1. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001;
2. Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.- 703 с. (с.5-27).
2 апта
2 кредит сағат
№ 2 дәріс
Тақырып: Әлеуметтік экология заңдары және ағза және орта.
Дәрістің мазмұны:
1. Ағзалардың тіршілік ету орталары.
2. Экологиялық факторларға ағзалардың бейімделу қабілеті..
3. Абиотикалық факторлар:жарық, температура, ылғалдылық.
4. Биотикалық факторлар: түрішілік, түраралық.
5. Антропогендік факторлар.
Жер шарындағы алғашқы тіршіліктің пайда болуы, одан тірі организмдердің құрлыққа шығуы, топырақ түзілу процестері бәрі де тірі организмдердің жер бетінде табиғи заңдылықпен таралуына әкеп соқты. Организмдердің суда, құрлық пен әуеде, топырақта тірішілік ететін формалары келіп шықты.
Мекен ету ортасы дегеніміз – тірі ағзаны қоршайтын және оған тура немесе жанама әсер ететін табиғаттың бөлігі. Планетамыздағы тірі ағзалар 4 негізгі мекен ету ортасын игерген. Олар:
Су;
Құрлық-ауа;
Топырақ;
Тірі ағзалар.
Ағзаға қажетті немесе кері әсерін тигізетін қоршаған ортаның элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Табиғатта бұл
факторлар жеке емес, күрделі кешен түрінде әсер етеді.
Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Шөл-шөлейітті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғары темрпература, ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса, ал орман өсімдіктеріне бұл қолайсыз ортаның факторлары болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. Нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық белдемдері айқындалады.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропогендік.
Абиотикалық факторлар дегеніміз - бейорганикалық табиғаттың тірі ағзаларға тигізетін әсері.
1. Белгілі бір аймақта тіршілік ететін барлық ағзалар тобына әсер ететін климаттық немесе физикалық факторлар:
ауаның ылғалдылығы; жауын-шашынның мөлшері; ауаның температурасы; жарық мөлшері; күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері; ауа қысымы, ауаның құрамы.
Жарық, температура, ылғалдылыққа байланысты ағзалардың келесі экологиялық топтарын бөліп көрсетеміз.
Дене температурасының тұрақтылығана байланысты жануарлар:
А) Пойкилотермді (салқынқандылар);
Ә) Гомойотермді (жылықандылар).
Ылғал режиміне байланысты өсімдіктер:
А) Гигрофиттер (ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер);
Ә) Мезофиттер (ылғалы орташа жерлерде өсетін өсімдіктер);
Б) Ксерофиттер (құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер).
Ылғал режиміне байланысты жануарлар:
А) Гигрофилдер (ылғалы мол жерлерде тіршілік ететін жауарлар);
Ә) Мезофилдер (ылғалы орташа жерлерде тіршілік ететін жауарлар);
Б) Ксерофилдер (құрғақ жерлерде тіршілік ететін жауарлар).
Жарыққа байланысты өсімдіктер мынадай экологиялық топтарға жіктеледі:
А) Гелиофиттер (жарығы мол жерлерде өсетін өсімдіктер);
Ә) Сциофиттер (көлеңке жерлерде өсетін өсімдіктер);
Б) Факультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды өсімдіктер).
2. Құрлықта тіршілік ететін ағзалаларға топырақтың әсері – эдафикалық фактор:
химиялық құрам; физикалық және механикалық ерекшелігі.
3. Суда тіршілік ететін ағзалар үшін гидрологиялық факторлар:
судың тұнықтығы; күн сәулесінің түсуі; құрамы; қысымның түсуінің өзгеруі, ластануы.
4. Жер бедерінің әсері:
күн сәулесінің түсу ерекшелігі; беткейдің еңістігі, т.б.
Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір-біріне және қоршаған ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.
Оған ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тірішілікке көшуі, жыртқыш пен жемтігі, т.б. жағдайлар жатады. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі даралар арасында байқалады. Мысалы, бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, бөкендердің тірішілік үшін бір-біріне өзара әсері немесе қасқырдың бөкенге шабуылы, т.б. әсерлерді атауға болады. Түрішілік және түраралық.
Экологиялық апаттардың негізгі себептерінің бірі – ғылыми-техникалық өрлеу. Қазіргі ғылым мен техниканың құдіретін адамзат дұрыс пайдалана білгенде ғана, антропогендік экологиялық дағдарыстардың алдын алу мүмкіндігіне кең жол ашылады.
Алғашқы антропогенді экологиялық проблемалар, адамдар өмір сүретін аймақтарда өте ерте кездерде-ақ байқалған. Сол кездердің өзінде-ақ, жабайы аңдардың, өсімдіктердің түрлерінің азаюы байқалады. Кейбір ғалымдар бұл жағдайдың себебін климаттың өзгеруімен байланыстырса, ал кейбіреулері математикалық есептерге сүйене отырып, «жан-жануарлар мен өсімдіктердің қырылуына адамдар кінәлі» деген жорамалдарды айтуда.
Антропогендік факторларды биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады. Антропогендік факторлар тікелей ағзаларға және айналадағы жағдайларына да әсер ете алады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шараныңы барлық аймақтарында айқын байқалуда. Оған мысал ретінде Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтараға айналғандығына антропогендік факторлар негіз болғанын атап айтуға болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Ағзалардың тіршілік ету орталары.
2. Экологиялық факторларды ата.
3. Абиотикалық факторлар: жарық, температура, ылғалдылық.
4. Биотикалық факторлар: түрішілік, түраралық.
5. Антропогендік факторлар
6. Экологиялық факторларларға ағзалардың бейімделуі
Достарыңызбен бөлісу: |