Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы



бет10/13
Дата01.04.2017
өлшемі1,59 Mb.
#13029
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Дәрістің мазмұны: ауыр металдардың негізгі қасиеттері, жіктелуі; ауыр металдардың сыртқы ортаға табиғи және техногенді түсу жолдары; ауыр металдардың негізгі геосфералардағы миграциясы; Қазақстан территориясының ауыр металдармен ластануы.

Атомдық массалары 50 атомдық бірліктен артық металдр жатады.

Н. Реймерс классифакациясы бойынша тығыздығы 8 г/ см3 артық болатын металдар жатады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға тұсуінің маңызды көздері : табиғи көздері және техногенді.

Өмір сүру үшін өте қажетті ауыр металдардың өзі концентрациясы артық болып кеткен жағдайда адамға қауіпті болып саналады. Адам денсаулығына қауіптілік дәрежесі бойынша ауыр металдар 3 класқа бөлінеді. 1-ші өт (ерекше ) улы- (кадмий, сынап, қорғасын, селен, мырыш,) , 2- ші класс- улы ( кобалть, мыс, молибден, никель, сурьма, хром) 3-класс- улылығы төмен ( барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций).


Берақ табиғатта улы және улы емес химиялық элементер жоқ, олардың ондай концентрациялары бар.

Маңызды техногендік көздер: түсті және қара металлургия өндірістері, электростанции, мұнай мен көмір жағатын өндірістер, автотранспорт, химия өндірісі.


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Ауыр металдардың қасиеттері, жіктелуі

  2. Ауыр металдардың сыртқы ортаға түсу жолдары

  3. Техногенді көздері

  4. Ауыр металдардың негізгі геосфералардағы миграциясы

  5. Қазақстан территориясының ауыр металдармен ластануы

Ортаға металдардың ену жолдары әр түрлі /металл бөлшектерді жоңқалау, коррозия, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жылу энергетикасы қондырғыларының, т.б. шығарындылары/; олар, негізінен, терең жер қабатынаң алуынуы ж/е жер бетінде таралуы арқылы жиналады. Бұл орайда антропогендік химиялық реакция нәтижесінде табиғи қосылыстардаң металдардың босауының үлесі шамалы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ауыр металдардың биогеохимиялық қасиеттеріне сипаттама берініз

  2. Ауыр металдардың жіктелуі неге байланысты

  3. Ауыр металдардың сыртқы ортаға түсудің табиғи және техногенді көздерін анықтаныз

  4. Ауыр металдардың негізгі геосфераларға түсу және миграция жолдары қандай?

Қазақстан территориясының ауыр металдармен ластану денгейіне баға берініз

13-14 дәріс



Тақырып. Радиоактивті ластану.

Дәрістің мақсаты: ластаушы факторлар радиобелсенділікпен таныстыру, диоксиндердің

Дәрістің мазмұны:

Радиоактивтік туралы түсінік. Радиоактивтік түрлері. Мұнай және газ кенорындарымен байланысты радиоактивтік. Көмірді жағу кезіндегі радиактивтік Космогенді изотоптар. зымыран – ғарыштық техникасының әсер астында Қоршаған ортаның химиялық ластануы; радиоактивтілік – ластандырушы фактор ретінде; радиоактивтіліктің түрлері, радиоактивті қалдықтар, Қазақстан территориясының радиоактивті ластануы


Зымыран – ғарыштық техникасы – Қ. ортаға тигізілетін антропогендік әсердің бір басты көзі ретінде саналады. Оның өзгішілігі – ол Жердің барлық геосфераларына әсер тигізеді, ж/е Қ. ортаға әсері - әр түрлі: акустикалық, жылулық, механикалық, химиялық, электромагниттік, радиоактивті.

Радиоактивтілік – қоршаған ортаның ерекше ластаушы түрі - кейбір химиялық элементтердің ж/е олардың изотоптарының атом ядроларының өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырауы. Радиоактивтіліктің түрлері: табиғи ж/е жасанды.

Диоксиндер мен фурандар химиялық, целлюлоза-қағаз, металлургия ж/е өнеркәсіптің басқа да салаларының қосымша ластағыш заттары болып табылады. Олар сондай-ақ өнеркәсіптік ж/е тұрмыстық қоқысты, қорғасын қосылыстары бар бензинді, қозғалтқыш отынын ж/е т.б. жаққан кезде түзіледі. Өте тұрақты қосылыс болғандықтан /топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 10 жыл/ диоксиндер топырақта, өсімдікте, жануарда ж/е адамнында организмінде жиналады. Қоршаған ортаға өнеркәсібі дамыған елдерде диоксиндер едәуір мөлшерде шығарылады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Зымыран – ғарыштық техникасының әсер астында Қоршаған ортаның химиялық ластануы қандай?

  2. Радиоактивтілікке – ластандырушы фактор ретінде сипаттама берініз

  3. Радиоактивтіліктін түрлері қандай?

  4. Радиоактивті қалдықтарға сипаттама берініз

  5. Қазақстан территориясының радиоактивті ластануы қандай?

Қ.Р. Экологиялық кодексінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар көрсетілген.

39-тарау. РАДИАЦИЯЛЫЌ МАТЕРИАЛДАРДЫ, АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУЄА ЖЈНЕ РАДИАЦИЯЛЫЌ ЌАУІПСІЗДІКТІ ЌАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
ЌОЙЫЛАТЫН ЭКОЛОГИЯЛЫЌ ТАЛАПТАР

Радиациялыќ ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету саласындаєы ќадаєалау мен баќылау Ќазаќстан Республикасыныѕ атом энергиясын пайдалану туралы заѕнамасына сјйкес жїзеге асырылады.





16 дәріс

Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары .

Көмір өнеркәсібі
Қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты көмір өнеркәсібі күрделі өнеркәсіп салаларының бірі болып саналады. Көмірді негізгі пайдаланушылар: электрэнергетика -39 %; өнеркәсіп пен үй –жәй секторы -35 %;коксхимия өнеркәсібі -14 %; ауылшаруашылығы -5 %.

Қазақстанда көмір өнеркәсібі ХІХ ғасырдың ортасынан бастап пайда болды. 1855 жылдан бастап Қарағанды бассейні, 1869 жылы Ленгір, 1895 жылы Екібастұз кен орындары игерілді. Тас және қоңыр көмір 10 бассейнде, 149 кен орында орналасқан, зерттелген қор мөлшері 200 млрд. тонна үстінде. Шығыс Қазақстанда Кендірлі кен орнының көмір қоры 1,6 млрд. тонна, көмірмен қатар бұл жерде отын немесе химия және газ өнеркәсіптерінде шикізат ретінде қолдануға болатын 4 млрд. тонна шамасында жанатын тақтатастың да қоры бар.

Өндірілетін көмірде қоспамен жанбайтын материалдар көп болады. олардың құрамы мен мөлшері кен орнының және көмірдің түріне, оны алуға қолданылатын әдіске байланысты. Көмірдің ішінде саз, пирит және басқа да заттар кездеседі, бұлар көмірдің күлділілігін сипаттайды.

Көмір өндіру процесінде қоршаған орта шаң мен газбен ластанып отырады. Осы саланың зиянды әсері кестеде келтірілген.

Көмірді жабық әдіспен алғанда атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер шаң мен газ түріндегі улы заттар. Мысалы, 2 млрд. тонна көмір өңдіргенде ауаға 27 млрд. м3 метан және 16,8 млрд. м3 көмір қышқыл газы бөлінеді. Жыл сайын шахталардан атмосфераға миллиондаған тонна шаң тасталады. Ал террикондарда қалған көмір қалдығы (5-20%), пирит (10%), күкірт (5% -тен жоғары) тотығып, жанғанда әртекше метрден ауаға 180 мг шамасында көміртек пен күкірт оксидтері бөлінеді.
Қатты отынды жер қойнауынан алғанда, оны дайындағанда, тасымалдағанда және жаққанда биосфераға зиянды әсерін тигізетін факторлар.



Әсердің түрі

Тигізетін зардаптары

Қорғау тәсілдері

Атқылау жұмыстары

Газ –шаң –ауа қосындысының атқылауы мүмкін

Атқылау жұмысын жүргізу үшін қорған жасау

Тау –кен шығарылған жерден бөлінген заттар, тау жыныстары үйінділерінен, ашық карьерлерден, автокөлік жолдарынан шығатын шаң мен газдар

Ауаның шаң, метан, көміртек диоксиді, улы заттармен ластануы. Минералды тұздардың суаттарға түсуі

Шаң ұстайтын қондырғыларды және шаң басатын әдістерді қолданып шаңды басу

Террикондардың пайда болуы

Ландшафтың бұзылуы, құнарлы жерлердің шаруашылық айналымынан шеттелуі, фауна, түр құрамының азаюы, көмір қалдықтарының жанып, түтіндеп ауаны ластауы

Жерді рекультивациялару. Террикондарды автокөлік жолдарын салуға пайдалану

Сақтаған кезде көмірдің тотығу мен өз бетімен жануы

Түтін мен улы заттардың бөлінуі, отын сапасының төмендеуі

Көмірді ауадан изоляциялау, көмір сапасын анықтайтын тексеру жүйесін орнату

Көмірді тасымалдау

Отын шығыны және атмосфераның ластануы

Жабық вагондарды, құбырларды пайдалану

Қатты отынды дайындау және жағу

Көмір ұнтағының қопарылу қаіптілігі

Конструкция мен жабдықтарды бекіту, қопарылысты болдырмау мақсатында ингибиторларды пайдалану

Жабық әдіспен салыстырғанда ашық әдісті қолданғанда тіршілік ортаға көмір алғанда бөлінетін зиянды заттардың көлемі көбірек болады.

Тіршілік ортаны ластайтын, уландыратын көздерді, көмірдің ысырапталуын азайту мақсатында прогрессивті бұрғылау, өңдеу технологияларын жасап, оларды іс жүзінде пайдалану барлық жағынан тиімді болып келеді.

Алдағы уақытта шешімін қажет ететін осы саладағы әлі күнге дейін орын алып келе жатқан проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

• кен орындарынан шығатын қышқылданған, тұзданған ақаба суларды тазалайтын тиімді әдістер табу мен қатар оларды іс –жүзінде кең пайдалану;

• кішігірім қазандықтарды жою;

• бұзылған жерлердң рекультивациялау;

• айналма технологияны кеңінен қолданылып, жұмсалатын таза судың мөлшерін төмендету;

• қатты қалдықтарды шикізат ретінде басқа өндіріс салаларында қолдану жолдарын табу.

А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 212-214 беттер



Мұнай өндірісі.

Мұнай шығару өнеркәсібі.

Қазақстан мұнай және табиғи газға бай елдің бірі. Мамандардың бағалауына қарағанда Каспий аймағы 21 ғасырда мұнай мен газ беретін дүниежүзіндегі ең ірі қамсыздандырушылардың бірі болатыны анық.

Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу- барлау және мұнай, газ өндіретін ұнғымалар құрылысынан басталады.

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай:



  • Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс.

  • Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әртүрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.

  • Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның , жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың олармен ластануы.

  • Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы.

  • Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму.

  • Мұнайдың төгілуі.

Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді.

Бұрғылайтын қондырғылар мен магистральдық газ- мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы, сонымен қатар құрылыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрылыстық ақаудың болуына да байланысты болып келеді.

Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан, олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті.

Мұнай өндейтін өнеркәсіптер.

Қазақстанда мұнай өндейтін кәсіпорындар 1945 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бірінші іске қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, ол 1959 жылға дейін тек сырттан әкелінген шикізатты өңдеді, яғни Түркіменстан мен Әзербайжанның мұнайын. Қазіргі кезде республикада жұмыс істейтін тағы да екі мұнай өңдетін зауыт бар –Павлодар мен Шымкент тұнай өңдеу зауыттары. Ақтау қаласында мұнайдың ілеспе газынан алынатын этан фракциясын өңдеп этилбензол, стирол және полистирол шығаратын біріктірген ірі тоннажды өндіріс пен пластмасса зауыты жұмыс істейді. Бұл зауытта бояуы өңбейтін алуан түрлі пластмассалар алынады.

Мұнай өңдейтін зауыттар ауа мен су бассейндерін ластайтын көздің бірі. Ластаушы заттар шығаратын негізгі көздерге –мұнайды күкірттен тазарту мен катализаторларды регенерациялау процестері, қыздырғыштар және қазандықтар жатады. Сонымен қатар мұнайдан, одан алынған өнімдерді сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан әртүрлі заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластап отырады.

Мұнай өңдейтін өндірістің кәсіпорындары атмосфераны көмірсутектермен (73%), күкіртті оксидпен (18%), көміртек оксидімен (7,0%), азот оксидімен (2%) ластайды. Бұл кәсіпорындар көп мөлшерде суды қажет етеді, ал олардан шыққан ақаба суларда көп мөлшерде мұнай өнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары, фенол, ауыр металдардың тұздары болғандықтан, суаттар осы заттармен ластанып отырады. Топырақты да ластайтын осы қосылыстар.

Мўнай-газ ќўбырларын жобалау мен салу   кезіндегі экологиялыќ талаптар

      1. Мўнай-газ ќўбырларын жјне оларды сїйемелдеу объектілерін теѕіз деѕгейініѕ кґтеріліп-ќайтып ауытќуыныѕ јсер ету аймаєында жобалау мен салу олардыѕ еѕ жоєары ауытќу шегі ескеріле отырып жїргізілуге тиіс.


      2. Мўнай-газ ќўбырларындаєы автоматты бекіту ысырмаларын жобалау мўнай-газ ќўбыры тўтастыєыныѕ бўзылу ыќтималдыєына байланысты тјуекелдердіѕ баєалануы ескеріле отырып жїргізілуі ќажет.
      3. Мўнай-газ ќўбырларын салу кезінде теѕіз тїбі бўзылу кґлемініѕ барынша аз болуын ќамтамасыз ететін техникалыќ ќўралдар мен жабдыќтар ќолданылуєа жјне ќалќыма заттардыѕ су ќабатында таралуын тўмшалайтын технологиялар мен јдістер пайдаланылуєа тиіс.
      4. Каспий теѕізініѕ солтїстік бґлігіндегі мемлекеттік ќорыќ аймаєында мўнай-газ ќўбырларын жылжымалы мўздардан, кемелер зјкірінен жјне техногендік сипаттаєы басќа да сыртќы јсерден заќымданудан ќорєауды ќамтамасыз ететін тереѕдікте тарту міндетті болып табылады.
      5. Мўнай-газ ќўбырларыныѕ бойымен ќўбырдыѕ шеткі сызыќтарыныѕ осінен јрбір жаєынан бес жїз метр ќашыќтыќтаєы, параллель жазыќтыќтар арасында орналасќан, су їстінен тїбіне дейінгі су кеѕістігініѕ учаскесі тїрінде кїзет аймаєы белгіленуге тиіс.
      6. Мўнай-газ ќўбырларын гидрологиялыќ сынау кезінде суды аєызу Каспий теѕізініѕ солтїстік бґлігіндегі мемлекеттік ќорыќ аймаєы шекарасынан тысќары жерде жїргізілуге тиіс.

  268-бап. Мўнай операциялары объектілерін консервациялау


                мен жоюєа ќойылатын экологиялыќ талаптар

А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 209-212 беттер


Химия өнеркәсібі.

Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларының, ауылшаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.

Химия өнеркәсібі негізгі шикізат ретінде Оңтүстік пен Батыс Қазақстанның фосфорит қорларын, мұнай мен мұнай өнімдерін, метеллургия өндірісінің қатты қалдықтары мен газ тастандыларын, Солтүстік пен Оңтүстікке бар әртүрлі тұз қорларын, дәрілік қасиеті бар өсімдіктерді, т.б. қолданады. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев таблицасында келтірілген 107 элементтің 99 табылған, оның 78 зерттелген, 63 пайдаланылады.

Қазақстанда химия өнеркәсібінің қалыптасып дамуы Бөген мен Шаян өзендерінің жағалауларында өсетін жусанның негізінде салынған Шымкенттің сантонин зауыты мен кішігірім сабын, желім және тұз шығаратын кәсіпорындардан бастаған.

Ақтөбе аймағында фосфориттің үлкен қоры табылып, еліміздің солтүстігін ғана емес, Ресейдің де көптеген шаруашылықтарын фосфор тыңайтқыштарымен көп жылдар бойы қамтамасыз етіп келеді. Ақтөбе қаласында халықшаруашылығына үлкен маңызы бар деп химия зауыты мен хром қосылыстарын шығаратын зауытты атауға болады. олар натрий бихроматын, сульфитін, пигментті бояулар шығарады.

Мұнай негізінде полиэтилен мен полипропилен шығаратын Атырау химия зауытының, ағылымға берікті және көбіктенген сапалы полистирол өндіретін Ақтау пластмасса зауытының Қазақстан экономикасының дамуына, сонымен қатар экономикалық байланыстардың шет елдермен экспорт пен импорт негізінде кеңеюіне қосатын үлестері зор.

Химия өнеркәсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар және шикізат сантүрлі болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су бассейндерін және топырақты ластаушы компоненттер де алуан түрлі және көбісі өте улы заттар қатарына кіреді.(1-ші кесте)
1-ші кесте. Химия өнеркәсібінің әр өндіріс түріне сәйкес атмосфераға тасталатын негізгі компоненттер.


Өндіріс

Атмосфераны ластайтын негізгі компоненттер

1

2

Азот қышқылы

Күкірт қышқылы

Тұз қышқылы

Қымыздық қышқылы

Сульфамин қышқылы

Фосфор және оның қышқылы

Сірке қышқылы

Күрделі тыңайтқыштар

Карбамид

Аммоний силитрасы

Суперфосфат

Сұйық хлор

Хлорлы әк

Поливинилхлорид шайыры

Тетрахлорэтилен

Ацетон


Аммиак

Метанол


Капролактам

Ацителен


Карбофос

Минеральді пигмент

Целлюлоза


NO,NO,NH3

NOx, SO2, H2SO4

HCl, Cl2

NOx, C2H2O4 (шаң)

NH3, NH(SO3NH4)2, H2SO4

P2O5, H3PO4, HF, Ca5F(PO4) (шаң)

CH3CHO, CH3COOH

NO2, NO, NH3, HF, H2SO4, P2O5, HNO3

NH3, CO, (NH2)2CO

CO, NH3, HNO3, NH4NO3 (шаң)

HF, H2SO4 (суперфосфат шаңы)

HCl,Cl2, Hg

Cl2,CaCl2 (шаң)

Hg,HgCl2

HCl,Cl2

CH3CHO, (CH3)2CO

NH3, CO

CH3OH, CO

NO,NO2, SO2, H2S, CO

C2H2

SO2, P2O5, H2S карбофос шаңы

Fe2O3, FeSO4

SO2, H2S, Cl2, CH3SH, (CH3)2S

А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 214-218 беттер


17-18 дәріс

Тақырып Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары- Металлургиялық өндіріс.

Қара металлургия.

Қара металлургияға темір және оның қорытпаларын өндіретін өндірістер жатады. Бұл өнеркәсіпбес саладан тұрады: тау-кен, металлургия, ферросплав, отқа төзімді және металл сынықтарын өңдейді. Қазақстанда қара металлургия саласында жұмыс істеп жатқан темір ( Соколов- Сарыбай, Лисаков, Қашар кен байыту комбинаттары және Атасу кен басқармасы), хромит (Дон кен байыту комбинаты) , марганец (Жезді кен басқармасы) рудаларын өңдейтін өндірістерді, екі ферросплав (Ақсу мен Ақтөбе) және «Казогнеупор» (Рудный қаласы) зауыттары мен «Казвторчермет» (Алматы қаласы) өндірістік қоғамын атауға болады.

Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жер беті мен жер асты суларын, топырақты көптеген зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық өнеркәсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны ластауда екінші орында келеді. Негізгі ластаушы компоненттер көміртек оксиді(43-67%), қатты заттар(15,5-16,0%), күкірт оксиді(10,8-16,0%), азот оксиді(5,2-23,0%), көмірсутектер (3%-ке дейін). Орта есеппен 1 млн. Тонна өнім шығарғанда қара металлургия зауыттарынан шаң-350, күкіртті ангидрид- 200, көміртек оксиді- 400, азот оксиді- 42 тонна/тәулігіне бөлініп отырады.

Қара металлургия саласында атмосфераны ластайтын негізгі көздерге жататын өндіріс түрлері мен орындары 1- ші кестеде келтірілген.




  1. ші кесте. Зиянды заттар шығаратын металлургиялық процестер.

Ластаушы көздер

Зиянды заттар бөлінетін операциялар

негізгі

қосымша

Агломерация және шекемтас өндірісі

Агломерациялық шикіқұрамды күйдіру, агломератты салқындату, шекемтастарды күйдіру.

Шикіқұрамды майдалау, күрсілдету және тасымалдау.

Домналық балқыту

Шикіқұрам материалдарын пешке салу, шойынды балқыту және құю.

Домналық цехқа шикіқұрамдық материалдарды және руданы сақтайтын аула мен эстакада шанабына тасымалдау.

Болат балқыту

Болат балқыту және құю, шикіқұрамдық материалдарды пешке салу.

Оттекпен үрлеу, шикіқұрамды сақтайтын аулада тасымалдау жұмыстарын жүргізу.

Илек

Металды тазалау, қыздыру.

Металды қайшымен кесу, тотыққан бөлшектерді жою, металды өңдеу, салқындату.

Ферроқорытпалар

Ферроқорытпаларды балқыту, пештен шығару, шикіқұрамды материалдарды салу.

Түйіршіктеу, салқындату, металды тасымалдау, кептіру, қыздыру, ожауды тазалау, электродты жұмсарту және кокстау.

Қара металлургия суды көп мөлшерде қолданатын өндірістердің бірі, яғни еліміздегі бүкіл өнеркәсіптің пайдаланатын суының 10-15%-тін құрайды. Қара металлургия өндірістерінен шыққан ақаба суларда қалқыған қатты бөлшектер, май, сульфаттар, хлоридтер, темірдің қосылыстары, ауыр металдар және т.б. ластаушы компоненттер болады.

Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға және ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталынатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген құнарлы жерлерді иеленеді.

Металлургиялық өндірістерде залалсызданатын және утилденетін қалдықтардың мөлшері 30-35%-тен аспайды. Қалдықтарға металл кесінділері, домналық және коксты газдар жатады. Көп метариалдар шойын мен болат алғанда айналымсыз шығынға ұшырап отырады.(2-ші кесте.)



2- ші кесте. Шойын өндірісінде жұмсалатын шикізат пен олардың қайтымсыз шығыны.

Шикізат

Қажетті материалдар көлемі, т/т агломератқа

Қайтымсыз шығын, %

Шикізатты пайдалы қолдану коэффициенті.

Агломерат

Темір рудасы

Марганец рудасы

Әктас


Металл қосындылары

Айналымды жиынды

Кокс


1,72

0,074


0,04

0,037


0,028

0,015


0,049

3

4

9



1

-

-



1

0,39

0,38


0,33

0,41


0,42

0,42


0,41

А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Сайнова Экология А.; 2003 183-187 беттер



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет