Дәрістің мазмұны:
Химиялық білімді қорытындылаудың маңызы мен міндеттері.
Қорытындылау сабақтарын өткізу методикасы.
Химиялық заңдар методикасы мен теориялар жөнінде білімді қорыту.
Химиялық реакция туралы білімді қорытылау.
Дәрістің мақсаты: Органикалық заттарды оқып- үйрену әдістемесімен танысу.
Орта мектептегі химия курсының бағдарламасы «Бейорганикалық және органикалық химия бойынша білімді қорытындылау» деген тақырыппен аяқталып келді. Бұл курстық басты- мақсаты- оқушылардың төрт жыл бойы химиядан алған білімін тереңдету және жинақтап қорыту.
Бейорганикалық және органикалық химияның қорытындылау сабақтарында, жалпы химияның негіздерін өткенде химияның маңызды теориялары жөніндегі білім қорытындыланады.
Қорытындылау сабақтары кезінде жиі қолданылатын әдістер мыналр:шолу дәрістері, дәріс- әңгімелесу, химиялық- тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу, оқушылардың баяндамалары, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс, сарамандық тәжірибелер, экспериент есептерін шығару.
Қорытындылау нәтижесінде әр элемент атомының өзіне тән электрондық құрылымы болатыны, соған сәйкес валенттілік көрсетіп, химиялық байланыстар түзетіні оқушыларға белгілі болады. Оқушылардың тағы бір түйіндейтіні әр түрлі химиялық байланыстарды түзуге электрон бұлттары және орбитальдары қатысады, олардың өзара әсерлесуінің кеңістіктегі сипатына қарай сигма жәе пи байланыстар түзіледі.
Жалпы химия курсындағы бұл тақырыптың негізгі мақсаты- оқушылардың химиялық реакциялар және оларды меңгеру жөніндегі білімдерін қайталау, тереңдету және қорытындылау.
Қорытындылау кезінде оқушылардың химиялық ұғымдарды белгілейтін терминдердің мағыналарын оқылған теориялар тұрғысынан біліп алуын да қамтамасыз ету керек. Оқушылар қышқыл ұғымының терминін төрт теорияның: атом- молекулалық, электролиттік диссоциациялану, протолиттік және электрондық теория тұрғысынан сипаттай білу дәрежесіне көтерілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |