Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



бет8/18
Дата22.08.2017
өлшемі1,16 Mb.
#24506
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Дәрістің мазмұны:


Зертханалық жұмыстар-мақсаты жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып-үйрену сабақтарында жасалады.

Сарамандық жұмыстар- мектеп бағдарламасында жеке тақырыптар бойынша міндетті сарамандық сабақ өткізу қарастырылған, олар оқулықтың соңында берілген. Сарамандық сабақтың мақсаты- химиялық эксперимент жасау, химиялық реактивтерді қолдана білу арқылы оқушылардың іскерлік дағдыларын жетілдіре түсу, пысықтай түсу және алған дағдыларын тексеру. Сарамандық жұмыстар 8-кластан бастап жүйелі түрде жүргіледі. Олардың тізбесі бағдарламада жеке тақырыптар бойынша берілген.

Эксперименттік есептер шығару- мұның зертханалық тәжірибелер мен сарамандық сабақтардан негізгі айырмашылығы оқушылар өз беттерінше орындайды. Зертханалық немесе сарамандық сабақтарды орындағанда оқушылар мұғалімнің басшылығымен жазба ережелер мен нұсқаларды пайдаланса, ал эксперименттік есептерді шығарғанда олар әрбір химиялық эксперименттің әрбір ерекшеліктерін өздері ойлап тауып, белгілі бір жоспарын жасап орындауы тиіс.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Лабораториялық жұмыстардың мақсаты.

  2. Практикалық сабақтар мақсаты.

  3. Қай уақытта эксперименттік есептер шығарылады?

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993

2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004

Дәріс № 5

Тақырыбы:

Эксперимент есептері Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы және типтері



Дәріс мақсаты:

Қарастырылатын сұрақтар:

1 Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы

2 Эксперимент есептерінің типтері

Дәрістің мазмұны:

Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтихан билеттерінің бір сұрағы экспермент есебі түрінде беріледі.

Химияның жаңа бағдарламасы мен оқулықтарында эксперимент есептеріне бұрынғыдан гөрі көбірек көңіл бөлінген. Оларда жеке тақырыптар бойынша сарамандық сабақтар, негізінен, экспермент есептері түрінде берілген. Эксперимент есептері химияны оқыту сарамандығына ХХ ғасырдың отызыншы жылдары енгізілді.

Эксперимент есептері оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Сапалық және сынақ-тәжірибелік есептердің типтері:

Сынақ-тәжірибелік есептердің негізгі типтері мынадай:


  1. Химиялық құбылыстарды байқау және оны түсіндіру;

  2. Заттарды алу;

  3. Химиялық заттарды бірінен-бірін ажырата білу;

  4. Берілген заттарда қоспаның бар екенін анықтау және затты қоспадан тазарту;

  5. Заттар мен құбылыстарды типтерге және жеке кластарға жатқыза білу;

  6. Берілген мөлшердегі ерітінділерді даярлау;

  7. Сынақ-тәжірибелік сан есептері;

  8. Химиялық аспаптарды пайдалана отырып, шығарылатын есептер.

  9. Заттардың өздеріне тән реакцияларын жасау арқылы олардың қасиеті мен құрамын анықтау.

Солардың мектепте іс жүзінде жиі қолданылатындары: химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру; заттың сапалық құрамын анықтау; затты тани білу; заттарды алу; заттарды жіктелу белгілерін табу; қоспаның құрамын анықтау және бөлу; құралдар құрастыру.

Қазіргі қолданылып жүрген бейорганикалық химия оқулығының сегіз тақырыбында берілген эксперимент есептерін типтерге бөлгенде құбылысты бақылау және түсіндіруге -6 есеп, заттың сапалық құрамын анықтауға – 5 есеп, затты тани білуге – 15 есеп, заттарды алуға – 17 есеп, заттың жіктелу белгілері немесе затқа тән реакция жасауға -8 есеп, қоспаның құрамын анықтауға және бөлуге -6 есеп бар екені байқалды.

Эксперимент есептерін шешу үшін сынау және қателесу, есте қалғаны бойынша шығару, жорамал жасау, анализ және синтез тәсілдері қолданылады. Сынау және қателесу тәсілі оқушының білімі жеткіліксіз болғанда пайдаланылады. Тиісті нәтиже алғанға дейін тәжірибені қайталап жасай береді. Есептер берілген мәліметтер оқушыға бұрыннан таныс болса, есте сақталғаны бойынша шығарылады. Берілген мәліметтер толық болмаса, оқушы алдымен жорамал жасайды, содан соң тәжірибе арқылы оның дұрыс-бұрыстығын тексереді. Эксперимент есептерін шығарудың ең тиімді кең тараған тәсілі – анализ және синтез. Оқушы есептің шартын нақтылы талду арқылы шешу жоспарын жасайды да, соған сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:

1 Эксперимент есептерінің оқу-тәрбиелік маңызы

2 Эксперимент есептері қандай типтерге жіктеледі?

3 Заттарды алу есептеріне мысал келтір.

4 Заттарды бір-бірінен ажыратып, тану есептеріне мысал келтір

Пайдаланатын әдебиеттер : Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993
Дәріс № 6

Тақырыбы: Химиялық экспериментті ұйымдастыру.

Дәріс мақсаты: Химиялық экспериментке оқытушының даярлығы.

Дәрістің мазмұны:


Химялық эксперементтің сапасы мен тиімділігі мұғалімнің даярлығы мен ұйымдастыруына және оқушылардың әзірлігімен, зертханашының көмегіне байланысты.

Мұғалімнің эксперементке дайындығы оқу-тәрбие үрдісінің міндетімен анықталады. Химияны оқытудың тиімділігі оқу материалын жоспарлаумен тығыз байланысты. Жоспарлау процессінде шешілетін міндеттер:



  • оқу процессін оптималдау, оқу материалының көлемін анықтау, сабақ кезіндегі және үй тапсырмасын іріктеу;

  • зертханалық жұмыстар мен сарамандық сабақтарға, эксперементтік және сандық есептер шығаруға уақытты бөлу;

  • оқушылардың білімі мен білігін анықтауға;

  • материалды қорытындылау мен қайталау;

Химялық эксперемент жоспарланады. Ол үшін оқу жылының басында оқу бағдарламасының перспективті жоспарында демонстрация, зертханалық тәжірибе, сарамандық сабақ, эксперементтік есептер шығару кезектілігі тақырып бойынша белгіленеді. Оқушылар меңгеретін эксперементтік білік дағдылары, кластан тыс жұмыстар кезінде бағдарламадан тыс орындалатын эксперементтің түрлері анықталады. Әр сабақты өтпестен бұрын мұғалім оқу материалына талдау жасайды, эксперементтің өтілетін мерзіміне көңіл аударады, сол уақытқа дейін қажетті оқу құралдарын, құрал-жабдықтарды даярлайды. Сабаққа даярлану сабақ типі мен қойылған дидактикалық мақсатына байланысты. Химялық эксперемент оқушының берік және терең білім алуына себепші болу үшін, қандай эксперементтік білік дағдыны меңгерту керектігі белгіленеді. Тәжірибеден алынған нәтижені дәптерге жазу үлгісінде қарастыру керек (сурет, таблица, реакция теңдеуі).

Күні бұрын әрбір демострациялық эксперементті жасап көру керек, орындау техникасына жаттығып, реактивтердің сапасына көңіл аудару керек, қажет жағдайда реактивтерді алмастырып, приборларды түзету керек.

Практикалық сабақ нәтижесі келесі сабақта қорытындыланады. Жақсы жұмыс ерекше аталып өту керек, әдемі суреттер эпидиаскоп арқылы көрсетіледі, жалпы өткен қателерді қарастырады, керек деген оқушылардан ауызша сұралады.

Эксперементтік есеп құрастырылғанда мұғалім келесі талаптарды есте сақтауы керек:



  • тапсырма химия курсы бойынша барлық материалдарды қамтуы тиіс;

  • тапсырма оқушылардың әр деңгейлі даярлығы мен даму ерекшеліктерін ескеру керек;

  • тапсырмалар білім сапасын арттыру керек;

  • тапсырманы орындау уақыты қатаң сақталуы керек;

  • тапсырма шарты нақты, анық тұжырымдалған болуы керек;


Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Химиялық зксперимент жүргізу үшін оқытушының білімі қандай болу керек?

  2. Химия кабинетінде оқытушының меңгеруге, білуге тиісті білік дағдыларын ата.

  3. Оқытушы химиялық экспериментке дейін не істеуі керек?

4 Х имия кабинеттегі шаруашылықты қалай жүргізу керек

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет