу).

Әдебиет:

1.Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны анықтау.-Алматы; 2008

Лабораториялық жұмыс-7( 44-45 бет)

2.Г.С. Оспанова Экология бет:189-192

3 .Ә. Бейсенова, А. Саманова Экология және табиғатты тиімді пайдалану бет:96-102; 114 -120;142-144.

4. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет:164-

12 лабораториялық сабақтың

Тақырып: Топырақтағы мысты анықтау



Әдебиет:

1.Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны анықтау.-Алматы; 2008

Лабораториялық жұмыс-7( 44-45 бет)

/9/ 2. бөлім. 27. жұмыс. 245 б



13апта

Кредит сағат 37, 38, 39

25-26 дәріс Тақырып: Қоршаған ортаға тиетін әсер – ықпалды бағалау.

Қоршаған орта – барлық тіршілік иелерінің негізгі мекені. Халық денсаулығының жай-күйі мен мекен

ортасының өзгерістерін бағалаудың критерийлері. Табиғи ортаның өзгерістерінен болатын зардаптарды

бағалау. Өндіріс көздерінің экологиялық критерийлері және қоршаған ортаның анықтаушылық

(айқындаушылық ) маңызы. Шикізатты қазып шығарып алудың жаңа әдіс – амалдары және жаңа

экология түрлері

Әдебиеттер:

[1] 6 тарау бет:134,-138


[2] XII тарау, § 55, 228-233 бет

[4] XVI тарау § 1-3, 426-435 бет


[5] 1 тарау, 8-10 бет, II тарау. 28-34бет


Тақырып: ОЖСӨЖ 37, 38, 39

Мазмұны: Тақырып және СӨЗ сұрақтарын талдау.

СӨЖ 37, 38, 39

Мазмұны:

  • Халық денсаулығының жай-күйі мен мекен ортасының өзгерістерін бағалаудың критерийлеріне байланысты Қазақстан халқының денсаулығы жөнінде 1989-2009 жылдар аралығына салыстырмалы сипатта .

  • Қазақстанда қолданылып жүрген және үсынылып ортырған жаңа технологиялар.

Әдебиет:

[21] 6 тарау бет:134,-138


[22] XII тарау, § 55, 228-233 бет; [27] ;[28]

14 апта

Кредит сағат 40, 41, 42

27-28 дәріс



Өндіріс көздерін экологизациялау жолдары.

Тақырып. Экологизация принциптері.

Мазмұны:

Өндіріс көздерін экологизациялаудың негізгі бағыттары мен міндеттері. Өндірістік технологиялардың экологилық жағдайын сараптау тұрғысынан қарастыратын принциптер . Өндіріс көздерін жақсартатын ресурстарды пайдалану арқылы экологизациялау. Ресурстарды пайдалануды қалыпты деңгейлерге келтіру (оптималдау)


Экологизация – табиғи ортаның қасиеттерін локалды, аймақтық және глобальды деңгейде сақтапқалу немесе жақсарту және табиғи ресурстарды пайдалану эффектілігін көтеруге мүмкіндік беретін технологиялық, басқарушылық және басқада шешімдер жүйесін біртіндеп, үздіксіз енгізу процесі. процесс неуклонного и последовательного внедрения систем технологических, управленческих и других решении, позволяющих повышать эффективность использования естественных ресурсов и условий наряду с улучшением или хотя бы сохранением качества природной среды на локальном, региональном и глобальном уровнях.

Технологияны экологизациялау – табиғи ортаға өнеркәсіп процестерінің кері әсерін болдырмау іс- шаралары.

Әдебиет:

(18) гл.ХУІ. § 1-5. c. 294-315

(20) гл.УІ.В. § 1-4. с. 305-320

(29) гл.ІХ. § 98-102. с. 327-341

(19) гл.ХІ . с .196-225

ОЖСӨЖ 40, 41, 42

Мазмұны: Тақырып және СӨЗ сұрақтарын талдау.

СӨЖ 40, 41, 42

Тапсырма:

Әдебиеттерді пайдаланып отырып келесі сұрақтарға жауап беру:



  • Қазақстанда өнеркәсіптерді экологизациялау жайында хабарлама дайындау.

  • Батыс қазақстан обылысында экологизация қандай бағыттарда жүргізілуде (схема түрінде) .

Әдебиет: 1

2.Г.С. Оспанова Экология бет:189-192

3 .Ә. Бейсенова, А. Саманова Экология және табиғатты тиімді пайдалану бет:96-102; 114 -120;142-144.

4. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет:164-

14 лабораториялық сабақ

Мазмұны: Өндіріс көздерін экологизациялау жолдары.


  • Экологизация принциптері.

  • Қалпына келетін ресурстар есебінен өнеркәсіптерді экологизациялау.

  • Ресурстарды пайдалануды оптимизациялау.

  • Экологизация бағыты. Өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік сфераларды және қоғамды түгелімен экологизациялау.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

Қазақстан Республикасының 2007 жылєы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі

2 .Ә. Бейсенова, А. Саманова Экология және табиғатты тиімді пайдалану бет:96-102; 114 -120;142-144.

3. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет:164-
15 апта

Кредит сағат 43, 44, 45

29 дәріс



Тақырып: Тақырып. Қоршаған ортаны комплексті сараптау.

Қоршаған табиғи орта мониторингісі. Табиғи ортаның ластануының мониторингісі, табиғи ресурстардың мониторингісі, қоршаған орта мониторингісінің ғылыми негіздері. Қоршаған ортамен болатын қарым-қатынастарды стандарттау және құжаттау. Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы білім мен зерттеулерді ұйымдастыру , оларды біріктіру , белгілеу және бағыттау жағдайларын жақсартатын өзекті деген мәселелерді шешу.



Әдебиет:

1.Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: СГПИ, 2005. – 548с

2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет:251-252

Тақырып: Қоршаған ортаның химиялық мониторингісі

қоршаған ортаның сапасын бағалау критерийлерді қолданып диаграммалар құру


Әдебиет: 1.Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: СГПИ, 2005. – 548с

2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет:251-252

30 дәріс

Тақырып: Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық нормалары.

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық негіздері. Қоршаған ортаны қорғаудың міндеттері мен маңызы. Жер қойнауын , жер қабатын , атмосфералық ауаны және су жүйелерін қорғайтын заңдар мен заңдылықтар. Мұхит , теңіз суларының ластану деңгейлеріне бақылау жүргізу . Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жолдары. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық құқықтық негіздері.



ОЖСӨЖ 43, 44,35

мазмұны:

  • мониторинг туралы түсінік, мониторингтің жіктелуі, химиялық мониторингтің негіздері

  • СӨЗ сұрақтарын талдау

  • есеп шығару

СӨЖ 43, 44 ,35

мазмұны:

  • Маниторинг түрлері

  • Экологиялық нормативтер.

  • Казақстанда экологиялық маниторинг жүйесі қалай жүмыс жүргізеді

  • есеп шығару

Әдебиет: 1.Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: СГПИ, 2005. – 548с(588-614)

2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет: 251-252


15 лабораториялық сабақ

Тақырып: Қоршаған табиғи орта мониторингісі және қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық нормалары.

Әдебиет: 1.Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: СГПИ, 2005. – 548с(588-614)

2. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 бет: 251-252



3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау графигі.




п/п

Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Орындалу уақыты

Балы

Бақылау формасы

1

ОЖСӨЖ орындалуы, тапсырылуы

Студенттің теориялық даярлығы


Апта

100%

конспект

тексеру


2

Сарамандық жұмыс орындалуы, тапсырылуы

Студенттің практикалық даярлығы


Апта

100%

Зертханалық жұмыс тапсыру

3

ОЖСӨЖ белсенділігі

Жұмыс істеу творчестволық қабілеті

Апта

100%

Ауызша сұрау, сұрақ – жауап,

4

СӨЖ орындалуы

Жеке дара ізденіспаздылығы, шығармашылығын тексеру

Апта


100%

Конспект тексеру, жеке әңгіме

5

Бақылау жұмысы

Өтілген материалдар бойынша теориялық даярлығы, білімін тексеру

7 және 14 апта

100%

Вариант бойынша жазба жұмыс

6

Жеке тапсырманы орындауы

Студенттің

творчестволық жұмысысын тексеру



12 Апта

100%

Жоба қорғау


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ.
Кафедра __Химия ___________тьютор Амангосова Мира Ганибайқызы

(аты-жөні)

Пән _Өндірістік экология
Кредит саны____3____





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7


1

Панин М.С. Химическая экология. – Семипалатинск: Изд-во ВКГУ. – 2002. – 570 с


16


-


100%




-


-


2

Қазақ тілі терминдердің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ Жалпы ред. басқарған А.Қ.Құсайынов – Алматы: “Мектеп” ААҚ, 2002. – 392 б.

14

-

100%

-

-

3

Л.К. Садовникова, Д.С. Орлов, И.Н. Лозановская. Экология и орана окружающей среды при химическом загрязнении.-М.: В.Ш..-2008- 334

4

-




-

-

4

Қазақстан Республикасының 2007 жылєы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі





































5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1 апта

1 -2 дәріс



Тақырып: Өнеркәсіптік экология

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Өнеркәсіптік экологияның мәселелері мен міндеттері.

  • Өнеркәсіптік ластанулардың классификациясы және қоршаған ортаның ластануларының негізгі көрсеткіштері

  • Адам және табиғат.

Дәрістің мақсаты: Өндірістік экологияның мақсат міндеттерімен таныстыру.

Тірек сөздер: өндіріс, экология,шикі зат, биосфера.

Дәріс мазмұны: Өнеркәсіптік экологияның мәселелері мен міндеттері. Өндірістер мен өндірістік кешендердің қызметіне табиғат жағдайларының әсер етуі. Өнеркәсіптік ластанулардың классификациясы және қоршаған ортаның ластануларының негізгі көрсеткіштері. Энергетиканың түрлері. Өнеркәсіптің атмосфераны ластауы. Газ және шаң түріндегі шығарылымдарды тазарту. Санитарлық қорғаныш аймақтары.Жер бетіндегі көліктердің, әуе және ғарыштық қатынас құралдарының табиғи орталарға әсері.Су пайдаланушылықты классификациялау.Жер беті және жер асты суларын ластаушы көздер, суларды тазарту тәсілдері. Атмосфералық ауаны , су және топырақ ресурстарын қорғау шаралары. Қазба байлықтарды пайдаланушылардың классификациясы. Қазба байлықтарды өндірудің қоршаған ортаға әсері.Радиоактивтік ластанулар және радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру.Урбоэкология және құрылыс.Ілеспе және қосалқы өнімдерді , қайтара пайдаланылатын материалдарды ұқсату. Өнеркәсіп мекемелеріндегі табиғат қорғау қызметі. Өнеркәсіптік мекеменің экологиялық паспорты. Экологиялық қауіпсіздікті және ресурстарды үнемдеуші технологияларды қамтамасыз етуге арналған процестер мен жабдықтар.

Өндірістік экология.

Табиғат анамен жылдар бойы қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуы 21 ғасырда бұрын-сонды юолмаған деңгейіне жетті. Ғаламат жаңалықтармен бірге өнідрістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер құнарының тас- талқаның шығарған 1953-1962 жылдардағы тың игеру, қазақ жерлерінлегі сынақ аландары күнделікті тіршілікке араласып, жетістігімен қатар апатын да әкелді.

Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр. Кеңес дәуірінде ірі өндіріс орындарының қауырт дамуына байланысты табиғат байлығын игеру мәселелерінде қоршаған ортаның бұзылуы мәселелері ескерілмей, тек қана мол өнім алуға көңіл бөліп, ал табиғаттың ерекшелігін ескермей, көптеген зиян әкелгенің енді біліп отырмыз.

Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты:



  1. Шикізат көзі.

  2. Адам күші.

  3. Су ресурстары.

Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай рі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес.

Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде.

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына- Каспий маңы, мұнай өндіру мен өндеу, металлургия, құрылыс материалдары және т.б. салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер- табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиоактивті қалдықтармен ластануы адаммның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне , биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде.

Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың алдынғы қатарына жатады. Қауіпті нүктелердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орынға қоюға болады.

Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік аймаққа – Шығыс Қазақстан облысының аудандары жатады. Қазақстан өнеркәсібі жоғары дамыған, түсті және қара металлургия, энергетикалық кешені, полиметалл кендері шоғырланған аймақ. Бұл аймақтағы экологиялық мәселелер – қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградацияға ұшырауы айқын көрінуде.

Шығыс Қазақстан облысында орман отау, бас- көзге қарамай кесу фактілері орын алып отыр. Соңын кесірінен жасыл желекпен көмкерілген жер көлемі одлыс бойынша 150 мың га кеміп кетті.

Байқоңырдан ұшырылған ғарыштық аппараттардың зиянды әсерін шетелдік және отандық ғалымдар зерттей келіп, атмосфера тізбегі тропосфера, стратосфера- ионосфера қабаттарына әсер етін , нәтижесінде озон қабатының жұқаруына, парниктік эффектінің пайда болуына үлкен үлесін қосатындығын байқалды.

Ал, Балқаш көлінің ластануны мыс пен энергетика өнеркәсібі бі рден-бір себепші болып отыр. Қарағанды облысы бойынша ауаға шығарған зиянды қалддықтардың жыл сайынғы мөлшері 140 мың тонна болса, оның 98 мың тоннасы кәсіпорындардан, 43 мың тоннасы авттокөліктерден шығады екен.

Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймаққа – Алматы, Жамбыл; Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда оюлыстары жатады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экологиялық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, жайылымдардың деградациясы, атмосферасының ластануы, жер ресурстарының химиялық тыңайтқыштармен ластануы.

Жамбыл, Шымкент қалаларына минералдық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарды шамадан тыс шоғырландыру да айнала қоршаған ортаға бірқатар салмақ салуда.

Алматы қаласының ауасының ластану жолдарының бірі- бұл автокөліктерден шығатын зиянды заттар болып есептелінеді. Қаламыздағы жанармаймен жүретін автокөліктерді табиғи газға ауыстыру тиімді.

Адам және табиғат.

Табиғат адамзаттың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін бірден – бір ошақ көзі. «Адамзат – қоғам – табиғи орта ». Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары және олардың өндіріс көздерін дамытудағы маңызы.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

Пайдаланатын әдебиеттер
2

Тақырып: Ғылым мен техниканың экологиялық маңызы

Дәрістің мазмұны:

Ғылыми – технологиялық прогресс. Ғылыми – техникалықпрогресстің екі жақты сипаты.

Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми- техникалық прогрестің мәні мен алатын орыны және табиғат қорғау қызметіне көрсететін ықпалы.

Экологиялық қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыз ету.

экологиялық қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыз ету тұрақты дамуға көшудің теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыруды көздейді, ол іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің мынадай кешенің қамтиды:

табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерін айқындау;

экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологияларды, өндірістерді, шикізаттың түрлерін, материалдарды, өнім мен жабдықты, оның ішінде ауыл шаруашылығында әзірлеу;

Биологиялық әртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемасын зерделеу;

климаттың ықтимал жаһандық және өңірлік өзгерістерін, табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу;

экологиялық қатерлерді айқындаудың ғылыми негіздерін әзірлеу, ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдістерін әзірлеу;

адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінің арасындағы байланысты зерделеу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру.

Экологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді бюджеттік бағдарламалар және халықаралық граннтар арқылы мемлекеттік тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргізеді.

3 -4дәріс

Тақырып: Табиғи жүйелердің ресурстары.

Табиғи ресурстар – бұл адам өз тіршіліген қамтамасыз ету үшін пайдаланатын табиғи это объектілер мен құбылыстар.(күн сәулесі, су, ауа, топырақ, өсімдіктер, жануарлар, пайдалы қазбалар, адам қалымен жасалмаған және адам онсыз тіршілік ете алмайтанның барлығы).
Ресурстарды пайдаланудың аумақтылығын анықтайтын негізгі факторлар. Табиғи ресурстардың топтамасы (классификациясы) қоршаған орта ресурстарымен болатын қарым-қатынастардың ерекшеліктері.

Табиғи ресурстар өңдеу және қайта өңдеук техникаы мен технологиялық процестерді жетілдіру, экономикалық тиімділігі, шикі заттардың көлемдік мәніне қарай бөлінеді. Ресурстар сарқылу белгілеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.



Сарқылмайтын ресурстар: ғарыш, күн энергиясы, климат ресурстары.

Сарқылатын рсурстар қалпына келетін, салыстырмалы қалпына келетін және қалпына келейтін болып бөлінеді.

Шаруашылыққа пайдалану түріне байланысты жіктелуі: өндірістік және ауыл шаруашылық өнеркәсіптік.

Энергетикалық ресурстар: жанғыш пайдалы қазбалар, су энерпгоресурстар, ядролық энергия т.б.

Энергетикалық ресурстардың қоршаған ортаға тигізетін әсері.

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына байланысты топтастырылады.(1-ші кесте)



1-ші кесте. Энергетикалық ресурстардың жіктелуі.

Бастапқы қоры

Екінші қоры

Сарқылатын( көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар)
Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін(ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия)

Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан қосымша өнімдер, гудрон, мазут және мұнай өндегенде шыққан қалдық өнімдер, ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар бұталар.

Жаңғыш газдар, тастанды газдардың жылуы, салқындату жүйесінен шыққан ыстық су, күш беретін өнеркәсіп құрылысының тастанды буы.



Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары болып саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна, оның ішінде 50% ТМД елдерінің жерінде шоғыпланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд. тонна.

Дүниежүзілік мұнай қоры 840 млрд. тонна шартты отын көлемінде бағаланады, оның 10%- анықталған, ал 90% болжамдық қорлар. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 300-500 трлн. м3.

Жоғарыда көрсетілген отын түрлерін жер қойнауынан алған кезде жер беті келбетінің өзгеруі, топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың ластануы орын алады. (2-ші кесте)



2-ші кесте. Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда атмосфераға тасталатын зиянды заттардың мөлшері, г/ кВт*сағ.

Ластаушы компонент

Отын түрі

Тас көмір

Қоңыр көмір

мазут

Табиғи газ

Күкіртті газ

Азот оксидтері

Қатты бөлшектер

Фтор қосылыстары



6,0

21,0


1,4

0,05


7,7

3,4


2,7

1,11


7,4

2,4


0,7

0,004


0,02

1,9


-

-


Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері басқа да қосылыстары қоршаған ртаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшн шаң-газ ұстайтың қондырғыларды қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан шыққан күл мен шлактардың үйінділерін сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.

Энергиялық емес ресурстар: металургия, химия, орман шаруашылығы, т.б. ресурстар.

Халық шаруашылығындағы энергияны сақтаудың негізгі бағыттары:



    • техника –экономикалық кешеніндегі ресурстарды сақтауды одан әрі дамыту.

    • тұтынушыларда энергетикалық ресурстарды барынша үнемдеу.


Гидросфера (су қабаты), ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері.

Дәрістің мазмұны: гидросфера туралы түсінік; мұхит суының химиялық құрамы; әлемдік мұхиттың ресурстары; жерүсті суларының химиялық құрамы; гидросфераның ластануы; әлемдік мұхиттың ластануы; жерүсті суларының ластануы.

Судың сапасы. Тұщы суды пайдалану. Пайдалану бағытына қарай тұщы суды классификациялау. Судың негізгі қасиеттері. Судың экожүйе биосфералық процестер үшін маңызы, су қоры , оның таралуы.

Су ресурстары туралы түсінік . Судың маңызы. Суды пайдалану адамның қандай іс-әрекеттерімен байланысты. Өнеркәсіптің су сиымдылығы Трансрационалды коэффициент түсінігі және әр түрлі өнімдер алудағы маңызы

Қайтымсыз суды пайдалану.


5- дәріс

Тақырып: Литосфера (жер қабаты) ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері.

Дәрістің мақсаты: литосфераның химиялық экологиясымен; литосфераның манызды компоненті – топырақ және оның ластану сұрақтарымен таныстыру



Тірек сөздер: лиосфера, химиялық құрамы, құрылымы, литофильды, халькофильды, сидерофильды, атмофильды элементтер; топырақ, гумус, гумин қышқылдары, микроорганизмдер

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Литосфераның құрылысы және химиялық құрамы.

  2. Жер қабығының элементтерінің геохимиялық жіктелуі

  3. Топырақ – литосфераның манызды компоненті

  4. Топырақтың негізгі компоненті – органикалық зат /гумус/

    1. топырақ ресурстарының маңызы.

    2. жер ресурстары.

    3. жел және су эрозиялары.

    4. топырақты эрозиядан қорғау. жерді рекультивациялау

Литосфера- (грекше lithos –тас+ sphair шар) –жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.

Құрлықтағы литосфераның бетінде экожүйе дамиды. Жердің ішкі құрылысы, негізінен үш бөліктен тұрады; оған литосфера, мантия және ядро кіреді. Жер қыртысының қалындығы барлық жерде бірдей емес. Мұхиттің астында жер қыртысының төменгі шегі 5-10 км-ге, жазықтықтарда 35-45 км- ге, тау сілемдері астында 70 км-ге дейін жетеді. Литосфера әр түрлі минералдар мен тау жыныстарынан түзіледі.

Жер қабықшасы негізінен 8 элементтен құрылған: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, натрий және калий. 5 топқа бөледі: литофильды, халькофильды, сидерофильды, атмофильды және биофильды.

Топырақтану ғылымының негізін көрнекті орыс ғалымы В.В. Докучаев қалады. Ол бірінші рет “топырақ” және “топырақ құрылымы” ұғымдарының анықтамасын берді, топырақ түзілу процесінің мәнін ашты және басты ерекше қасиеттерін тапты. Докучаев анықтаған топырақ түзілудің бес факторына – бастапқы жыныстар, климат, жер бедері және уақыт, өсімдіктер, жануарлар организмдеріне кейіннен су /топырақ және грунт/ және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ ерітінділерінің жоғарыдан төмен қарай қозғалысы басым болатын топырақ құрылымында үш негізгі қабат жиі бөліп көрсетіледі – қарашірік жинақталған /қарашірінді/ қабат /А1/; элювийлік шайылған қабат /А2/; иллювийлік /жуылған/ қыртыс /В/. Одан төмен бастапқы /топырақ түзетін/ жыныстар орналасады. Биосфераның маңызды құрамды бөлігі – топырақ арқылы тірі организмдердің литосферамен, гидросферамен және атмосферамен экологиялық байланыстары іске асырылады.

Топыраққа ең алғаш рет М.В. Ломоносов ғылыми анықтама береді, оның көрсетуінше : топырақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым- қатынас.

Топырық ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, тоырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теғдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резеріві болып табылады.

Топырақ- сыртқы орта жағдайлары :жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф және адамның іс- әрекеті де жатады.

Топырақтың құнарлығы дегеніміз- оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті.

Топырақ- барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б. әсеріне қарсы тұра алады.

Топырақ – барлық материалдық игіліктер көзі. Ол азық –түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді.

Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс.

Топырақ басқа организмдер сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылуы, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады. Топыратқа эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.

Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.

Кең таралған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік , абразия, жайылымдық.



Жазықтық эрозия- тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.

Сызықтық эрозия- тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.

Дефляция- топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы.

Ирригациялық эрозия- суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болса да, тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортандауы да жүреді.

Өндірістік эрозия- пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе ашық әдіспен өндіруде , тұрғын үй , өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.

Абразия кезінде жыртылатын және мал жайылатын жерлердіңауданы кемиді.

Механикалық эрозия.

Литосфераға күшті техногендік әсер екі бағытта жүреді:

1. ландшафтың өзгеруі және жойылуы.

2.топырақтың ластануы және деградациясы.

6 дәріс

Тақырып: Атмосфераның химиялық экологиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет